Жамбыл облысында 5 мың тоннадан астам қалдық қайта өңделді

Жамбыл облысында 5 мың тоннадан астам қалдық қайта өңделді

Жамбыл облысында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқынды жүргізіліп жатыр. 

Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 17 қаңтардағы №21-3 шешімімен бекітілген 2030 жылға дейінгі «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасының өңірлік жоспары аясында 47 іс-шара іске асырылуда.

Бүгінгі күні «Таза Қазақстан» акциясына 25,5 мыңнан астам адам және 850 кәсіпорын мен мекеме қатысты.

Жалпы, акция аясында биыл 50 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 195 мың жасыл желек отырғызылатын болады.

2026 жылы көшелер, саябақтар мен арықтар тазартылып, 5,1 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, 28,5 мың көшет отырғызылды. Экологиялық іс-шараларға облыстың 15,4 мыңнан астам тұрғыны, сондай-ақ кәсіпорындар, мекемелер, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қалдықтарды басқару мәселесі өзекті болып қалуда. 2026 жылдың І тоқсанында 22,1 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық түзілді, оның ішінде 5 083 тоннасы қайта өңделді, бұл жалпы көлемнің 23%-ын құрайды.

Ормандарды молықтыру мақсатында 2021–2025 жылдары облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 64,1 мың гектар алаңда 122,6 млн дана көшет отырғызылып, орман өсіру жұмыстары жүргізілді.

Оның ішінде ағымдағы жылы 3,2 мың гектар алаңда 9,4 млн дана көшет отырғызылды.

Орман алқаптарын ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жалғасуда.

Сондай-ақ экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында инспекциялық қызмет тарапынан 2025 жылы 34 тексеру жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 169,5 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның 90%-ы өндірілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow