Агро саланы дамытуда агроном мамандары жетіспейді

Президент жолдауда агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға қаржының көлемі емес,  оны тиімді пайдалану маңызды екенін айтты. Қаржылай қолдаулар мен несиелер бөлу саланы алға сүйреуде әлі де жеткіліксіз екеніне тоқталды. 

Агро саланы дамытуда агроном мамандары жетіспейді

Ал елімізде агро саланы дамытуда агроном мамандары жетіспейді. «Бұлай жалғаса берсе егін егіп, астық жинау ісінде көп кедергілер кездеседі» – дейді, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ғалымдары. Сондықтан Президент тапсырмасымен құрылған жаңа оқу орнында 15 бағытта мамандар даярланады. Былтырдың өзінде 474 студент жас маман атанса, биыл 550-ге жуық талапкер оқуға қабылданған. Олар агро саланы жетік меңгеру үшін Венгрияға бір жылдық оқуға жіберіледі. Осылайша университет президент айтқандай елдегі кадр тапшылығын азайтып, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге үлес қоспақ.    

 

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өте орынды айтты. Ауыл шаруашылығында агрономдар жетіспейді. Соны біз дамытсақ па деп жатырмыз. Агроном болса біздің егістік алқаптарымыз дамитын еді. Міне, біз қазір жаңбырлатып суару дейміз, суды тиімді пайдалану дейміз соның бәрін агроном болмаса кім істейді? Сол үшін агро салада маңызды мамандық иелері саналатын агрономдарды көптеп дайындауымыз керек» – деді өз сөзінде  Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қуат Естаев.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow