Президент: «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты»

Президент: «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысты

Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды.

Маңызы зор жиында Мемлекет басшысының айтқан сөздерінен "тезисті тырнақша" терезесін ұсынамыз. 

«Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар. 

Бүгін мен еліміздегі ұстаздар қауымына шынайы ризашылығымды білдіремін! Шын мәнінде, Мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр. Ыбырай Алтынсарин «Жақсы оқытушыны бәрінен де қымбат көремін» деген. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс».

Jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow