Жамбылда өнім көлемі артып келеді
Жамбыл олысында өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім көлемі артып келеді. Жыл басындағы шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 4,5 есеге артып 63,5 млн. АҚШ долларына жетті.

Бүгінде өңір бойынша өңделген тауарларды шетелге шығару саудасы қыза түсті. Ал сыртқы сауда көлемінің өсуіне химия өнеркәсібіндегі экспорттың 9,3 есеге, тамақ өнеркәсібіндегі айналымның 128%-ға артуы себеп. Химиялық өнімдер саудасы 56,1 млн. АҚШ долларын құраса, азық-түлік арқылы 5,6 млн табыс түскен. Бұл ретте өңір өнеркәсібі саласында өсім динамикасын сақтау маңызды. Сондықтан биыл жыл аяғына дейін аймақта өңдеу көлемінің өсімін 106,5% жеткізу жоспарланған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






