Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды - деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы.
Смадияров Айбек Серікбайұлы жайлы жалпы ақпарат төмендегідей:
Білімі
1983 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, 2004 ж.)
Мансап
2005 ж. – «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Административтік департаментінің маманы
2006-2008 жж. – ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің маманы
2008-2010 жж. – ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташе, үшінші хатшысы
2010-2012 жж. – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы
2012-2013 жж. – ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы
2013-2014 жж. – ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы
2014-2018 жж. – Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші, бірінші хатшысы
2018-2019 жж. – ҚР СІМ Баспасөз қызметінің басшысы
2019-2023 жж. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Баспасөз хатшысы
2023-2025 жж. – ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі
2025 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы – Ресми өкілі
Дипломатиялық дәрежесі: IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл
Марапаттары:
Медальдар: «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметіне 25 жыл» (2017), «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметіне 30 жыл» (2022), «Халық алғысы» (2021), «Шапағат» (2022);
Төсбелгілер: «Ақпараттық жұмыстың үздігі» (2022), «Жылдың үздік баспасөз хатшысы» (2019), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы үздік баспасөз қызметі» (2022), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы үздік баспасөз қызметі» (2023)
Шет тілдері: ағылшын, түрік
Сіздің реакцияңыз қандай?