Үкімет мәдени мұраны сақтаудың кешенді жоспарын бекітті

Үкімет мәдени мұраны сақтаудың кешенді жоспарын бекітті

Қазақстан Үкіметі ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. 

Енді елімізде тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау, материалдық емес мәдени мұраны қолдау мен маман даярлауға басымдық беріледі. Сонымен қатар осы бағытта Қазақстанның халықаралық бағдарламалар мен бастамаларға қатысуына жағдай жасалады. «Демек алда Қазақстанның мәдени құндылықтарын бүкіл әлем білетін болады», - дейді археолог Дмитрий Воякин. Бүгінде Жамбыл жерінің таңбалы тастарын тастарын зерттеп жүрген ғалымның айтуынша, елімізде бар болғаны 6 нысан бүкіл әлемдік мәдени мұра тізіміне енген. Оның үшеуі мәдени, қалғаны табиғаттың төл туындысы. Бірақ бұл көрсеткіш тарихи әділеттілік тұрғыда өте аз. Сондықтан Үкімет басшысының қаулыға қол қойғаны тарихи мұраларымызды әлемге танытуға кең серпін береді. 


ДМИТРИЙ ВОЯКИН – ҰЛТТЫҚ БҮКІЛӘЛЕМДІК МҰРА КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: 
Біздің Ұлы Жібек жолымыз, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен «Тамғалы» петроглифтері бүкіл әлемдік тізімде бар. Алайда құжатта әлем бойынша 1 248 нысан  бар десек, бізден 6-ы нысанымыз ғана бар. Бұл барлық мұраның 0,3-0,4 пайызы ғана болғандықтан жер көлемі бойынша 9-шы орында тұрған еліміз үшін тым төмен көрсеткіш. Сондықтан Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи мұраларды танытуға бағытталған бұл бастамасы қолдау тапқанына қуаныштымын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow