Тараз еуропаланып келеді

Тараз қаласының орталығындағы көпқабатты үйлердің қасбеті жаңарып, қалаға жаңа көрік бере бастады.

Тараз еуропаланып келеді

Енді Төле би көшесі бойындағы 11 үйдің сыртқы сұлбасы кеңестік кезеңді еске түсірмейді.  70 жыл бұрынғы баспаналардың шатырына дейін қайта жаңғыртудан өтуі тұрғындарға тегін тарту болды.

Ал шаһардың шағын аудандарында жағдай керісінше. Көппәтерлі үйлердің жертөлесінен жағымсыз иіс шығады, ал шатырлары шұрық тесік. Жаңбыр жауған сайын су ағады. Жалпы қалада 1400 көпқабатты үй бар десек, оның 553 күрделі жөндеуді қажет етеді. Әкімдік биылға тек 53 үйдің жаңғыртпақ. 

 

«Бүгінгі күнге 8 үйдің шатыры жабылды және 8 үйдің инженерлік жүйелері жөнделді. Енді қалған ішкі әрлеу жұмыстары, сондай-ақ жалпы осы жөндеуге байланысты жұмыстар қараша айының соңына дейін аяқталуы тиіс» – деді,  Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow