Қазақстандағы 350 шақырым ақылы жол енді тегін болады

Қазақстандағы 350 шақырым ақылы жол енді тегін болады

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы.

 

Дархан Иманашевтің сөзінше, жұмыс тобы ақылы жолдарға талдау жүргізген. Нәтижесінде ақылы учаскелердің шамамен 350 шақырымында ақауы бар екені анықталып отыр. 

"Бүгінгі таңда 2000 шақырымдай жол ақылы. Олардың ішінде 350 шақырымынан ақау анықталған. Біз қаңтардан бастап бұл учаскелерді ақылы жолдар тізімінен уақытша алып тастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ алдағы құрылыс маусымында осы учаскелер жөнделеді. Жөндеу жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілгеннен кейін бұл учаскелер қайтадан ақылы болады", – деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы журналистердің сауалына берген жауабында.

Бүгінгі таңда тиісті бұйрық дайындалып жатыр. 

Айта кету керек, бұған дейін ақылы жолдардан 79 млрд теңге түскенін  болатын.

Республикалық жолдардың 93%-ы нормативтік-техникалық жағдайға сай. 

Қазақстанда 13 мың шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.

Министр биыл автомобиль жолдары бойынша 13 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылғанын атап өтті. Республикалық жолдардың 93%-ы нормативтік-техникалық жағдайға сай.

Ішкі шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарланып отыр.

"Автожолдардың тиімділігін арттырудың негізгі факторы – цифрлық шешімдер. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық төлқұжаттары қалыптастырылады. Бұл болашақта пилотсыз автокөліктерді енгізуге мүмкіндік береді", – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол диагностикасы жүргізіледі.

Жол төсемін сақтау үшін 220-ға дейін автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату жұмыстары жалғасуда. Бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында Республикалық маңызы бар жолдарда ақылы учаскелер кезең-кезеңімен енгізіледі. Бүгінде ақылы жолдарда енгізілген KazToll жүйесі арқылы 79 млрд теңге жиналды.

 

Үкімет тағы 5 шекаралық өткізу пунктін жаңғыртуды аяқтауда

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті, деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы.

Аталған мәселе Премьер-министрдің тікелей бақылауында.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталады.

Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады. Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы контурындағы барлық өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай болып, жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Көлік министрлігіне "ҚазАвтоЖол" компаниясымен бірге жұмыс қарқынын жеделдетіп, өткізу пункттерінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow