Халықтың ақшасын қара басына жаратқан

Қор құру арқылы қоғам белсендісіне айналған Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге деп жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды. Ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі жариялады.

Халықтың ақшасын қара басына жаратқан

Жұрттан жылу жинап байып алған блогердің қамалуы мен қаржысы жұрттың жағасын ұстатты. 

Қалтасына садақаны сала бергені сонша 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600", 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алған. 

Жалпы сомасы 600 млн теңге болатын елорданың премиум санаттағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ Vela Village коттедж қалашығынан үй сатып алған.

Сонымен қатар ҚМА өкілдерінің мәлімдеуінше, ел азаматтарының қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы St. Regis, Shangri-La, Palazzo Versace және Kempinski сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.

«Бұл елдерде ол Cartier және Louis Vuitton сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.

Қылмыстық схеманы іске асыру үшін достары мен туыстарына 8 пайыз сыйақы беріп, қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow