Мектеп мұғалімі 16 мың кітап оқыған

Мектеп мұғалімі 16 мың кітап оқыған

Тараз қаласында 16 мың кітап оқыған педагог тұрады. 49 жастағы Бақытжан Дүйсенбаев 17 жасынан бері кітапты үзбей оқып келеді. Бүгінде 49 жастағы азамат мектепте мұғалім.  

Базарбай Дүйсенбаев бала күнінен кітапханалар табалдырығын тоздырып келеді. Оның бос уақыты жоқ. Өйткені ол кітапты бос уақытта оқымайды, керісінше кітап бетін ашу үшін арнайы уақыт бөледі. Ал көңіліме жақын көркем әдебиет дейді. 49 жастағы педогтың 11 сыныптан бері оқыған кітабының саны бүгінде 16 мыңға жеткен. 

 

БАЗАРБАЙ ДҮЙСЕНБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «ДАРЫН» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:
Ай сайын еңбек ақымның 10% мен кітап алуға жұмсаймын. Ай сайын 10 кітап оқуға соған тырысамын. Алдыңғы қатарлы елдердің бірі мысалы Жапонияда жылына 120 кітап оқиды екен. Бұл қандай керемет! Бай адам мен кедей адамның арасындағы айырмашылық 20 кітап дейді. Ал жетістікке жеткен адам мен жетістікке жетпей құлдыраған адамның арасында 50 кітап айырмашылық бар екен. 

 

Базарбай облыстық «Дарын» лицей-интернатында 13 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Елімізде 2012 жылы алғаш рет өткен республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы. Ол кітап оқып қана қоймай, 10-ға жуық әдістемелік оқу құралын да жазған. Ал 10 жылдан бері еліміздегі ҰБТ сұрақтарын дайындауға қатысады.

 

ҚАЙСАР ҚЫРЫҚБАЙ  - ОҚУШЫ:
Базарбай Рысбайұлы ағайымыздың бізге сабақ беретін әдістемелік сабағы бізге өте қатты ұнайды. Біз әр сабақ сайын жаңадан ақпарат алып отырамыз. Сол ақпарат бізді өзіне баурап алып, тек зейініміз сабақта ғана болады.

 

Кітапқұмар ұстазбен кездескі келетін оқырмандар да көп. Тіпті құқық қорғау саласының қызметкерлері де осылай педагогпен пікірлесуге құмар. Ал белгілі ақын Хамит Есаманның пікірінше, кітап оқыған адам әлеуметтік желіге әр түрлі жағымсыз нәрсе жазбайды. Өйткені кітап оқу кемелдендіріп, адамның өзін де, сөзін де түзейді.

 

ХАМИС ЕСАМАН – АҚЫН:
Әлеуметтік желілерді ашып қалсақ та бірін бірі тілдеген, бірін бірі күндеген адамдар өте көп. Бұның барлығы менің ойымша бұл парасат биігінің сақталмауы, рухани таяздықтан.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде кітап оқуды насихаттау, қоғамды кітап оқуға үндеуге, тәрбиелеуге бағыт-бағдар болмақ. 

 

Ал жақсы шығармадан жан тыныштығын табатын кейіпкеріміз енді 2-3 жылда оқыған кітап санын 20 мыңға жеткізуді жоспарлапты. Айта кетейік, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Мағауин 20 жасында әлем әдебиетін түгел тауысқан. Ал Асқар Сүлейменов 11-ші сыныбында-ақ 15 мың кітап оқыған.

 

Қуаныш Арыстанбек, jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow