Басты бетЕЛ ІШІ

РЕСЕЙЛІК АЗАМАТ ТАРАЗДАН ТАБЫЛҒАН ҚҰМЫРАНЫ ҚАЙТАРЫП БЕРДІ

Тараздың бұрынғы тұрғыны өз ауласынан 9-10-шы ғасырға жататын қыш құмыра тауып алды. Көне заманның көзі саналатын жәдігер аяқ астында жатпасы анық. Десек те, Андрей есімді азаматқа табыла кеткені бар ма. Мұны «жүргенге жөргем ілінеді» деп жорысақ қалай?.) Андрей Мостовщиков есімді оны облыс орталығындағы музейге қайтару үшін Омск қаласынан арнайы келген. «Құнды құмыра үшін құн сұрамай Қазақстанға келіп, артынша ілезде Ресейге кетті» дейді облыстық өлкетану музейінің басшылығы. 54 жастағы Мостовщиков мырза тарих үшін таптырмас дүние саналатын жәдігерді қаладағы жер телімін сатпақ болған кезде табады. Былтыр күзде әкесінен мұра боп қалған үй-жайын ретке келтіріп, бақшасын қазып жатқанда көне жәдігер көзге оттай басылады. Алайда, шұғыл шаруалары шығып қалып Ресей асып кетеді. Тек осы жолы ғана орайы келіп Омск тұрғыны туған жеріне қайтады. Ал, музей мамандары бұл құмыраны соғдылар пайдаланған деп отыр.

Нұрзат ӘМІРБЕК, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Тараз қаласы Төле би көшесі бойында табылған екен. Мұны ғалымдар 9-10 ғасырға жатқызып отыр. Яғни, Соғды дәуірі, солардың құмырасы. Ол сол кездегі жүзім шырынын, не болмаса сүт тағамдарын құюға арналған құмыра деп ғалымдар есептеп отыр. Ол құмыраның ұзындығы 30 см, ені 15-17 см және де бұл қыш құмыраға жатқызылады.

Ал, желідегі ағайын «сопиған құмыраны соғдылар пайдаланды деу тарихи бұрмалау болады» деп бұлқан талқан. Өйткені, мұны Таразды соғдылар салды деуге әкелетін әңгіме деп санайды. Мәселен, «Фейсбук» желісін қолданушының бірі Нұрлыбек Досымбетов: «Біздің ортағасырлық қалаларды соғдылар салды деген жаңсақ пікірді аластау керек. Соғды емес түрік немесе түркілер» деп пікір білдірген. 45 мыңнан аса тарихи жәдігері бар облыстық музейге қайтарылған құмарада жазық жоқ әрине. Ал, оны нақты кімнің пайдаланғаны айтылмай ақжолтай жаңалықтың арты үлкен дауға айналмаса болғаны.

Тегтер

Related Articles

Бір пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close