«Baby Skills Merke» байқауы өтті

Жамбыл облысы №9 Меркі колледжінде балалар арасында «Baby Skills» облыстық байқауы өтті. 5 жастағы бүлдіршіндердің сайысы робототехника мен аспаздық өнер бойынша өрбіді. 

«Baby Skills Merke» байқауы өтті

Оған аудандағы 13 балабақшаның 26 тәрбиеленушісі қатысты. Ұлдар жағы заманауи роботтарды игерудегі икемдерін көрсетсе, қыз балалар жеңіл тағамдар мен жеңсік ас жасап жарысты.

Техника тілін меңгеруге тырысқан өрендер темір құрылғыларды кедергілер арқылы жүргізіп, арнайы бағыттары бойынша басқарды. Ал кішкентай аспаздар әр тағамды небәрі 3 минутта әзірлеуге тырысты.

«Мен бургер мен кекс жасадым, сосын тәттілер жасадым. Мен бургерге бірінші майонез бен кетчуп құйдым. Содан кейін барып қызанақ қойдым. Кекске бірінші крем жақтым. Маған өте ұнады. Жарыс өте күшті болды» – деді  ІІ орын иегері Асылым Жолдас.  

 

«Біздің жаңа досымыз робот Ботли. Ол өте кішкентай болса да өте ақылды. Ботли бізге бағыт сілтеп, жолды табуға көмектеседі. Біз оған командалар береміз. Ботлимен ойнау арқылы біз қалай ойлануды, қалай дұрыс бағыттануды үйренеміз» – деді байқауға қатысушы Шыңғыс Бауыржан. 

 

Колледж ұжымы бұл байқауды бірінші рет ұйымдастырып отыр. Бұған дейін студенттер арасында агро техникаларды жүргізу, жер жырту сайысын өткізген. Енді балаларға арналған бағыттағы жарыстарды жиі өткізу арқылы өңір өрендерін жаңа қырынан дамытуға ден қоймақ.

«Осындай байқаулар арқылы біз балаларды еңбектің қадірін түсінуге, өз ісін сүйе білуге тәрбиелейміз. Бүлдіршіндердің қызығушылығын оятады. Сондықтан олар болашақта робототехника саласының мықты мамандары болуы мүмкін. Осы байқау арқылы олар өздерінің армандарына жол ашады» – деп отыр №9 Меркі колледжінің өндірістік оқыту шебері Әлия Әліқұлова.

 

Қуаныш Арыстанбек - Jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow