Басты бетБЫЛАЙША АЙТҚАНДАЕЛ ІШІЗАҢ СӨЙЛЕСІНҮЛКЕН СҰРАҚХАЛЫҚТАН ХАТ

ЖАМБЫЛДАҒЫ ЖАРЫЛЫС: БИЛІК БЕС ПӘТЕРДІҢ ИЕСІН ТАППАЙ ЖАТЫР. ӨЛГЕНДІ «ТІРІЛТТІ», ТІРІНІ «ӨЛТІРДІ»

Жарылыстан кейінгі жағдай

Билік бес пәтердің қожайынына іздеу салып отыр. Ол жайында сәл кейінірек. Бүгін Таразда болған жарылыста қаза тапқан 23 жастағы тұрғын жер қойнына тапсырылды. Оған облыс әкімі де қатысып, марқұмды соңғы сапарға шығарып салды. Қалған екеуі ертең жерленбек.  Ал, ауруханаға тағы бір адам тобық жарақатымен түсті. Қазір емделіп жатқандар саны 4-ге жетті. Дегенмен денесінің 50 % күйік шалған қария мен тағы бір қыз баланың жағдайын дәрігерлер ауыр деді. Қалғандары қалыпты деп отыр. Ал, билік бес пәтердің қожайынына іздеу салады. Өйткені, олардың оқыс оқиғадан бейхабар болуы мүмкін екені айтылды. Пәтер қожайындары әлі күнге жарылыстан кейін жағдайын айтып қайырылмаған. Өзге тұрғындар қираған баспаналарында қайта тұрғысы жоқ. Сондықтан, жергілікті биліктің жөндеу жұмыстарын жүргізгеніне наразы. Жылап-сықтаған жұрттың ауланың алды қоршалғанынан мазасы қашты.  Олар адам шығыны болған үйге аттап баспайтындарын айтып, №62-ші үйдің сүрілгенін қалайды. Қопарылыстан қираған пәтерлер қалпына келгенімен құрылысы қауіпті болады деп шу шығарды. Өз үйін 15 жылға ипотекаға алған Мадина Абдуанова ай сайын 42 мың теңге төлеп тұрады. Бүгінде тек 6 жылын ғана жауыпты. 3 баласы бар ана үшінші қабаттағы 54-ші пәтердің тұрғыны. Ол қираған үйге қайта кірмейтінін айтып көз жасына ерік берді.

«Ипотекалық несиеге алған үйім. Осыны қайтадан соғып береміз бір айдан кейін келіп тұрасыңдар дейді. Керек жоқ ондай үй бізге. Оданша далада киіз үйде тұрайық. Не газды келіп тексермейді. 700 теңге алады ай сайын ұялмай. Сөйтеді де газдан ақау дейді. Кімнен кінә? Өтіріктен тұрғындардан деп қояды. Менің балаларым өлген адамдарды көрді. Олар бұл үйде қалай тұрады? Соғатын болса сол соққыштардың өздері келіп тұрсын» дейді Мадина.

Ал, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов үйдің жөндеуге жарамды екенін айтып, кейін ресми сұқбатында тоқсан градусқа тайқып шықты. Басқаша баяндалғаны былай:

«Прокуратура тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Жөндеу-жөндемеу мәселесімен шешім қабылданатын болады. Комиссияның қортындысы 1 аптадан соң дайын болады. Бүгінгі таңда бізге хабарласпаған 5 тұрғын үй иелерінің хабарласып, өздерінің не нәрсеге мұқтаж, мұқтаж еместігі туралы мәлімет берсе деп едік. Уақытша көшірілген тұрғындар бүгінгі таңда ыстық су мен медициналық жәрдемдермен қамтылған» – деді кіші әкім Бейсенбек Жанбосынов.

Еске салайын, кеше таңға жуық 9-шы «Мыңбұлақ» шағын ауданында жойқын жарылыс болды. Дүйім елді дүрліктірген дүмпуден №62 үйдің ортасындағы отыз пәтердің күллі көкке ұшты. Бастапқы болжам бойынша апат табиғи газ құбырының ақауынан деп айтылды. Алайда… Алайда бұл нұсқа көпшіліктің көңіліне күдік ұялатып отыр. Ал, анығы алдағы күндері айтылып қалар. Қазір қираған үйдің жағдайын комиссия жіті тексеріп жатыр. Қиранды үйдің қалпына келуі  ғажап емес. Уақыт көрсетеді.

 ӨЛГЕНДІ «ТІРІЛТТІ», ТІРІНІ «ӨЛТІРДІ»

Ендігі қызықты қараңыз. Қызық деуге келе қоймас. Атқамінерлер таратқан ақпарат жалған болып шықты. Қайтыс болды деген 32 жастағы Аида Төлегенова тірі  екен.  Оны 18 жастағы Айжан Арапбекпен шатастырып алған. Марқұм болған Айжан бұған дейін тірілердің санатында болып, “ауруxанада ем алған”. Алайда науқас Айжан емес Аида екен.    Оның қаза болғандардың қатарында жоқ екені жайлы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова айтып берді. Себебі екеуінің дене пішіндері ұқсас болғандықтан, жарақаттарынан жазбай тану мүмкін болмапты. Қазір періштесі қағып аман қалған Аида ашық бас-ми жарақаты бойынша облыстық ауруханада жатыр. Ақ желеңділер жағдайын ауыр деп айтып отыр.

Тынбай жұмыс істеген тәртіп сақшылары 90 пәтердің тұрғындарын түгендеп шыққан. Нәтижесінде, 300-ге жуық тұрғыны бар 62-ші үй адамдарының нақты қай пәтерде тұратыны анықталған. Ал, қалалық әкімдік қызметкерлері 5 пәтердің иесін неге таппай жүргені түсініксіз.

Дарина Ілияс

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close