OWN STYLEБасты бетБИЛІК ПЕН БИЗНЕС

КЕШЕГІ ЖАС ЖАУЫНГЕРЛЕР БҮГІНДЕ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМЫЗ! АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!

Біздің соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне деген құрметіміз қашанда биік болған. Кешегі жер мен елді қорғаған жас жауынгерлер бүгінде қазыналы қарттарымыз. Олар майдан даласында қанды жылдар мен қилы ұрыстарды өткізді. Отан үшін от пен оқтың ортасында болған ардагерлерімізді ардақтау бойынша ізг істеріміз артпаса, азайған емес. «Nur Otan» партиясы жыл сайын соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, сияпат жасап келеді.
🌟 Жеңістің 75 жылдығына орай партия Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласындағы ардагерлердің үйін аралап, сый-сияпат табыстады. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қанды соғысқа қатысқан қарияларға құрмет көрсеттік. Мақсатымыз – сұрапыл соғыста жан аямай жеңісті жақындатқан жандарға ұрпақ алғысын жеткізіп, ерлік естеліктерін еске алу. Береке мен бейбіт күн орнатуға асыққан оғыландардың от пен оқ кешкен жылдарын ұмытпай, оны бүгінгі ұрпаққа барынша насихаттап, олардың отансүйгіштік қасиетін ояту.
🌟 «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Тараз қаласы бойынша «Biz birgemiz – Jambyl Oblysy» қоры арқылы 33 ҰОС ардагері, 45 тыл еңбеккері 50 мың теңге алды. Сондай-ақ, ол қаржылай қолдау 267 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге берілді. Бүгінде қала бойынша барлық ардагерлерге бағытталған атаулы әлеуметтік көмек (50 мың теңге) бойынша берілген қаржы көлемі 17 250 000 теңгені құрады.
🌟 Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша 57 ардагер бар десек, олардың барлығы партия тарапынан құттықталып, «Жеңістің 75 жылдығы» мерекелік медальдары табыс етілді. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің құттықтау хаты әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы табысталып, көлемді азық-түлік себеті берілді.
🌟 Бүгінде партия тарапынан #Qaharman және #жеңіс_есімдері хэчтегтері арқылы соғыс кейіпкерлері саналатын ардагерлер жайлы құнды есткеліктер мен ерліктері жайлы жазбалар жиынтығы әлеуметтік желілер арқылы жиі жарияланып жатқанын білесіздер. Егер сіздің отбасыңызда 2-ші дүние жүзілік соғысқа қатысқан аталарыңыз бен әжелеріңіз болса олар жайлы, ол кісілердің ерліктері жайлы естеліктер жазыңыздар. Және осы хечтегтерді қоюды ұмытпаңыздар. Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
©️ Балабек Нарбаев, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары

ДАНИЯР АЛИМКУЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close