OWN STYLEӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІБасты бетБИЛІК ПЕН БИЗНЕС

Қала әкімі соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Ардақты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлер!
Құрметті Тараздықтар!
Бүгін батырлық пен жанқиярлық ерліктің, бірлік пен тату тірліктің мерекесі – Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр.Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Аға ұрпақтың жеңісі мен бүгінгі біздің жетістігіміз – бір-бірімен тығыз байланысты. Егер аға буынның ерлігі болмағанда, біз мұндай мемлекет құра алмас едік. Бұл сұрапыл соғысқа 1 миллион 800 мың Қазақстандық аттанып, соның тең жартысы қан майданнан қайтпады.
Миллиондаған адам «бәрі майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп бел шешпей еңбек етті.
Қасіреті мол соғыс оты әрбір шаңыраққа тиіп, өшпес дақ қалдырды. Тараз жерінен майданға 120 мыңнан астам адам аттанды. Олардың жартысынан көбіне туған жерден топырақ бұйырмады.
Батырлық пен ерлікті ту еткен 39 жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атанды. 9 жерлесіміз «Даңқ» орденінің иегері болды. Аға буынның абыройлы ісі жас ұрпақ үшін мәңгі үлгі болып қала бермек.
Бүгін қасымызда жүрген соғыс ардагерлері – бiздiң мақтанышымыз. Олар – Отан қорғау жолындағы нағыз патриотизмнiң үлгiсi. Аға буын жастарды тәрбиелеп, еліміздің өсіп-өркендеуі үшiн атсалысты. Ардагерлерге барынша қамқорлық жасау – бiздiң қасиеттi борышымыз.
Құрметті қауым!
Ардақты ардагерлер!
Бүгінгі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақытты ғұмыр, отбасыларыңызға ырыс-береке тілеймін! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болып, Отанымыз гүлдене берсін! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Тараз қаласының әкімі А.Қарабалаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close