Басты бетБЫЛАЙША АЙТҚАНДАЕЛ ІШІЖАҢАЛЫҚТАРЗАҢ СӨЙЛЕСІНҚОҒАМҮЛКЕН СҰРАҚ

ЗАҢ ҮЙРЕТКЕН БЕ?.. ЗАР ИЛЕТКЕН БЕ?.. ЖАМБЫЛДА  ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАНДАЙ ҚЫЛМЫСТАР ЖАСАҒАН?..

Тәртібің қалай, тәртіп сақшысы?!

Балық басынан шірімеу керек. Бас тақырыпта бергеніміздей тәртібінен жаңылған тәртіп сақшылары қанша  рет құқық бұзған?..  Заң үйреткен бе? Зар илеткен бе? Олардың темірдей тәртіпке бағынуы мен теріс қылықтары жайлы сандарды сөйлетіп, сөз қозғайтын боламыз.  Бұл мәселеге бас партия да баса назар аударып отыр.    Таразда «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткен еді. Онда құзырлы орын басшылары жұмыс барысында полицейлер жол берген жаға ұстатарлық әрекеттерді жайып салды.  Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Р. Құрымбаевтың сөзіне сүйенсек, қылмыстың өтеуі жаза болған.  Кеткен кемшіліктері мен әшкере болған әрекеттеріне  сай «сазайын тартқандардың» санын алдық.

 Қоғамдық кеңес отырысында Жамбыл облыстық Полиция  департаментінің, оның аумақтық органдары мен бағынысты мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы да сөз болды. Жамбыл облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының 2017-2019 жылдарда жергілікті полицейлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары да айтылмай қалмады. Сонымен жылдарды жіліктеп, сандарын саралап көрелік.

2017 ЖЫЛЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫС

2017 жылы Жамбыл облысы полиция қызметкерлерімен 21 қылмыс жасалынған. Оның ішінде 14 сыбайлас жемқорлық сипатындағы істер. Қылмыстық жауапкершілікке 21 қызметкерлер тартылып, артынан сотталған. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасағаны үшін 17 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылған. Жамбыл облысы ПД өзіндік қауіпсіздік күшімен 13 қылмыс әшкереленген, оның ішінде 5 қылмыстық іс сыбайлас жемқорлық сипатындағы. 2017 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50 бабына сәйкес, Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін Жамбыл облысы ПД-нің 77 полиция қызметкері тәртіптік жазаға тартылған. 2017 жылы Жамбыл облысы ПД тәртіптік комиссиясының 50 отырысы өткізілген, ол жерде полиция қызметкерлеріне қатысты 77 қызметтік тексеру құжаттары қаралып, тәртіптік комиссиясының шешімімен 31 полиция қызметкері ішкі істер органдарынан теріс қылықтармен шығарылған. Сондай-ақ,  16 қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылып, 135 қызметкер қызметіне толық сәйкес келмеуі туралы ескертілген, қалғаны тәртіптік жазаға тартылған.

2018 ЖЫЛЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫС

2018 жылдың қорытындысымен, Жамбыл облысы полиция қызметкерлерімен 14 қылмыс жасалынған. Оның ішінде 9 сыбайлас жемқорлық сипатындағы істер. Қылмыстық жауапкершілікке 19 қызметкерлер тартылып, артынан сотталған. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасағаны үшін 12 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылған. Жамбыл облысы ПД өзіндік қауіпсіздік күшімен 9 қылмыс әшкереленген, оның ішінде 4 қылмыстық іс сыбайлас жемқорлық сипатында.

2018 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50 бабына сәйкес, Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін Жамбыл облысы ПД-нің 53 полиция қызметкері тәртіптік жазаға тартылған. Оның ішінде үшеуі теріс қылықтармен ішкі істер органдарынан шығарылған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимал туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2019 жылы Жамбыл облысы ПД бөліністерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2 рет ішкі талдау жүргізілген.

2019 ЖЫЛЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫС

2019 жылдың қорытындысымен, Жамбыл облысы полиция қызметкерлерімен 17 қылмыс жасалынды, оның ішінде 12 сыбайлас жемқорлық сипатындағы істер. Қылмыстық жауапкершілікке 21 қызметкерлер тартылып, артынан сотталған. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасағаны үшін 16 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылған. Жамбыл облысы ПД өзіндік қауіпсіздік күшімен 9 қылмыс әшкереленген, оның ішінде 4 қылмыстық іс сыбайлас жемқорлық сипатындағы.

2019 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50 бабына сәйкес, Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін Жамбыл облысы ПД-нің 18 полиция қызметкері тәртіптік жазаға тартылған, оның ішінде төртеуі (Т.Рысқұлов АПБ УПИ Б.Садибеков Б., Тараз қалалық ПБ жедел уәкілі Н.Маталиев, Тараз қалалық ПБ ЖПП инспекторлары Н.Накысбек  және  Б.Байсеитов) теріс қылықтармен ішкі істер органдарынан шығарылған.

2019 жылы Жамбыл облысы ПД тәртіптік комиссиясының 34 отырысы өткізілген, ол жерде полиция қызметкерлеріне қатысты 58 қызметтік тексеру құжаттары қаралып, тәртіптік комиссиясының шешімімен 49 полиция қызметкері ішкі істер органдарынан теріс қылықтармен шығарылған, 16 қызмет атқарып отырған лауазымынан босатылып, 50 қызметкер қызметіне толық сәйкес келмеуі туралы ескертілген, қалғаны тәртіптік жазаға тартылған. Осы  жылы барлық 17 қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 33 басшылық құрам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.  (атқарып отырған лауазымынан босатылғандар – 9, қызметіне толық сәйкес келмеуі туралы ескертілгендер – 12, қатаң сөгіс жарияланғандар – 12)

Р.S: Жамбылда жыл басынан 400 аса рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде полиция қызметкерлерінің тарапынан 240 әр-түрлі бұзушылық деректер анықталған, оның ішінде жол жүру ережесін бұзғаны үшін 121 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Қазіргі уақытта еліміз  бойынша ішкі істер министрілігінің біріңғай 1402 санды сенім телефон жүйесі жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшыларының теріс қылықтары жайлы, жемқорлыққа жол бергені жөніндегі деректерді бөлісіп, хабарлауға болады. Балық басынан шірімеу керек.

 

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close