500 түп ағаш егілді
Еліміздегі ең жасыл қала саналатын Таразда «Tаза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш егу қарқынды жүріп жатыр. Бұл жолы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ауласына 500 түп ағаш егілді.
«Әділет» партиясының аймақтық филиалы бастаған белсенділер университет ауласы алдынан ашылған жаңа саябақты жасыл желекке айналдыруға барын салды. Мәжіліс депутаттары да жер қопсытып, жеміс ағаштарын екті. Сондай-ақ сәндік ағаштар саналатын қарағай, ақ үйеңкі, айва, туя мен сирень көшеттері де егілді. Студенттер жатақханасының айналасы да көгалдандырылды. Жалпы Таразда сәуір айында «Жасыл белдеу» жоспары бойынша 10 мың түп ағаш егілді. Енді дәл осындай көлемде көшет отырғызу күзге қарай жалғасады.
МҰҚАШ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Қазір қалада 1 мың ағаш отырғызып жатыр. Жаңа онкологиялық облыстық аурухананың қасында да ектік. Енді мұның бәрі не үшін керек? Елімізді көркейтуге, еліміздегі тазалықты сақтауға, көгалдандыруға қосып жатқан үлес. Қоршаған ортаны қорғау өзіміздің жаңа Конституция, Ата заңымызға кіргеннен кейін менің ойымша осындай іс, шаралар жыл бойы өтуі керек.
Сіздің реакцияңыз қандай?