Қазақстан экономикасы дамыған 50 елдің қатарына енді
Қазақстан 2026 жылы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі бойынша әлемдегі экономикасы дамыған 50 елдің қатарына енді, - деп хабарлайды jambylmedia.kz тілшісі.
Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2026 жылы әлемдік экономиканың көлемі 123,6 триллион долларға жетеді.
АҚШ экономикасы 31,8 триллион долларға дейін өседі деп күтіледі, ал Қытайдың ЖІӨ-і 20,7 триллион долларға жетпек. 2021 жылдан бері АҚШ пен Қытай өз экономикаларының жалпы көлемін тиісінше шамамен 9 триллион және 4 триллион долларға ұлғайтқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?