Жамбылдағы экономикалық және экологиялық қауіпсіздік

Жамбылдағы экономикалық және экологиялық қауіпсіздік

Экономикалық өсім мен жетістік қоршаған ортаға зиянсыз болса ғана ұзақ мерзімді перспективаға жатады. Яғни экологиялық қауіпсіздік қашанда бірінші орында. Экология ол табиғат, елді мекен және халық саулығының ажырамас бөлігі, айнымас шынжыры. Бұл мақсатта аймақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында сұрыптау станцияларын салу жоспары қандай?

 

Қоқысты шығару үшін арнайы техниканы сатып алу: 2023 жылы – 4, 2024 жылы – 6, 2025 жылы – 6.

Оларды бөлек жинауға арналған контейнерлер: 2022 жылы – 598, 2023 жылы – 782, 2024 жылы – 800, 2025 жылы – 1080 дана.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында сұрыптау станцияларын салу: 2024 жылы – 3.

 

Ағаш егуге арналған жоспар

 

Жамбыл облысының ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың 2023 жылға арналған Кешенді жоспарына сәйкес 15,6 мың га.  (28,9 млн. дана сексеуіл, 2,6 млн.дана қарағаш), 2024 жылы 16,9 мың га         (32,02 млн. дана сексеуіл, 2,7 млн. дана қарағаш) және 2025 жылға қарай                  18,6 мың га (36,8 млн. дана сексеуіл, 2,7 млн. дана қарағаш).

Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 2023 жылға қарай 336,0 млн.теңге, 2024 жылға қарай                        294,0 млн. теңге, 2025 жылға қарай 308,7 млн. теңге көзделген.

 

 

Құбыр тарту қалай іске асады?

 

«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-фаза»                   (ПУИД-2) халықаралық жобасын алаңында іске асыру есебінен ауыл шаруашылығында судың өнімсіз ысырабын азайтуды 15,2 мың га суармалы жерге дейін азайту.

Жалпы ұзындығы 212 км-ден асатын магистральдық және ирригациялық арналардың таратқыштарын қайта жаңарту.

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің қарызы есебінен жалпы ауданы 51,0 мың га (1 271шқ) су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру.

Суды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру және суармалы жерлердің 30%-ын суаруды суды үнемдейтін технологияларға көшіру.

Ауыл шаруашылығында су шығынын 50%-ға дейін төмендету.

Дәстүрлі және жаңа БАҚ-та жарияланымдар арқылы экологиялық білім беру және ағарту жөніндегі медиа-жоспарды іске асыру, жергілікті деңгейде іс-шаралар, акциялар өткізу;

Экологиялық құндылықтарды нығайту үшін «Birge-Taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі негізде өткізу.

   

 

Бюджет қаражаты бойынша шығыстар 2023-2025 жылдарға арналған бекітілген үш жылдық бюджетке сәйкес көрсетілген.

         Шығыстардың барлық сомалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануы ескеріле отырып түзетілетін болады.

       Алдын ала есептеулер бойынша облыс аумағын дамыту Бағдарламасын іске асыру үшін қаржы ресурстарының жалпы көлемі 1 520,6 млрд. теңгені құрайды.   

 

 

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаубойынша қанша қаржы, қандай жоспар түзілген? Қолдағы мәлімет бойынша нақты тарқатсақ төмендегідей:

 

Полиция департаментінің қызметкерлерін қызметтік автокөлікпен, әскери мақсаттағы және азаматтық қорғаудың арнайы құралдарымен,                   алып жүретін, автомобиль және стационарлық радиостанциялармен, видеофиксациялайтын жылдамдық өлшеуіштерімен, «АвтоСканНар» мобильді, «Автоураган» стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешендерімен, мобильді планшеттер және термопринтер жинақтарымен қамтамасыз ету.

МЖӘ шеңберінде Тараз қаласында 1250 бейнебақылау камерасын сатып алу.

2022-2023 жылдары Қордай (150 адамға), Сортөбе (75 адамға) ауылдарында полиция бөлімінің әкімшілік ғимараттарының құрылысы аяқталу сатысында.

2025 жылға 5 өрт сөндіру депосына күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде 2022-2023 ж.ж. – 1 (Қордай ауданы, Қордай а.), 2024 ж. - 1 (Қордай ауданы, Сортөбе а.), 2025 ж. - 3 ( Байзақ ауданы Түймекент а., Қордай ауданы Сарыбулақ а., Меркі ауданы  Андас Батыр а.) жоспарланған.

3 өрт сөндіру бекетіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 2021-2022 жж. - 1 (Тараз қ. өрт сөндіру бөлімдерін техникалық қамтамасыз ету бөлімі), 2023-2024 жылдары – 2 (Тараз қ. мамандырылған өрт сөндіру бөлімі, Шу ауданы Төле би а. өрт сөндіру бөлімі).

2025 жылға дейін шалғайдағы елді мекендерде 13 өрт сөндіру бекетін кезең-кезеңімен құру, оның ішінде көшпелі өрт сөндіру техникасы мен жабдығын, тұрмыстық және орманды дала өрттерін сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жауынгерлік киім мен жарақтар сатып алу, оның ішінде:

2021 жылы – 3 бекет (Қордай ауданы Үлкен Сұлутор ауылы, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы, Байзақ ауданы Кеңес ауылы), 2022 жылы – 3 бекет (Жуалы ауданы Ақтөбе ауылы, Талас ауданы Ойық ауылы, Шу ауданы Мойынқұм ауылы), 2023 жылы – 3 бекет (Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылы, Талас ауданы Майтөбе, Жамбыл ауданы Өрнек ауылы), 2024 жылы – 1 бекет (Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы), 2025 жылы-3 бекет (Қордай ауданы Аухатты ауылы, Талас ауданы Үшарал ауылы, Сарысу ауданы Тоғызкент ауылы);

2025 жылға дейін ҚР ТЖМ 2021-2023 жылдарға арналған аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандырудың Жол картасына сәйкес құтқару бөлімшелері үшін өрт және авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын сатып алу және 657 бірлік техника мен авариялық-құтқару жабдығын (техника – 34 бірлік, өрт – техникалық және құтқару жабдықтары –215 бірлік, жабдық пен жарақ – 408 бірлік) сатып алу арқылы қамтамасыз ету деңгейін 88,9% - ға дейін жеткізу. Оның ішінде 2021 жылы – 12 бірлік (техника – 6 бірлік, өрт – техникалық және құтқару жабдықтары – 4 бірлік, арнайы жарақ-2 бірлік ), 2022 жылы-14 бірлік (техника-7 бірлік, өрт – техникалық және құтқару жабдықтары – 3 бірлік, жабдық пен жарақ – 4 бірлік ), 2023 жылы – 11 бірлік (техника – 6 бірлік, өрт – техникалық және құтқару жабдықтары – 3 бірлік, жабдық пен жарақ – 2 бірлік), 2024 жылы – 110 бірлік (техника – 5 бірлік, өрт – техникалық және құтқару жабдықтары – 5 бірлік, жабдық пен жарақ – 100 бірлік), 2025 жылы – 510 бірлік (техника – 10 бірлік, өрт – техникалық және құтқару жабдықтары – 200 бірлік, жабдық пен жарақ – 300).

2021 - 2023 ж.ж. Байзақ, Жамбыл аудандарында және Тараз қаласында Талас өзенінің арнасы бойынша су тасқынына қарсы, жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу (25,022 шқ), оның ішінде                         2021-2022 г.г. Тараз қаласының шегінде – 7 учаске (8,150 шқ); Жамбыл ауданы – 4 учаске (9,535 шқ), 2023 жылы Байзақ ауданы - 10 учаске                     (7,337 шқ);

2025 жылға дейін халықты хабардар ету үшін 50 бірлік дабыл-сөйлеу құрылғыларын сатып алу. 2024 жылы – 15 бірлік (Жуалы ауданы – 1 бірлік, Қордай ауданы – 2 бірлік, Меркі ауданы – 1 бірлік, Мойынқұм ауданы – 4 бірлік, Сарысу ауданы – 2 бірлік, Талас ауданы – 3 бірлік, Т. Рысқұлов ауданы – 1 бірлік, Шу ауданы – 1 бірлік), 2025 жылы – 35 бірлік (Байзақ ауданы – 2 бірлік, Жамбыл ауданы – 3 бірлік, Жуалы ауданы – 5 бірлік, Қордай ауданы – 5 бірлік, Сарысу ауданы – 3 бірлік, Талас ауданы – 6 бірлік, Рысқұлов ауданы – 6 бірлік, Шу ауданы – 5 бірлік).

Жалпы Жамбыл облысында алдағы үш жылда 25 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтитын 3300 жоба іске асырылмақ. Олардың ішінде жылыжай салу, спорт және мәдениет нысандарын салу, аурухана мен мектептерді жөндеу, ауыл шаруашылық нысандарын ашу, ауыз сумен қамту жобаларын іске асыру сынды шаруалар бар. Бұл жайлы облыс әкімдігі хабардар етті.

 

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтың айтуынша, аймақтың арнайы даму жоспары бекітіліп, негізінен үш бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

 

"Үш бағыт мынадай: жеке инвестициялық жобалар, бюджеттік жобалар және жұмыспен қамту. Даму жоспарының мақсаты – бюджеттік және бюджеттен тыс инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске қосып, аймақ халқының, соның ішінде ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту, тұрмысын түзеп, табысын арттыру", - дейді әкім орынбасары.

 

2025 жылы Жамбыл облысының 153 ауылы мен 4 қаласында құны 2,16 трлн. теңгені болатын 1193 жоба іске асыру жоспарланып отыр. Негізінен ауыл шаруашылық пен өнеркәсіп салалары бойынша жобалар. Әкімдіктің дерегінше, бұл жобаларды іске қосу арқылы 14 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде 12,7 мыңы тұрақты жұмыс орны болса, 1200 адам уақытша жұмысқа орналаспақ. 421 жылыжай салынып, 10 бағытта агроөнеркәсіп кешені дамымақ. Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 10 пайызға артып, еңбек өнімділігі 2,7 пайыздай көбеймек.

 

Жоғарыда бюджет қаражатынан тыс жобалар айтылды. Ал 2025 жылға дейін бюджет қаражаты есебінен Жамбыл облысында құны 624,3 млрд. теңге болатын 2 130 жоба іске аспақ. Соның нәтижесінде 11 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

 

Аймақты дамыту жоспарына сәйкес, 92 білім беру нысаны құрылысы жүргізіліп, тағы 123 мектеп пен балабақшаның ғимаратына күрделі жөндеу жасалады. Денсаулық сақтау саласынан 95 нысанның құрылысы салынып, тағы 23 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасына 20 білім беру нысанының, "Ауылды жерлердегі денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасына 30 денсаулық сақтау нысанының құрылысы ұсынылған.

 

Мәдениет пен спорт саласында 63 нысанның құрылысы жүргізілмек. Атап айтқанда 23 мәдениет үйі салынып, тағы 24 мәдениет ғимараты жөнделеді. 37 спорт нысаны салынып, 9 нысанға күрделі жөндеу жүргізіледі. 13 спорт алаңшасы пайдалануға берілмек.

 

2025 жылға дейінгі Даму жоспары аясында 7 мыңнан аса отбасына баспана беру көзделген. Жер үй салуға инженерлік-инфрақұрылым тартылып, 14 мыңнан аса жер телімі дайындалады.

 

"2025 жылға дейін өңірдегі 371 елдімекен толықтай ауызсумен қамтылып, 98 пайыздан астамына табиғи газ қосылады. 73 млрд теңгеге аудандық жолдар жөнделеді. Соның арқасында жолдың 99,5 пайызы қанағаттанарлық деңгейге жетеді", - деп атап өтті аймақ басшысы.

 

Даму жоспарының үшінші бағыты "Жұмыспен қамту" бойынша 2025 жылға дейін 84 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 28 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орны болмақ.

 

"Ең алдымен тұрақты жұмыс орындарын ашуымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны ашу керек деген тапсырмасы бар. Ол міндетті орындалуы қажет", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow