Басты бетЕЛ ІШІЖАҢАЛЫҚТАРЗАҢ СӨЙЛЕСІНҚОҒАМ

Жамбыл облысында алтынды белден қазған қылмыстық топ құрықталды

АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Жамбыл облысында алтын жинаған қос қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлады. Арнаның айтуынша, алтын жинаушылар Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылы маңындағы таулы алқапта ұсталған. Ым-жымы бір, қылмыстық топтардың бірінде 3 адам, ал екіншісінде 4 адам бар. Полиция оларды құрамында алтыны бар кен тастарын жинап жүрген жерде байқаған. Құрықтау кезінде кен тастары салынған төрт қап тәркіленді. Құзырлы орган дерегінше әбден әккі болған олар, жинағандарын артуға 3 көлікпен келгенін жеткізді.

“Ұсталғандар 25-35 жас аралығындағы бұрын сотты болмаған азаматтар. Қылмыстық кодекстің 334-бабының 1-бөлігімен «Жер қойнауын өз бетімен пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тәркіленген заттардың құрамын, салмағын анықтау мақсатында бірқатар сараптамалар кешені тағайындалды” – деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы   Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Дереккөз: https://astanatv.kz/kz/news/50779/

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close