Басты бетБЫЛАЙША АЙТҚАНДАЕЛ ІШІЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМҮЛКЕН СҰРАҚХАЛЫҚТАН ХАТ

СЕГІЗІНШІ ШАҒЫН АУДАНДАҒЫ ҮЙДІ СУ БАСТЫ

Венецияға айналды...

Су басып сарсаңға салды. Тараздағы 8-ші (Алатау) шағын ауданындағы 31-ші үйдің ауласын су шайып жатыр. Жетпіс пәтерлі үйдің жан-жағына жаңбыр суы жиналып қалған. Бұқара баспаналарынан бір адым аттап басу мұң дейді. Не шыға алмай, не кіре алмай  әуре. Тұрғындардың айтуынша, су басуға себеп жауапты мамандардың жауапсыздығы. Олар қалалық “Тараз-Су” МКК мекемесінің мамандары артық су ағып кететін құбыр жүйесін құртып кетті дейді. Яғни, жақында ғана келген жауаптылар өздерімен бірге кәріз жүйесінің құбырын алып кеткен көрінеді. Су басу салдарынан қазір жиналған лайлы ағыс жертөлеге де жайылып  жатыр.  

“Онсыз да баспанамыз бір жағына қисайып қалған болатын. Енді су басып одан сайын қорқа бастадық. Балалар үйге қамалып, шыға алмай қалды” дейді 31-ші үй тұрғындары. 

Қазір рәзеңке етік киген тұрғындардың суға қатысты мамандарды тосып тұрғандарына 2 сағаттан асты. Әзірге біз де бұқарамен бірге жауаптылардың тез келуін тілеп тұрмыз.

Дарина Ілияс,  “Jambylmedia.kz”

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close