Байзақта заманауи көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді

Жаңа қоймада 15 мың тонна көкөніс пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға мүмкіндік бар.

Байзақта заманауи көкөніс сақтау қоймасы  пайдалануға берілді

         Жобаның бастамашысы – Дәурен Тәжібеков, ал іске асырушы – Айымкүл Нұрботаева. Қазіргі уақытта мұнда 1 мың тонна пияз сақталуда. Нысанның жалпы жер аумағы – 4,3 гектар. Қоймада 4 тұрақты және 10 маусымдық жұмыс орны ашылған.

Қойма құрылысына жалпы 930 млн теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 680 млн теңге – жеке қаражат, ал 250 млн теңге – Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін енгізу мақсатында бөлінген қаржы.

          Жалпы, «Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға жеңілдетілген несие беру» бағдарламасы (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату) аясында 2024 жылы бюджеттен 8,5 млрд теңге бөлініп, 15 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген.

          Аталған жобалардың қатарында: 400-ден 600 басқа дейінгі 4 тауарлы сүт фермасы, 6 көкөніс сақтау қоймасы, 3 қайта өңдеу жобасы, 1 балыққа арналған жем өндіру және 1 су үнемдеу технологиясы жобасы бар.

          Бүгінгі күнге дейін қуаттылығы 24 мың тонна болатын 6 жоба толық іске қосылды, олардың ішінде – үш көкөніс сақтау қоймасы (қуаты 2, 7 және 15 мың тонна).

Бағдарлама іске қосылғанға дейін өңірде жалпы қуаттылығы 310 мың тоннаға тең 114 қойма болса, оның тек 60 мың тоннаға арналған қоймалары климаттық қондырылғыларымен жабдықталған болатын.

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қаржыландырылған және жеке инвестиция негізінде жүзеге асырылып жатқан климаттық қондырылғыларымен жабдықталған қоймалардың жалпы қуатын 2,5 есеге дейін (149,3 мың тонна) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow