Басты бетЕЛ ІШІЖАҢАЛЫҚТАР

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА АВТОБУС АУДАРЫЛДЫ. 11 АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ

Автодәліздегі апат

Жамбылда жантүршігерлік жол апаты болды. “Алматы-Ташкент” автожолының 181 шақырымында желдей жүйткіген “Toyotа Camri” өзімен бір бағытқа бет алған “Mersedes-Bens 814” жүк көлігінің артына соғылды. Салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында опат болды.  Әйел адамның әзірге жас шамасы айтылмауда. Сол сәтте Шымкенттен шығып, Алматыға бет алған “Van Hool” автобусы апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болып, аударылып кетті. Автобустағы 46 жолаушының 8-і оқиға орнында қаза болды. Автобустағы адамдардың 44-і Өзбекстан азаматтары, қалған қос жолаушы қазақстандық. Оқиға 20-шы сәуір, түнгі сағат 1:45 болды. 
Осы оқыс оқиға орнына Қордай ауданының әкімі, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметтері жетіп, зардап шеккендерді Отар, Қордайдағы ауруханаларға жеткізді.
Апатқа ұшырағандардың 2-еуі ауруханаға жетпей көз жұмғаны белгілі болды. Сонымен апат салдарынан 11 адам қаза тапты. Сондай-ақ 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Жарақат алған басқа жолаушыларға тиісті көмек көрсетілуде. Зардап шеккендерге жедел көмек көрсетуге облыс әкімдігінің денсаулық басқармасының басшысы М. Жұманқұлов бастаған 3 оташы-дәрігер тікұшақпен Қордай ауданына жеткізілді.
Орын алған оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облыстық полиция департаментінің бастығы А.Оразалиев, басқа да тиісті лауазым иелері бар. Комиссия оқиғаның орнына барып, жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап, зардап шеккендерге сапалы көмек көрсетуді ұйымдастыруда. Сонымен бірге оқиға орнында облыс прокуроры Ж.Құсайынов жұмыс жасауда.
Апатқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 тармағына сай қылмыстық іс қозғалды.

Дарина Ілияс

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close