Басты бетЕЛ ІШІЖАҢАЛЫҚТАРЗАҢ СӨЙЛЕСІНҚОҒАМҮЛКЕН СҰРАҚ

ЖЕТІМДІ ЖЫЛАТҚАН ЖАЗАЛАНДЫ

СОТ ҮКІМ КЕСТІ

Таразда үш жастағы тастанды балаға теперіш көрсеткен тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты. 54 жастағы келіншек енді екі жыл бойы педагогикалық жұмыста істей алмайды. Бұдан бөлек мемлекет қазынасына қомақты айыппұл төлемек.

Тахмина СҰЛТАНОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Тәрбиеші өз кінәсін толық мойындап, тергеу ісіне көмектесті. Сот барысында осы жағы ескерілді. Сондықтан оған 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Оның егде жасқа келуі ескеріліп, қаладағы қоғамдық жұмыстарға жегілмейді. Оның үстіне денсаулығы жарамайтыны белгілі болды.
 

Бұған дейін теріс қылығымен аты шыққан тәрбиешінің үстінен тексеріс басталған болатын. Сол уақытта ол жұмысынан уақытша шеттетілген еді. Енді сот үкімінен кейін қызметінен біржолата қуылмақ. Ал, оның қолында жылаған жетім бүлдіршін 3 жастағы ұл бала. Оның анасы бар екені анықталды. Ол осыдан екі жыл бұрын асырай алмағандықтан некесіз туған баласынан бас тартқан екен. Дәрігерлерлер баланың денесіне ешқандай қауіп жоқ деген болатын. Дегенмен сараптама арқа бөлігіне аздаған зақым келгенін көрсетіпті. Сондай-ақ, сот жазасынан «Үміт» бөбектер үйінің басшысы да құр қалмады. Оны тәртіптік жазаға тарту үшін облыс әкімдігінің атына жеке қаулы шығарды. Нәтижесі кейін белгілі болмақ. Еске салсақ, 8-ші қазанда «Үміт» бөбектер үйі тәрбиешісінің жетім баланы жазалап жатқан жері таспаланған жазба желіге тарап кеткен еді. Арты үлкен дауға айналып, қоғамның қызу талқысына түсті. Бейнежазбада 30 жылдық өтілі бар 54 жастағы маман жылаған баланы тезірек тиып тастау үшін оны аяғынан көтерген қалпы басын салбыратып, бірнеше рет жұлқылайды. Айта кетейік, «Үміт» балалар үйінде тағдыр тәлкегіне түскен 64 тастанды бала тәрбиеленеді.

 

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close