Жеке қабылдау және жасақтарды аралау жұмыстары басты назарда
№59 мекемесінде сотталғандарды жеке қабылдау және жасақтарды аралау жұмыстары басты назарда. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қарасты №59 мекемесінде сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында бөлім бастықтары тарапынан жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, мекеме бөлімдерінің бастықтары аптасына бір рет сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдайды. Қабылдау барысында сотталғандарды толғандырған әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, құқықтық және өзге де мәселелер қарастырылып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, бөлім басшылары мекеме аумағындағы жасақтарға аралау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп, сотталғандардың ұстау жағдайымен танысады. Аралау барысында санитарлық тазалық, тәртіп сақтау, күн тәртібінің орындалуы және сотталғандардың моральдық-психологиялық ахуалы назарға алынады. Мұндай жұмыстар мекемедегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп, сотталғандардың арыз-шағымдарын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да сотталғандардың құқықтарын сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, ашықтық пен заңдылық қағидаларын басты назарда ұстайтын болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?