Жас прокурорлар клубы жұмыс істейді

Жас прокурорлар клубы жұмыс істейді

Тараздағы №66 орта мектебінде  жас прокурорлардың клубы жұмыс істейді, деп хабарлайды jambylmedia.kz хабар агенттігі. 

Білім ұясында биыл қаңтарда Бауыржан Момышұлы атындағы «Болашақ прокурорлар» клубы құрылған болатын. Мұндағы мақсат –  жоғары сынып оқушыларының құқықтық санасын оятып, оларды прокурор мамандығына ерте бастан кәсіби бағдарлау.

Осы орайда бүгін қалалық прокуратурада «Ашық есік күні» өтіп, жасөспірімдер құқық қорғаушылардың қызметімен танысты. Клубқа мүше 25 оқушы өздерінің болашақ жұмысын орнын көріп, заңға қызмет етуге асық екендерін көрсетті. 

"Біз осы «Болашақ прокурорлар» клубы ретінде әр апта сайын викториналық сұрақтар құрастырамыз. Яғни осы викториналық сұрақтар арқылы біз оқушылардың құқықтық жауапкершілігін арттырамыз және өзіміздің жас прокруорлар клубын дамытамыз. Викториналық сұрақтарды CodeОpen  және Genially жасанды интеллект сайттары арқыл жасаймыз" - деді, №66 орта мектептің 9-шы сынып оқушысы Шадияр Базарбай. 

Айта кетейік, "Заң мен тәртіп" қағидасын іске асыру үшін мектеп пен қалалық прокуратура арасында өзара клуб ережесіне қол қойылған. Құжат негізінде оқушылар адал азамат болуға ант қабылдап, заң үстемдігі үшін қызмет етеді. 

 

Назарларыңызға фотогалерея ұсынамыз:


 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow