Жамбылда жүрген қытайлар қуылды
Жамбыл облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген қытай азаматтары қамауға алынды. 119 шетелдік Сарысу ауданында салынып жатқан Сода зауытының құрылысын жүргізуге келген.
Оларды кәсіпорын аумағынан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен полиция бірлесіп ұстаған. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құжаттары тексеріліп, ел аумағында заңсыз жүргені анықталды. Барлығының жұмыс визасы жоқ болып шыққан. Яғни көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін 28 хаттама толтырылды. Сарысу аудандық сотының шешімімен 16 қытай азаматына қатысыты елден әкімшілік жолмен шығару туралы шешім шықты. Қалғандарының құжатын тексеру әлі жалғасуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?