Биыл 5 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылады

2025 жылы Жамбыл облысында 5 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етіледі, – деп хабарлайды jambylmedia.kz хабар агенттігі.

Биыл 5 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылады

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 78% елді мекен газбен қамтылып, газбен қамту деңгейі халық санымен 91,3% құрап отыр. Яғни, 371 елді мекеннің 288-де табиғи газ қосылған.

 

2024 жылы облыс бойынша Қордай ауданының 3 елді мекеніне табиғи газ жүргізіліп, облыс халқының газбен қамтылу деңгейі 91,3% жетті.

 

2025 жылы, 9 елді мекен табиғи газбен қамтылып, облыстың газбен қамту деңгейін халық санымен 91,8%-ға жеткізу көзделуде.

 

Облыста Сарысу ауданының 14 елді мекенін газбен қамту үшін «Еврохим-Қаратау» және Шу ауданының 18 елді мекенін газдандыру үшін «Шу» автоматты газ тарату станцияларының  құрылысы жүргізілуде. Жалпы құны – 41,9 млрд теңге.

 

Облыстың жалғыз газбен қамтылмаған Мойынқұм ауданының елді мекендерін газдандыру жобасы басталып, 9 елді мекеннің  бастапқы 3 ауылына (Айдарлы, Бірлік, Биназар) газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны - 18,5 млрд теңге.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow