Жамбыл: Аймақта алдағы 2 жылда не өзгереді?
Әулиеата өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын безбенге тартып көрсек. Алдымен 2026-2028 жылдарға арналған жоба, жоспар жайын қозғамас бұрын, әуелі Жамбыл облысының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы сөз қозғасақ.
2024 жылы экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталды.
Жалпы өңірлік өнім құрылымында 17,5% өнеркәсіпке, 8,6% - ауыл шаруашылығына, 18,1% - көлік пен байланысқа, 8,9% - құрылысқа, 9,7% - саудаға, 37,3% - басқа салаларға тиесілі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің 5,8%-ға және өнеркәсіпте 1,5%-ға төмендеуі есебінен облыс бойынша еңбек өнімділігі 5194,4 мың теңге/адамды немесе 95,1%-ды құрады.
Өнеркәсіп 2023 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға өсіп, 939,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.
Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс 2,1%-ға (129,4 миллиард теңге), электр энергиясын жеткізу бойынша жұмыстар мен қызметтерде – 18,7%-ға (191,7 миллиард теңге) және сумен жабдықтауда – 13,4%-ға (7,9 миллиард теңге) өсті.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,5%-ға қысқарды (610,5 миллиард теңге), бұл жеңіл өнеркәсіп (20,9%-ға), мұнай өнімдері (19,3%-ға), машина жасау (8,5%-ға), химия (1,4%-ға) және металлургия (4,8%-ға) өндірісінің төмендеуіне байланысты.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 327 жаңа жұмыс орнымен 72,3 миллиард теңгенің 4 өндірістік нысаны іске қосылды.
Жамбыл облысы «Жасыл экономиканы» дамытудың басымды бағыты бойынша өңірлер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Жалпы белгіленген қуаты 571,3 МВт болатын 22 жаңартылатын энергия көзі жұмыс істейді.
Жыл қорытындысымен өсімдік шаруашылығы өнімі көлемінің 9,9%-ға (273,4 миллиард теңге) төмендеуі есебінен ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 94,4% (473,3 миллиард теңге) деңгейінде қалыптасты. Төмендеу 2023 жылмен салыстырғанда егіс алқаптарының 118,0 мың гектарға (15,8%-ға) қысқаруымен байланысты.
Өңдеуден кейінгі салмақ бойынша дәнді және бұршақ дақылдарының жалпы өнімі 698,4 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 19,0 центнерді, майлы дақылдар – 29,5 мың тоннаны (9,0 центнер/гектар), бақша дақылдарын – 154,4 мың тоннаны (286,8 центнер/гектар), картоп – 176,5 мың тонна (261,0 центнер/гектар), қант қызылшасы – 648,0 мың тонна (575,6 центнер/гектар) құрады.
Су үнемдеу технологиялары 55,4 мың гектар алаңда қолданылды (тамшылатып суару - 33,1 мың гектар, жаңбырлатып суару - 20,5 мың гектар, лазерлік жоспарлау - 1,8 мың гектар). Озық технологияларды енгізу есебінен қарқынды бақтардың ауданы 1,8 мың гектарды құрап, онда 21,7 мың тонна өнім жиналды.
Мал шаруашылығы саласында 2,0%-ға (197,3 миллиард теңге) өсім байқалады. 2023 жылға қарағанда ет өндіру 3,1%-ға, сүт – 1,2%-ға, мүйізді ірі қара саны – 0,5%-ға, қой – 7,4%-ға, жылқы – 3,2%-ға өсті. Құстар саны 5,6%-ға қысқарды. 6,4 мың тонна ет экспортталды.
12,0 миллиард теңгенің 16 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 201 жұмыс орны ашылды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2024-2025 жылдары кері қайтарылған қаражат есебінен 3,3 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік бағытында 438 жоба (жылыжай, қайта өңдеу, наубайхана, қызмет көрсету) қаржыландырылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың Бірыңғай кешенді бағдарламасы арқылы 42,5 миллиард теңгеге 1710 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде, кәсіпкерлік субъектілермен өндірілген өнім мен қызмет көлемі 9,5%-ға өсіп, 1522,6 миллиард теңгені құрады. 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 25,9%-ды құрады.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 103,9 мың бірлікке, онда жұмыспен қамтылғандар саны 166,3 мың адамға жетті.
Өнеркәсіпке (84,6%), ауыл шаруашылығына (45,1%) және саудаға (42,4%) инвестициялардың қысқаруы есебінен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 533,9 миллиард теңгені немесе 2023 жылға 98,9%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 339,9 миллиард теңгені немесе 2023 жылға 119,4%-ды құрады. 759,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2023 жылғы деңгейден 4,5%-ға жоғары.
Тауар айналымы 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 5,2%-ға, оның ішінде бөлшек сауда - 6,7%-ға және көтерме тауар айналымы - 4,2%-ға өсті.
Көлік және қоймалау қызметі 1,8%-ға артты, ондағы негізгі үлес автомобиль көлігімен тасымалданған жүк көлеміне (52,5%-ға) және құбыр бойынша тасымалдауға (0,7%-ға) тиесілі.
Интернет желісі қызметтерінің өсуіне байланысты (5,3%-ға) байланыс қызметі 6,3%-ға артты.
Сыртқы сауда айналымында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 24,5%-ға (555,6 миллион АҚШ доллары) өсім тіркелді, оның ішінде экспорт 2,9 есеге (239,8 миллион АҚШ доллары) өсті. Импорт 12,9%-ға (315,8 миллион АҚШ доллары) қысқарды. Сальдо теріс қалыптасты - 76 миллион АҚШ доллары.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 26,6%-ға, оның ішінде экспорт 6,6%-ға, импорт 34,8%-ға қысқарды.
2024 жылдың қорытындысымен Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша 21,5 миллиард теңгеге 40 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде, сапалы ауыз суға қолжетімділік қалаларда 523,7 мың адамды (98,0%), ауылдық елді мекендерде 676,9 мың адамды (98,1%) құрады. 371 елді мекеннің 347-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Газбен қамтуда 10,5 миллиард теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, газбен қамтылған халықтың үлесі 91,3%-ға (1113 мың адам) дейін өсті. 288 елді мекен орталықтандырылған газбен қамтылған.
Облыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерінің желісі 10 мың шақырымды құрайды (республикалық – 1194 шақырым, облыстық – 1756 шақырым, аудандық – 1408 шақырым, елді мекендер көшелері – 5726 шақырым). Оның ішінде 2024 жылы 25,5 миллиард теңгеге 355 шақырым жол жөнделді (оның ішінде құрылыс – 16,5 шақырым, қайта құру – 3,0 шақырым, орташа жөндеу – 690,5 шақырым). Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 99,0%-ға дейін жеткізілді.
Облыс халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2024 жылы 144,6 мың теңгені құрады және номиналды түрде 12,1%-ға, нақты мәнде 4,2%-ға өсті. Орташа айлық жалақы 300,0 мың теңгені құрап, номиналды түрде 11,5%-ға, нақты мәнде 3,6%-ға өсті.
2024 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.
Жылдық мәндегі инфляция 7%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 6,7%-ға, ақылы көрсетілетін қызметтер – 13,2%-ға өсті.
Жамбыл облысының 2024 жылғы
салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы
Өңірде бюджет ережелерін қатаң сақтауға, кіріс базасының есептілігін нығайтуға және қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға негізделген салықтық-бюджет саясаты бойынша жұмыс жүргізілуде.
2024 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері 701,4 миллиард теңгені құрады, оның ішінде 179,6 миллиард теңге - меншікті кірістер (жалпы табыстың 25,6%).
Бюджетке 254,4 миллиард теңге салық түсімдер түсті (оның ішінде 74,9 миллиард теңге - республикалық бюджетке, 179,6 миллиард теңге – жергілікті бюджетке), бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға көп (218,8 миллиард теңге).
Облыстың өз кірістерін ұлғайту үшін бұрын басқа өңірлерде тіркелген, бірақ іс жүзінде Жамбыл облысының аумағында қызметін жүргізген салық төлеуші ретінде қайта тіркеу бойынша 78 ірі кәсіпорынмен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, 2024 жылы осы кәсіпорындардан түскен түсімдер 2,2 миллиард теңгені құрады.
Жаңа Бюджет кодексі (Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VII Кодексі) және Салық кодексі (Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі) негізінде Жамбыл облысының бюджеттік бағдарламаларына бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға және салық салу шарттарының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілді.
2. Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлерін және есептік деректерінің 2024 жылы мақұлданған облыс деңгейіндегі Даму болжамының болжамды деректерінен алшақтығының себептерін талдау
Жамбыл облысының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамында (Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы №197 Қаулысымен мақұлданған) 2024 жылғы негізгі макроэкономикалық параметрлер сақталды.
2024 жылы 3,3% болжаммен ЖӨӨ өсімі 4,1%-ды құрады, бұл болжамды мәннен 0,8 пайыздық тармаққа жоғары. Өсудің негізгі себебі құрылыс жұмыстары көлемінің 19,4%-ға, көлік және қоймалау қызметтерін көрсетудің 1,8%-ға артуына байланысты.
2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы салалық жергілікті атқарушы органдардың болжамды көрсеткіштері мен ақпараты негізінде қалыптастырылды.
Жамбыл облысының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы сәйкессіздіктер бірнеше факторларға байланысты. Экономикада болып жатқан көптеген жағдайларға тәуелді болғандықтан, бұл факторлар тұрақсыз, сондықтан болжау қиын (инфляция мен бағаның өсуі, геосаяси шиеленіс, ұлттық валюта бағамының өзгеруі, сондай-ақ ауыл шаруашылығының жалпы көлеміне айтарлықтай әсер ететін ауа-райы жағдайлары).
Ауыл шаруашылығында 105,3% деңгейіндегі болжам 10,9 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты, бұл үй шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы өнімінің 19,6%-ға, фермерлік және шаруа қожалықтарында 9,7%-ға төмендеуіне байланысты.
Көрсетілген факторларға қарамастан 2024 жылы өнеркәсіптік өсім 3,3%-ды құрады, болжамды мәннен 0,7 пайыздық тармаққа жоғары, бұл электрмен жабдықтау бойынша жұмыстар мен қызметтердің 18,7%-ға (болжам – 103,4%) және сумен жабдықтаудың 13,4%-ға (102,5%) өсуімен байланысты.
Өңдеу өнеркәсібінде 99,5%-ды құрады, бұл болжамды мәннен 3,0 пайыздық тармаққа төмен, бұл мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 19,4%-ға (болжаммен 103,6%), химия өнеркәсібі – 1,4%-ға (100,2%), металлургия өндірісі – 4,8%-ға (101,4%), машина жасау– 8,5%-ға (105,3%) төмендеу есебінен.
Құрылыс жұмыстарының көлемі «КорЦем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цемент зауыт құрылысы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңғырту, әлеуметтік нысандар (оның ішінде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында) мен көппәтерлі ғимараттар, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, автомобиль жолдарының құрылысы есебінен 19,4%-ға өсті (болжамды мәннен 17,6 пайыздық тармаққа жоғары).
Саудадағы нақты көлем индексі 105,2% деңгейінде қалыптасты, бұл болжамды мәннен 0,4 пайыздық тармаққа жоғары. Өсім бөлшек сауда айналымының азық-түлік (11,7%-ға), азық-түлік емес тауарларының (12,5%-ға) және көтерме сауда айналымының азық-түлік тауарларының (1,7 есеге) өсуіне байланысты.
Көлік қызметінде 1,8%-ға және байланыста - 6,3%-ға өсу қарқынына қол жеткізілді, бұл болжамды деңгейден, тиісінше, 1,6 және 1,0 пайыздық тармаққа жоғары.
1 кесте. Болжамды және нақты деректердің өсу (төмендеу) қарқыны
арасындағы сәйкессіздік, %
|
№ р/с |
Көрсеткіштің атауы |
2024 жыл |
Ауытқу (+,-) |
|
|
Болжам |
Нақты |
|||
|
1. |
ЖӨӨ нақты өзгерісі, алдыңғы жылға % |
103,3 |
104,1 |
+0,8 |
|
2. |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы, алдыңғы жылға % |
105,3 |
94,4 |
-10,9 |
|
3. |
Өнеркәсіп, алдыңғы жылға % |
102,6 |
103,3 |
+0,7 |
|
4. |
Өңдеу өнеркәсібі, алдыңғы жылға % |
102,5 |
99,5 |
-3,0 |
|
5. |
Құрылыс, алдыңғы жылға % |
101,8 |
119,4 |
+17,6 |
|
6. |
Бөлшек және көтерме сауда, алдыңғы жылға % |
104,8 |
105,2 |
+0,4 |
|
7. |
Көлік және қоймалау, алдыңғы жылға % |
100,2 |
101,8 |
+1,6 |
|
8. |
Ақпарат және байланыс, алдыңғы жылға % |
105,3 |
106,3 |
+1,0 |
3. Жамбыл облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері және негізгі бағыттары
2025 жылдың 1 тоқсанында облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 690,9 миллиард теңгені құрады, нақты көлем индексі – 106,3%. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 565,5 мың теңгені құрады.
2025 жылғы қаңтар-тамыздағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш - 111,4%-ды құрады. Экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемінің ұлғаюы байқалады.
2025 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісі 2024 жылғы қаңтар-тамызға 18,9%-ға (862,3 миллиард теңге), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 43,0%-ға (152,1 миллиард теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 13,9%-ға (542,3 миллиард теңге), электрмен жабдықтау – 10,1%-ға (162,0 миллиард теңге) және сумен жабдықтау – 5,0%-ға (5,9 миллиард теңге) өсті.
Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынына тамақ өндірісінің (12,3%-ға), мұнай өңдеудің (54,1%-ға), химия өнеркәсібінің (27,2%-ға) және басқа да металл емес минералды өнімдердің (43,6%-ға) өсуі әсер етті.
Бірыңғай Индустрияландыру картасы шеңберінде 2025 жылы 307 жаңа жұмыс орнын құра отырып, инвестиция көлемі 33,6 миллиард теңге болатын 4 өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 0,1%-ға өсті (214,2 миллиард теңге).
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайға 109,0 мың бірлікті құрады.
2025 жылдың 8 айында 32,4% өсіммен негізгі капиталға 391,7 миллиард теңге инвестиция тартылды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 19,6%-ға (188,5 миллиард теңге), пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы - 2,8%-ға (403,3 мың шаршы метр) артты.
Ішкі сауда 2,4%-ға, оның ішінде бөлшек сауда 3,1%-ға, көтерме сауда 1,6%-ға өсті.
2025 жылғы қаңтар-тамызында сыртқы сауда айналымы 1,2 есеге, оның ішінде экспорт - 1,4 есеге, импорт – 9,2%-ға өсті. 2025 жылғы қаңтар-шілдесінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда айналымы 1,4 есеге, оның ішінде экспорт - 1,5 есеге, импорт - 1,3 есеге өсті.
Көлік және байланыс қызметтері, тиісінше, 4,9%-ға және 9,3%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша 15,4 миллиард теңгеге 30 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен сапалы ауыз суға қолжетімділік қалалар мен ауылдық елді мекендерде 100% құрайды.
9 ауылдық елді мекенді немесе 5 мың тұрғынды газбен қамту жоспарлануда. Нәтижесінде, газбен қамту деңгейі 91,8%-ға дейін артады.
Жол саласында 471,4 шақырымды жөндеу (құрылыс - 17,7 шақырым, қайта жаңғырту - 8,0 шақырым, орташа жөндеу - 445,7 шақырым) жоспарлануда. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 99,5%-ға дейін артады.
2025 жылдың 1 тоқсанда халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 148,7 мың теңгені құрады және 2024 жылдың тиісті кезеңіне номиналды мәнде 10,0%-ға, нақты мәнде 2,0%-ға өсті.
2025 жылғы 2 тоқсанына орташа айлық жалақы 355,2 мың теңгені құрады, номиналды мәнде 10,0% – ға, нақты мәнде - 0,3%-ға ұлғайды.
2025 жылдың тамызында инфляция деңгейі 107,8% құрады. Азық – түлік тауарларының бағасы - 8,3%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 5,7%-ға, ақылы қызметтер - 9,7%-ға өсті.
Өңірде 235 ауылдық елді мекеннің даму әлеуеті бар (71 тіректі және 164 спутниктік). 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес объектілермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі 68,1%-ды (қала – 86,2%, ауыл – 67,9%) құрады.
Ауылдық елді мекенді дамыту Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады, онда Бірыңғай бағдарлама ретінде «Ауыл аманаты» және «Ауыл – ел бесігі» жобалары енгізілген.
4. Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму тәуекелдері
Қазіргі кезеңде аймақ экономикасы үшін негізгі тәуекелдер - геосаяси шиеленістерді қоса алғандағы сыртқы сын-қатерлер, инфляция мен бағаның өсуі және валюта бағамы.
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тәуекелдері:
- әлемдік нарықта химия өнімдеріне Қытай мен Ресей тарапынан жоғары бәсекелестік;
- өңірде суармалы судың жетіспеушілігі, Қырғыз Республикасына тәуелділік;
- импорттың жоғары үлесі;
- ауыл шаруашылығында жеке шаруашылықтың басым болуы;
- энергетикалық және көлік инфрақұрылымы бағасының өсуі;
- логистика инфрақұрылымының нашар дамуы;
- транзиттік және инвестициялық белсенділікке әсер ететін әлемдегі геосаяси тұрақсыздық;
- жүк тасымалы көлемінің теміржол және құбыр көлігіндегі әлемдік бағалардың ауытқуына тәуелділігі;
- туудың төмендеуі;
- миграция ағындары (сыртқы және ішкі миграция).
5. Экономикалық өсу факторлары және Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2026-2028 жылдарға арналған болжамы
Еліміздің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру экономиканың дамуына негізгі серпін береді, оның шеңберінде экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2029 жылға қарай 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жәрдемдесетін болады.
Облыс экономикасына негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету секторы қамтамасыз етеді. Экономиканы әртараптандыру стратегиялық міндет болып қала береді, онсыз тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мүмкін емес.
Жалпы өңірлік өнімді 2028 жылға қарай 3,6%-ға ұлғайту көзделіп отыр.
2026-2028 жылдары ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі шамамен 3,4% құрайды.
Саланың тұрақты оң өсімі мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі неғұрлым өнімді жобаларды субсидиялау құралдары мен жеңілдетілген несиелендіру, ауылдық аумақтарды теңгерімді дамыту, отандық өндірілген азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту есебінен қамтамасыз етіледі. Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуды ынталандыру және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, агрохабтар мен логистикалық орталықтарды дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Өңірде инвестицияларды тиімді салу, «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру, «Ауыл аманаты», «Ауыл - Ел бесігі», «Бір ауыл - бір өнім» жобаларын «Мен - Кәсіпкер» құралы шеңберінде іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Егіс алқаптарын кеңейту және сұранысқа ие дақылдар (майлы дақылдар, көкөністер, мал азығы) алқаптарын ұлғайту арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдаланылмайтын егістік жерлерді айналымға қосу.
Агроөнеркәсіптік кешенді жеделдетіп дамыту мақсатында егін егу және жинау жұмыстарына жеңілдетілген несиелендіру, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға жеңілдетілген лизинг, инвестициялық жобаларды жеңілдетіп қаржыландыру тетіктері қолданылады.
Экспортқа бағдарланған өнімнің (бидай – Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан; пияз – Польша, Өзбекстан; картоп – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан; жұмыртқа – Тәжікстан, Өзбекстан; мақсары майы – Германия, Нидерланды, Жапония, Иран, Қытай, макарон өнімдері –Тәжікстан, Ауғанстан, ет және тағамдық өнімдер – Қытай, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Кувейт) сыртқы нарықтарын дамыту жоспарлануда.
Мал шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайту заманауи асыл тұқымды база құру және генетикалық әлеуетті арттыру, бордақылау алаңдары мен қайта өңдеу кәсіпорындарын салу есебінен қамтамасыз етіледі.
Айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу үшін өсімдік шаруашылығы саласындағы жоспар су қоймалары құрылысы мен оларды қайта құру және суару арналарын жаңғырту жоспарларымен барынша синхрондалатын болады.
Облыста 3 су қоймасын салу жоспарлануда (Ақмола (Талас), Ырғайты, Қалғұты (Қордай) – 59,7 миллиион текше метр (Ислам даму банкінің қаражаты), 77 каналды қайта жаңғырту, сондай-ақ суармалы жер көлемін 80 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін 15 мың гектарға дейін тамшылатып суару жүйесі өндірісін ұйымдастыру бойынша «Akplas» (Түркия) жобасын жүзеге асыру.
Жыл сайын жәрмеңкелер ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізу, әлеуметтік павильондарды ұлғайту жоспарлануда.
2026-2028 жылдары өнеркәсіп өнімінің өндірісінде орташа өсім жылына 5-6% деңгейінде болжануда.
Тұтастай алғанда, индустриялық саясат сабақтастығын сақтай отырып, мамандану басымдылығы тамақ өндірісі, химия өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдары өндірісіндегі өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталады. Өңдеу өнеркәсібінде орташа жылдық өсім 5,2%-ды құрайды.
Индустрияландыруды тереңдету кәсіпорындарды өсу нүктелерінде ұтымды орналастыру және өнім өндіретін кәсіпорындар пулын құру арқылы жүзеге асырылады, бұл шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейтуге және жаңа нарықта саланың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Өңірде 2028 жылға дейін инвестиция көлемі 3,5 триллион теңгеден асатын 6,1 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 62 өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде 30 жобаның инвестициясы өңдеуші секторға бағытталады.
Алдағы уақытта да, химия саласы экономиканың басым саласы болып қала береді. Бұл фосфор шикізатының елеулі қорларымен, фосфориттерді одан әрі барлаумен, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемдерін арттырумен және ассортиментін кеңейтумен, жаңа өндірістердің ашылуымен түсіндіріледі.
Жаңатас қаласында «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы жылына 1,0 миллион тонна, 1200 тұрақты жұмыс орнын құрумен кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша ірі жобасы жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, түрік инвесторының қатысуымен «QazaqSoda» ЖШС кальцийлендірілген сода, қуаттылығы жылына 1,2 миллион тонна болатын, 300 жаңа жұмыс орнын құру және «Altynalmas Reagents» ЖШС натрий цианиді өндіретін зауыттар, қуаттылығы жылына 25 мың тонна (226 жұмыс орны) салу жоспарлануда.
Металлургияда «Fujian Hengwan Investment Co» ЖШС – металлургиялық зауыт құрылысы (қуаттылығы 1,0 миллион тонна/жыл, 1000 жаңа жұмыс орны), «Mariam Gold» ЖШС – алтын өндіру (қуаттылығы 10 тонна/жыл, 400 жаңа жұмыс орны), «Шоқпар-Гагаринское» ЖШС – алтын кеніш зауыт құрылысы (қуаттылығы 500 мың тонна/жыл, 400 жаңа жұмыс орны), «Shagala Mining» ЖШС – мыс рудаларын жаппай шаймалау кәсіпорнының құрылысы (қуаттылығы 9 мың тонна/жыл, 100 жаңа жұмыс орны) жүзеге асыру жоспарлануда.
Құрылыс саласында цемент зауытының құрылысы («Kazchemtrading» ЖШС), құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру («Alit Holding» ЖШС) және басқаларын өндіру жоспарланған.
Осы факторлардың үйлесуі орта мерзімді перспективада өнеркәсіп өндірісінің тұрақты оң серпінін қамтамасыз етеді және өңірдің өнеркәсіптік базасын нығайтады.
Сауда секторындағы қызмет көрсетудің өсуі жылына орта есеппен 3,8%-ды құрайды.
Бұл саланың дамуы инвестициялық және сыртқы сауда жобаларын арттыру, көтерме және бөлшек сауда желісін кеңейту, цифрлық сату арналарын белсенді енгізу арқылы ынталандырылады.
Сауда саласын дамыту бойынша жұмыс сауда инфрақұрылымының заманауи форматтарын құру және көп форматты сауда нысандарының санын арттыру бағытында жалғасатын болады.
«Береке», «Жібек жолы» және «Якка сарай» сауда нарықтары қайта жаңартылуда.
Көлік және қоймалау саласы: орташа өсім 3,3% құрайды.
Көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту облыстың елді мекендері арасындағы көлік байланысын дамытуға және жақсартуға бағытталады. Жолдарды жөндеу, жаңа технологияларды енгізу, өңірлер арасында да, облыс ішінде де еліміздің көлік байланысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасады.
Облыс автомобиль жолдарының дамыған желісіне ие. 2028 жылға дейін облыстың барлық аудандарында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға дейін жеткізу, автожолдарды салу, қайта жаңғырту және орташа жөндеу есебінен жоспарлануда.
Тасымалдау сапасын арттыру мақсатында автобус паркін жаңарту жоспарлануда (жыл сайын кемінде 50 автобус сатып алу).
Ақпарат және байланыс қызметтері жылына орташа есеппен 14%-ға өсуі экономиканы белсенді цифрландыру, IT-қызметтеріне сұраныстың өсуі, деректерді алмасу мен өңдеудің озық технологияларын енгізу, жоғары жылдамдықты интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту есебінен қамтамасыз етіледі.
4G, 5G технологиялары бойынша мобильді кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету, кәсіпорындарды (қаржы секторы, мемлекеттік сектор, қалалық инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және басқалар) бойынша жұмыс жалғасады.
Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында 250 және одан да көп адам саны бар барлық елді мекендерде интернет сапасын арттыру бойынша жұмыс қамтамасыз етіледі. Урбандалу мен экономикалық орындылықты ескере отырып халық саны 250 адамнан кем ауылдар интернетке қосылады.
Әлеуметтік сала көрсеткіштерінің болжамы
Халықтың орташа жылдық саны 2026 жылы 1234,6 мың адамнан 2028 жылы 1258,4 мың адамға дейін ұлғаяды, оның ішінде ерлер саны 614,4 мыңнан 626,6 мың адамға дейін, әйелдер – 620,3 мыңнан 631,8 мың адамға дейін ұлғаяды.
Әйелдердің жұмыс күшіне қатысуының болжамды деңгейі 2026 жылы
275,1 мың адамды құрайды, 2028 жылы 280,3 мың адамға, ерлер – 2026 жылы 303,7 мың адам және 2028 жылы 309,6 мың адамға ұлғаяды.
Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2026 – 2028 жылдары 5,0%-ды құрайды, ерлер арасында – 4,6%.
Бір жұмысшының орташа айлық жалақысы оң өсу динамикасына ие болып, 2028 жылы 466 702 теңгеге жетеді (2026 ж. - 372 017 теңге).
6. Жамбыл облысының бюджет түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын бюджеттік параметрлерінің
2026-2028 жылдарға арналған болжамы
2026-2028 жылдарға арналған облыстың бюджеттік параметрлері мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және экономиканың одан әрі өсуін қолдауға бағытталған.
2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын ескере отырып, облыстың бюджеттік кірістері (трансферттерді есептемегенде) 2026 жылы 212,8 миллиард теңгені, 2027 жылы - 224,6 миллиард теңгені, 2028 жылы - 241,1 миллиард теңгені құрайды.
Облыс бюджетінің шығыстары 2026 жылы 813,6 миллиард теңгені, 2027 жылы - 915,9 миллиард теңгені, 2028 жылы - 982,5 миллиард теңгені құрайды.
Бюджеттік қағидаларға сәйкес шығыстардың шекті өсім қарқыны 2026 жылы - 20,6%, 2027 жылы - 20,9%, 2028 жылы - 19,2% құрайды. Болжам бойынша меншікті кірістердің алдыңғы жылға өсу қарқыны 2026 жылы - 101,5%, 2027 жылы - 105,5%, 2028 жылы - 107,3% құрайды.
2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру шеңберінде бюджеттік бағдарламаларды тексеру және тиімсіз шығыстарды оңтайландыру жұмыстары жалғастырылатын болады. Әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалады.
2026-2028 жылдарға арналған жергілікті бюжеттің кірістері Қазақстан Республикасының Салық кодексінің ережелерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді есепке алумен айқындалған.
Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру бірінші кезектегі бағыттар болып қалуда, оның ішінде:
Халық табысының артуы мен аз қамтылған топтарын қолдауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
Сапалы денсаулық сақтау қызметінің қол жетімділігін қамтамасыз ету, алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру;
Нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
Энергетикалық және көлік инфрақұрылымын дамыту;
Экономика салаларын технологиялық жаңғырту және цифрландыру үшін жағдайлар жасау;
Тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру және тұрғын үйге, оның ішінде табысы төмен азаматтар үшін қол жетімділікті арттыру;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту;
Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеу;
Ауыл шаруашылығы саласын дамытуда басымдық беру;
Техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау.
Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?