Таразда ауа тазалығын апта сайын тексереді

Таразда ауа тазалығын апта сайын тексереді

Табиғатты қорғау алдымен айналамыздағы ауа тазалығынан басталады. Жамбыл облысы бойынша экология департаменті сынақтау зертханасының басшысы 35 жылдан бері атмосфера тазалығын бақылап келеді. 

Жаһангер Назарбеков жасы алпыстан асса да ауа тазалығын тексеру үшін апта сайын шаһар шетіне шығады. Мәселен қоршаған орта құрамындағы аммиак, фторлы сутек, көмір тотығы секілді зиянды заттардың шоғыры белгіленген санитарлық көрсеткіштен аспауы керек. Сондықтан жұмысына жауапкершілікпен қарап, кейінгі жас мамандарға бай тәжірибесімен бөлісіп жүр.

Қарт зертханашы 1988 жылы 27 жасында Талас аудандық табиғатты қорғау комитетінде еңбек жолын бастаған. Ал тәуелсіздік алған жылдары жаңа саланың нормативті құжаттарын даярлауға өз үлесін қосты.  

ЖАҺАНГЕР НАЗАРБЕКОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ СЫНАҚТАУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 
Экология – ұлттың қауіпсіздігі, экология ол біздің әл-ауқатымыздың көрсеткіші. Экологтар ең бірінші осы қауіпті аймақтарда, ең бірінші сол лас, ластаушы жерлерде жүреді. Сол жерден сынама алады, соларды тексереді. Барлық ауыртпалықты солар көреді. Олар мынау қоршаған ортаның сақшылары деп білемін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow