Аймақтың агросекторын дамытуға 30 млрд теңге субсидия бөлінеді

Аймақтың агросекторын дамытуға 30 млрд теңге субсидия бөлінеді

Жамбыл облысында агросекторды дамытуға шамамен 30 млрд теңге субсидия бағытталды, - деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы.

Астанаға барып ОКҚ алаңында арнайы брифинг берген Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірде заманауи қант қызылшасы кластерін қалыптастыру, өндірушілерді қолдау тетіктерін кеңейту, өңдеу саласын дамыту және ішкі нарықтағы отандық қанттың үлесін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазіргі таңда қант қызылшасын жинау науқаны 88,1% деңгейінде аяқталды. Орташа гектар өнімділігі 483 центнерді құрап, 207 мың тонна өнім жиналды. Барлық шикізат Меркі қант зауытына өңдеуге жөнелтілуде.

Жамбыл облысында қант қызылшасы саласын қолдауға жергілікті бюджеттен 6,9 млрд теңге бөлінді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша 5,3 млрд теңге қарастыру көзделіп отыр.

Өңірдің жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 458,5 млрд теңгені құрап, өсім 3,1% болды. Егіс алқаптары 640 мың гектарға дейін ұлғайып, жалпы өнім көлемі 3,3 млн тоннаға жетті.

АӨК-ті қолдауға 29,1 млрд теңге көлемінде субсидия бағытталды.

Тірідей салмақтағы ет өндірісі 2,7%, сүт өндірісі 1,6% өсті.

Өңірден 888,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Экспорттық пияз көлемі бойынша облыс елде 1-орында: сыртқа 410 мың тонна жөнелтілді.

Мемлекеттік қолдау нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникасы паркі жаңартылды – 762 бірлік техника сатып алынып, жаңару деңгейі 5,6% жетті.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл экономикасын қолдаудың негізгі құралдарының бірі ретінде маңызды рөл атқаруда. 2025 жылы бағдарлама аясында 3,2 млрд теңгеге 437 жоба қаржыландырылды.

Президент тапсырмасына сәйкес өңірде пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмысы жүргізілуде – 61,8 мың гектар жер қайта айналымға енгізілді.

Суару жүйелерін қалпына келтіру және мелиорация жұмыстары ұзақ мерзімді перспективада ауыл шаруашылығы алқаптарының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өңірде 66,5 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілді. Келесі кезең – ішкі өндірістік базаны қалыптастыру. Осы мақсатта 2,8 млрд теңгеге тамшылатып суару жүйелерін шығару өндірісі іске қосылды.

Құны 10 млрд теңгені құрайтын тамшылатып суару жабдықтарын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл кәсіпорын жыл сайын 200 мың гектар алқапты қарқынды суару жүйелерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нысанды іске қосу 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Бұл өндірістер өңір шаруаларының заманауи суару жүйелеріне деген жоғары сұранысын ескеріп қолға алынған.

ЕҚҚДБ және Халықаралық қайта құру және даму банкімен бірлесе отырып, ұзындығы 625 шқ болатын 322 каналды қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны – 37,2 млрд теңге.

2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасы салынып, 3 жұмыс істеп тұрған қойма қайта жаңғыртылады, сондай-ақ 312 канал жөнделеді.

 

Республикада рекордтық көрсеткіш тіркеле ма?

 

Иә, 2025 жылғы ауыл шаруашылығы маусымы Қазақстан үшін рекордтық жыл болды — дәнді дақылдардың өнімі 27 млн тоннадан асып, майлы дақылдардың жиналымы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Егін жинау барысы, қиындықтар мен жаңа нарықтар туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтып берді.

— Азат Сиражиддинұлы, егін жинау науқаны қалай өтті? Нәтижелер қандай? Ауа райы жағдайлары науқанға әсер етті ме?

Аяқталған ауыл шаруашылығы маусымы өндіріс көлемінің тұрақты өсімін көрсетті.
Қатарынан екінші жыл Қазақстан заманауи технологияларды тиімді қолдану және егіс алқаптарын әртараптандыру есебінен оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Биыл дәнді дақылдардан рекордтық өнім алынды — бастапқы салмақта 27,1 млн тонна, оның ішінде бидай – 20,3 млн тонна. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн тоннаға көп, алайда бидайдың егіс алқабы шамамен 900 мың гектарға қысқарған болатын.

Алғаш рет бұршақ дақылдарының өнімі 1 млн тоннаға жетті.
Майлы дақылдар бойынша да рекорд тіркелді — 4,5 млн тонна, кей өңірлерде жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұл дақылдар егіс құрылымында барған сайын табысты әрі сұранысқа ие болуда.

Өсімдік шаруашылығының басқа бағыттары бойынша да жақсы нәтижелерге қол жеткізілді: картоп – 2,9 млн тонна, көкөніс – 3,8 млн тонна, бақша дақылдары – 2,6 млн тонна жиналды.

Жалпы егін жинау жұмыстары қалыпты режимде, оңтайлы агротехникалық мерзімде өтті, айтарлықтай қиындықтар болған жоқ. Қазір майлы дақылдар, сүрлемге арналған жүгері және қант қызылшасын жинау аяқталу сатысында.

Дән сапасы: бағалау және перспективалар

— Рекордтық өнімге қарамастан, биыл астық сапасы төмен деген пікір бар. Бұл фермерлердің табысына әсер ете ме?

Жаңа өнімнен элеваторларға 7,7 млн тонна астық қабылданды — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен артық.

Түскен жұмсақ бидайдың 53%-ы 1–3 кластарға жатады (өткен жылы — 56%), ал 4-класс үлесі 35% құрады (2024 жылы — 28%).
Көлемнің жартысынан астамының клейковинасы 20%-дан жоғары, бұл оны тағамдық мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондықтан астыққа деген сұраныс өткен жылғы деңгейде сақталады.

Өнімнің шамамен 12%-ын кластан тыс бидай құрайды — ол мал азығына және жемдік ұн өндіруге пайдаланылады. Соңғы жылдары мұндай өнімге сұраныс, әсіресе көршілес елдерде, артып келеді.

Болжамдар мен нақты көрсеткіштер

— Кей сарапшылар АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің (USDA) болжамдарымен айырмашылықтарға сүйеніп, ресми деректерге күмән келтіреді. Бұған не дейсіз?

Иә, АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі (USDA) әлемнің негізгі аграрлық елдерінде егіс жағдайы мен өнімділік бойынша жүйелі мониторинг жүргізеді. Бұл жүйе халықаралық эталон болып саналады, алайда барлық ғылыми және технологиялық жетілдірілгендігіне қарамастан, олардың болжамдары толық дәл бола алмайды. Өйткені олар ауа райы, топырақ жағдайы және аймақтық ерекшеліктерге тәуелді ықтимал модельдерге негізделген.

Тіпті ең заманауи спутниктік деректер де жергілікті климаттық ауытқулар мен ылғалдылық деңгейін нақты көрсете бермейді. Сондықтан өсімдік индексі әрдайым нақты өнімділікке тура сәйкес келе бермейді.
Сәйкесінше, USDA деректері – бұл бағалау сипатына ие болжамдар, ал нақты көрсеткіштер кейде одан өзгеше болуы мүмкін.

Ал «жиналған астық қайда?» деген сұраққа келсек:

Жалпы өнім – 27,1 млн тонна.
Бүгінгі таңда лицензияланған элеваторлардың жүктемесі 48% – бұл шамамен 6,3 млн тонна астық.
Жаңа өнімнің 2,2 млн тоннасы (қыркүйек–қазан айларында) экспортқа шығарылды.
17,4 млн тонна фермерлердің өз қоймаларында сақталуда, 700 мың тоннасы өңдеуге жіберілді, ал 500 мың тоннадан астамы мал азығына бағытталды.
Сонымен қатар, бір бөлігі диірмендерде, қоймаларда және егіс алқаптарындағы арнайы «рукавтарда» сақталып отыр – мұндай тәсіл соңғы жылдары кеңінен қолданыла бастады.
Жалпы сақтаудың бос қуаттары шамамен 7 млн тоннаны құрайды.

Астық экспорты: жаңа нарықтар және жоспарлар

— Ішкі тұтыну мен сақтау түсінікті. Енді экспорт бойынша қандай жоспар бар? Өткен жылғы деңгей сақтала ма?

Иә, экспорттық әлеует сақталады.
Өткен маусымда экспорт көлемі 13,4 млн тоннаны құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 47%-ға артты.
2024 жылы да кей сарапшылар 12 млн тонна межесіне күмән келтірген болатын, бірақ жоспар артығымен орындалды.

Биыл Қазақстан жаңа экспорттық бағыттарды игеріп жатыр: Бельгия, Португалия, Польша, Норвегия, Вьетнам, БАӘ, Марокко, Алжир, Египет елдеріне алғашқы жеткізілімдер басталды.
Сонымен қатар, Иран, Әзербайжан, Армения және Грузия бағыттарына тасымал қайта жанданды.

Қазақстандық астыққа сұраныс тұрақты және жоғары деңгейде.
Қазіргі таңда жаңа өнімнің 2,2 млн тоннасы экспортталып, өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артты.
Жаңа өнімнің экспорттық әлеуеті 13 млн тонна көлемінде бағалануда.

 

 

Инвестиция: Жамбыл облысының жобалары

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер  арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауында келесі  негізгі  7 бағытты айқындап өтті. Бұл бағыттар бойынша Жамбылда жүзеге асатын жобалар жайына тоқталып өтсек.

 

Бірінші. Инвестиция тарту. Бұл бағыт аясында:

- Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту;

- Ірі кәсіпорындармен қатар, орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу;

- инвестиция тарту жүйесін жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

- арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық тартымдылық индексін белгілей отырып, әкімдердің инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін арттыру тапсырылды. 

Облыста 2028 жылға дейінгі инвестициялық портфель 3,5 трлн. теңгеге 62 жобаны қамтиды. 6 мыңнан аса жұмыс орнын құру жоспарлануда. 2025 жылы 175,2 млрд.теңгеге 30 жоба іске асырылуда (1,1 мың жұмыс орны).

Анықтама: Жыл басынан негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 32,1%-ға артып, 345,1 млрд.теңгеге жетті (2025 ж.  жоспар - 826,4 млрд.теңге). 

 

Екінші. Өңдеу өнеркәсібінің дамыту бағыты аясында:

- Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық беру;

-  Көмірсутегі шикізатын терең өңдейтін бірқатар озық жобаны жүзеге асыру;

-  Ядролық энергетиканы дамыту;

-  Геологиялық барлау жұмыстарын күшейту;

- Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасау тапсырылды.

2025 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп саласында өнеркәсіп өндірісін 7%-ға,  өңдеу өнеркәсібін 6,5%-ға арттыру жоспарлануда.

 

Үшінші. Ауыл шаруашылығының жаңа деңгейі бағыты аясында:

- Ауыл шаруашылығы өнімін шығарудан бастап оны терең өңдеуге дейін тұтас өндірісті жолға қою, аграрлық экспортты дамыту;

-  Агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту;

-  Мал шаруашылығы саласында агробизнесті қолдау;

- қайтарылған жайылымдарды келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізу;

- Жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасын әзірлеу тапсырылды.

Облыста  ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 32,4 млрд. теңге субсидия бөлініп, Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін кеңейту аясында 13 жобаны іске асыру жоспарлануда.

 

Көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді

Жоғарыда аталған 7 бағытты жүзеге асыру аясына аймақта көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді.

Байзақ ауданында ашылған заманауи жаңа қоймада 15 мың тонна көкөніс пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға мүмкіндік бар.

Жобаның бастамашысы – Дәурен Тәжібеков, ал іске асырушы – Айымкүл Нұрботаева. Қазіргі уақытта мұнда 1 мың тонна пияз сақталуда. Нысанның жалпы жер аумағы – 4,3 гектар. Қоймада 4 тұрақты және 10 маусымдық жұмыс орны ашылған.

Қойма құрылысына жалпы 930 млн теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 680 млн теңге – жеке қаражат, ал 250 млн теңге – Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін енгізу мақсатында бөлінген қаржы.

Жалпы, «Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға жеңілдетілген несие беру» бағдарламасы (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату) аясында 2024 жылы бюджеттен 8,5 млрд теңге бөлініп, 15 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген.

Аталған жобалардың қатарында: 400-ден 600 басқа дейінгі 4 тауарлы сүт фермасы, 6 көкөніс сақтау қоймасы, 3 қайта өңдеу жобасы, 1 балыққа арналған жем өндіру және 1 су үнемдеу технологиясы жобасы бар.

Бүгінгі күнге дейін қуаттылығы 24 мың тонна болатын 6 жоба толық іске қосылды, олардың ішінде – үш көкөніс сақтау қоймасы (қуаты 2, 7 және 15 мың тонна).

Бағдарлама іске қосылғанға дейін өңірде жалпы қуаттылығы 310 мың тоннаға тең 114 қойма болса, оның тек 60 мың тоннаға арналған қоймалары климаттық қондырылғыларымен жабдықталған болатын.

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қаржыландырылған және жеке инвестиция негізінде жүзеге асырылып жатқан климаттық қондырылғыларымен жабдықталған қоймалардың жалпы қуатын 2,5 есеге дейін (149,3 мың тонна) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Жамбылдағы жоба елдегі екінші кәсіпорын

Жамбыл облысыда жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды. Зауыт қуаттылығы бойынша еліміздегі екінші орындағы кәсіпорын саналады.

Жобаға «Алель Агро» акционерлік қоғамы 19,8 млрд теңге инвестиция салып, іске асырды.

«Алель Агро» АҚ-ның Жамбыл филиалы – еліміздегі құс шаруашылығы саласында жетекші орын алатын кәсіпорындардың бірі. Негізгі бағыты – бройлер тұқымды құстардың етін өндіру және қайта өңдеу. Компания толық өндірістік циклді жүзеге асырады: балапандарды инкубациялаудан бастап, құсты өсіру, ет өндіру және дайын өнімді нарыққа шығару кезеңдерінің барлығын қамтиды.

Кәсіпорынның қазіргі қуаты – жылына 10 мың құс еті. Қазіргі таңда зауыт басшылығы өндіріс көлемін ұлғайту және тиімділікті арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізіп, өндірістік инфрақұрылымды енгізіп келеді.

 «Алель Агро» АҚ-ның Жамбыл филиалы 2019 жылы жұмысын бастады. 2020 жылы жылына 10 мың тонна өнім өндіретін ет өңдеу зауыты ашылды.

 2021 жылы – жалпы қуаты 10 мың тонна болатын екі бройлер құс фабрикасы, ал 2022 жылы – жылына 84 мың тонна құрамажем өндіретін зауыт іске қосылды.

2023 жылы – жылына 13,5 млн тәуліктік балапан шығаратын заманауи инкубатор пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін қуаты 4 600 тонна болатын үшінші құс фабрикасының пайдалануға берілуі күтілуде (инвестиция көлемі – 2,6 млрд теңге).

Бұдан бөлек, жалпы қуаты 26 мың тонна болатын екі жаңа құс фабрикасының құрылысы басталады (инвестиция көлемі – 13 млрд теңге). Пайдалануға беру мерзімі – 2027 жыл.

Сондай-ақ 2028 жыл – қуаты 28 000 тонна болатын тағы екі фабриканың құрылысы басталады (инвестиция көлемі – 13,6 млрд теңге).

2028 жылдың соңына дейін өндіріс көлемі 59 000 тоннаға артып, кәсіпорынның жалпы қуаты жылына шамамен 69 000 тонна құс етіне жетпек және облыстағы жалпы ет өндірісін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Өндірісте әлемдік жетекші компаниялардың заманауи жабдықтары қолданылады. Барлық технологиялық үдерістер халықаралық стандарттардың талаптарына толық сәйкес жүзеге асып, бұл өз кезегінде өнім сапасының тұрақтылығын және өндірістік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Жалпы облыста құс шаруашылығы бағытында 3 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде құс еті өндірісі бойынша жылдық нақты қуаттылығы 20 мың тоннаны құрайтын екі кәсіпорын («Әулие-Ата Феникс» ЖШС, «Алель-Агро» ЖФ АҚ), ал жұмыртқа өндіру бағытында қуаттылығы жылына 60 млн дана болатын бір кәсіпорын («Аса-Даму» ЖШС) қызмет атқаруда.

2025 жылдың 9 айында өңірден 3 327,4 тонна ет және 421 тонна шұжық өнімдері экспортталды. Оның ішінде: сиыр еті – 675,1 тонна, қой еті – 1 188,7 тонна, жылқы еті – 0,3 тонна, құс еті – 1 721,5 тонна (Қырғызстанға), малдың ішкі өнімдері – 760,9 тонна.

Өнімдер Қырғызстан, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран және Германия мемлекеттеріне экспортталды.  

Қызылшаң өңдеу проблема болмайды

 

Жамбыл облысында Президенттің инвесторлар тарту тапсырмасына орай ірі зауыттардың құрылысы басталды. Енді өңірде жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейтін кәсіпорын бой көтеретін болды.

Енді өңір дихандары өнімдерін өткізу үшін қант зауыттары алдында сабылып жүріп, сарылып кезек күтпейді. Өйткені Байзақ ауданы, Ақшолақ ауылында жылына 1 млн тонна  қант қызылшасын  өңдеп, одан 120 мың тоннаға дейін қант өндіретін зауыт салына бастады. Онда қосымша 70 мың тоннаға дейін мал азығы да шығарылмақ. 

«Биыл 8 айдың қорытындысымен біз 391 млрд теңге инвестиция алып келдік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл өңірінде инвестиция тарту, индустриялды болашақтың қаңқасын жасауда үлкен-үлкен жобалар іске асырылып жатыр. 5 ірі жобаны алатын болсақ, инвестиция көлемі 1 трлн 500 млрд теңге деп күтіліп отыр» – деді, құрылыс басына барған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев. 

 

 

Жамбылдың агро кешені ірі зауыттармен толыға бастады

 

Жамбыл облысында Президенттің инвесторлар тарту тапсырмасына орай бірден екі ірі зауыттың құрылысы басталды. Енді өңірде жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейтін кәсіпорын бой көтермек. Жуырда біз жазғанымыздай Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров  пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа кәсіпорынның қазығы қағылған құрылыс басына барып қайтқан болатын.

Конец формы

 

Енді өңір дихандары өнімдерін өткізу үшін қант зауыттары алдында сабылып жүріп, сарылып кезек күтпейді. Өйткені Байзақ ауданы, Ақшолақ ауылында жылына 1 млн тонна  қант қызылшасын  өңдеп, одан 120 мың тоннаға дейін қант өндіретін зауыт салына бастады. Онда қосымша 70 мың тоннаға дейін мал азығы да шығарылмақ. 

 

«Биыл 8 айдың қорытындысымен біз 391 млрд теңге инвестиция алып келдік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл өңірінде инвестиция тарту, индустриялды болашақтың қаңқасын жасауда үлкен-үлкен жобалар іске асырылып жатыр. 5 ірі жобаны алатын болсақ, инвестиция көлемі 1 трлн 500 млрд теңге деп күтіліп отыр» – деді, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев

 

Ал қытайлық инвестор қолға алған жоба 200 млн АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорында 350-ден астам жұмыс орны ашылатын болады.

 

«Біздің технологияларымыз соңғы үлгідегі сандық жүйеде болады. Зауыттың ерекшелігі – экологияға зиянсыз әрі қалдықсыз өнім өндіреді. Осы орайда біз секілді кәсіпкерлерге инвестициялық қолайлы дәліз жасаған Қазақстан Президентіне, ел Үкіметі мен облыс әкімдігіне алғыс айтамын» – деді, «Zhongkai Kazakhstan International Sugar Industry Company» компаниясының Бас директоры Сяо Анбао.

 

Қант зауыты толық іске қосылған жағдайда өнімдерді көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан елдеріне экспорттауға ниетті. Айта кетейік, қант зауыты еліміз тәуелсіздік алғаннан бері тұңғыш рет салынғалы жатқан кәсіпорын.

Зауыт құрылысын бір жыл ішінде бітіру жоспарланған. «Сіздерді қысқа уақыт ішінде құрылыс қарқыны қуантатын болады» деді инвесторлар. Ендеше жаңа жобаға сәттілік тілейміз.

 

Тараздың трактор шығаратын өз зауыты болады

 

Жамбыл облысы, Тараз қаласында трактор жасайтын зауыт құрылысы басталып кетті.  

Тараздың индустриялық аймағында 10 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салынбақ. Онда жылына 2 мың трактор мен тіркеме шығару жоспарланған. 

 

Жамбыл облысына келген ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров индустриялық аймаққа барып, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын жаңа зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатысты.

 

Жобаның инвесторы – «Kaz FM World agriculture machinery» (ҚХР).

 

«Жылына 2 мың дана техника шығаратын зауыттың құны 3 млрд теңгені құрайды. Мұнда 8 түрлі трактор моделі, күріш жинайтын және мақта теретін комбайндар, тіркемелі жабдықтар, тұқым сепкіштер шығару жоспарланған», - Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

 

Ааймақ бойынша ауыл шаруашылығы саласына аса қажет ауыр техникаларды құрастыру жайын жазар болсақ, ауыз толтыртып айтатын жобалар бұған дейін болған жоқ. Өңірдегі бүгінгі жағдайды былай жіктесек болады:

  • Ресей, Белорусь және Қытай сияқты елдерде шығарылатын тракторлар (МТЗ, «Кировец», «Jinma» т.б.) Қазақстан, соның ішінде Тараз аймағына кеңінен әкелінеді.
  • Жамбыл облысы, әсіресе Тараз маңындағы ауыл шаруашылығында тракторларға сұраныс жоғары, сондықтан олардың сатылымы мен қызмет көрсету орталықтары көп.

Қорытындылай алғанда, Тараз қаласында трактор шығаратын ірі кәсіпорын бұған дейін болмады, бірақ ауыл шаруашылығы техникаларын сату, жөндеу және қызмет көрсету саласында бірнеше компаниялар белсенді жұмыс істеп жатыр. Енді жаңа заманауи зауыт салаға серпін берері сөзсіз.

 

Өңір басшысы өз сөзінде сондай-ақ индустриялық аймақта су үнемдеу технологиялары саласында да жобаларды іске қосу көзделіп отырған айтты.

 

«Мәселен, Akplas компаниясының жаңа жобасы жылына 200 мың гектарға дейін суару мүмкіндігін қамтамасыз ететін ирригациялық жабдық шығаратын зауыт салуды қарастырады.

 

Сондай-ақ, одан кем емес маңызды жобалардың бірі – Hualing Group Co. Ltd. (ҚХР) компаниясының жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын зауыт салуы болмақ. Инвестиция көлемі – 10 млрд теңге, жылына 200 дана машина шығару жоспарлануда», - делінген хабарламада.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow