Қызғалдақтың Отаны - Голландия емес, Жамбыл жері!
Мұны ғалымдар да дәлелдеп отыр. Енді мамандар Жамбыл жерін жауқазындардың әлемдік орталығына айналдыруға кірісті.

Сұлулықтың символы болған қызғалдақтың Отаны – Голландия емес, Қазақстан. Көктем гүлінің туған жері қарт Қаратаудың баурайы екені ғылыми дәлелденген. Алайда біз барымызды бағалап, жоғымызды түгендеп болғанша, кейбір пысықтау жұрт біраз асылымызды жан-жақтан жырымдап, жұлмалап жүргені де жасырын емес. Сондықтан мамандар Жамбыл жерінің жауқазындарын өзіміздің брендке айналдыруға кірісті. Алдымен, алыс-жақын шетелдік туристерді қыр гүлін тамашалуға шақырды. Көз жауын алатын ерекше гүлді көрген еуропалықтардың есі кетіп, қытайлықтарды таңдай қақтырды.
Ұлдана Жұбай, "Jambylmedia"
Сіздің реакцияңыз қандай?






