Жылу желілерін жаңғыртуға 13 млрд-қа жуық қаржы бөлінді

Таразда жылу желілерінің 70%-ға жуығы тозып тұр. Салдарынан жылыту маусымында ескі құбырлар жиі жарылады. Сондықтан облыс орталығындағы  магистральды құбырларды жаңғырту 12 млрд 600 млн  теңге бөлінді. 

Жылу желілерін жаңғыртуға 13 млрд-қа жуық қаржы бөлінді

Бұл қаржыға үш ауқымды жоба жүзеге аспақ. «М-1» негізгі жылу магистралі 35 жыл бұрын жер астына жүргізілген болатын. Бірақ  25 жылдан кейін жаңғыртылуы тиіс еді. Сондықтан пайдалану мерзімі 10 жыл бұрын өтіп кеткендіктен шіріген жері көп. Былтыр қазынадан 10 млрд теңге бөлініп, 4 жарым шақырымы жаңғыртылды. Биыл күздің соңына дейін қалған 1 жарым шақырымы жаңаланады. Ал 2 млрд-тан астам қаржыға «М-3» жылу желісінің 1,4 шақырымы ауыстырылады.  Жалпы Таразда  құбырлар ұзындығы  229 шақырымды құрайды.  Ал жаңғыртудан кейін көрсеткіш 3%-ға төмендемек.

«Ішкі жылу желілерінің тозуы 65-70 пайызды құрап отыр. Басым бөлігі мынау ықшам аудандарда. Желілерге жер асты суы жақын болып жатқандықтан   тозуға әкеп соқтыруда. Сондықтан корозияға ұшырау тәуекелдері басым. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін 2-3 жылда бізге қаржыландыру қажет. Ал ол кезек күттірмейді» –  деді сайтымызға берген сұхбатында «Тараз Транс Энерго» МКК бөлім басшысы Рауан Байдалиев.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow