Жамбыл облысында 57,3 мың жұмыс орны құрылды

Жамбыл облысында 57,3 мың жұмыс орны құрылды

Жамбыл облысында биыл әлеуметтік салаға 46,6 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1 есе артық – деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Астанаға арнайы барып, брифинг берді. Аймақтың әлеуметтік саладағы сандарын сөйлетті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жаңа кәсіпкерлік бастамаларды қолдау арқылы жоспарланған 12,5 мыңның орнына 16,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды, – деді өңір басшысы Ербол Шырақбайұлы ОКҚ-де өткен брифинг барысында.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 57,3 мың жұмыс орны құрылды, оның 40,4 мыңы – тұрақты (жоспар – 65,6 мың, оның ішінде тұрақтысы – 48,4 мың).

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 42,8 мың адам қамтылды, олардың қатарында 1,1 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 29,5%-ға азайды. Бұл – халықтың өз табысын арттыруға мүмкіндік алып жатқанын көрсетеді.

Аймақта 11 отбасын қолдау орталығы ашылып, қиын жағдайға тап болған 826 отбасы қажетті көмек алды.

Жыл соңына дейін Тараз қаласында 200 орындық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылады деп жоспарлануда.

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz


Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow