Жамбылда шыны шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр

Шыңдалған шыны шығаратын зауыт Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында орналасқан.

Жамбылда шыны шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр

           Өндіріс ошағы 2025 жылдың 4 маусымында ашылды.

          Индустриялық жобаны жергілікті кәсіпкер, «JS GLASS» ЖШС басшысы Жамалхан Ибрагимов қаржыландырып, сәтті іске асырды.

          Инвестиция көлемі – 1 млрд теңге.

          Кәсіпорын жылына 100 мың шаршы метр шыңдалған шыны өндіруге қауқарлы. Бүгінгі күнге дейін шамамен 43 мың шаршы метр өнім алынды.

          Мұнда сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай заманауи технологиялар қолданылады.

          Шыны өңдеу кешенінде 40 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

          Өндіріс орны өңірдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, өнімдерін Алматы және Түркістан облыстарының нарығына шығарады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow