Жамбылда инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының дамуы қалай?

Жамбылда инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының дамуы қалай?

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер  арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауында келесі  негізгі  7 бағытты айқындап өтті.

 

Бірінші. Инвестиция тарту. Бұл бағыт аясында:

§ Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту;

§ Ірі кәсіпорындармен қатар, орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу;

§ инвестиция тарту жүйесін жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

§ арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық тартымдылық индексін белгілей отырып, әкімдердің инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін арттыру тапсырылды. 

Облыста 2028 жылға дейінгі инвестициялық портфель 3,5 трлн. теңгеге 62 жобаны қамтиды. 6 мыңнан аса жұмыс орнын құру жоспарлануда. 2025 жылы 175,2 млрд.теңгеге 30 жоба іске асырылуда (1,1 мың жұмыс орны).

Анықтама: Жыл басынан негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 32,1%-ға артып, 345,1 млрд.теңгеге жетті (2025 ж.  жоспар - 826,4 млрд.теңге). 

 

Екінші. Өңдеу өнеркәсібінің дамыту бағыты аясында:

§ Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық беру;

§  Көмірсутегі шикізатын терең өңдейтін бірқатар озық жобаны жүзеге асыру;

§  Ядролық энергетиканы дамыту;

§  Геологиялық барлау жұмыстарын күшейту;

§  Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасау тапсырылды.

2025 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп саласында өнеркәсіп өндірісін 7%-ға,  өңдеу өнеркәсібін 6,5%-ға арттыру жоспарлануда.

 

Үшінші. Ауыл шаруашылығының жаңа деңгейі бағыты аясында:

§  Ауыл шаруашылығы өнімін шығарудан бастап оны терең өңдеуге дейін тұтас өндірісті жолға қою, аграрлық экспортты дамыту;

§  Агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту;

§  Мал шаруашылығы саласында агробизнесті қолдау;

§  қайтарылған жайылымдарды келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізу;

§  Жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасын әзірлеу тапсырылды.

Облыста  ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 32,4 млрд. теңге субсидия бөлініп, Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін кеңейту аясында 13 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow