Жамбылда 50-ге жуық тарихи кешен тазартылды
Жамбылдық жастар аймақ бойынша 50-ге жуық тарих кешен маңына тазалық жұмысын жүргізді, деп хабарлайды jambylmedia.kz хабар агенттігі.
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тектұрмас» тарихи кешенінің аумағы тазартылды. «Тәртіп – тазалықтан басталады» деген 100-ге жуық жас 17 га аумақты өзара бөліп алып, қоқыс қалдықтарын жинады.
Сондай-ақ кешен аумағындағы көлік жолдарының бойы да тазаланды. Жол жиегінде әсіресе пластик ыдыстарға көз сүрінеді. Жалпы жастардың күшімен 5 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Айта кету керек, өңір жастары бұған дейін 50-ге жуық тарих кешен маңына тазалық жұмысын жүргізді. Жалпы жыл басынан бері өңірде «Таза Қазақстан» акциясына 24 мыңға жуық адам қатысып, 5 жарым мың тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.
АЙБЕК ҚАДЫРАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Әрбір ауылдағы, аудандағы, қаладағы волонтер жастар, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жауынгерлері және де Жастар ресурстық орталықтарының жастары өздерінің үлестерін қосуда. Бұл бағытта біз тоқтап қалмаймыз. Арнайы «Әулиеата жауқарлары» тарихи экспедициясы жобасы бар. Тарихи экспедиция жобасы аясында аудандағы, ауылдық жерлердегі тарихи ескерткіштердің барлығының маңайын аудандық, ауылдық жастар тазалап жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?