Жамбыл облысында сотталған азаматтарға есірткі заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді
Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №59 мекемесінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жоспар аясында бүгінгі таңда мекемеде есірткі қылмысы бойынша сотты болып, жазасын өтеп жатқан азаматтармен түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Кездесу барысында сотталғандарға есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында азаматтарға қоғамға пайдалы бағыттағы ерікті (волонтерлік) қызметке қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Бұл бастама сотталғандардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, оларды қайта әлеуметтендіруге оң ықпал етуді көздейді.
Мекеме өкілдерінің айтуынша, мұндай профилактикалық және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Сіздің реакцияңыз қандай?