Таразда ата-аналар форумы өтті
"Ата-ананың құқықтық сауатты болуы – балалардың қауіпсіздігіне кепіл болады». Таразда өткен ата-аналар форумында осындай пікір айтылды. Ал басқосудың басты мақсаты – бала тәрбиесі, қауіпсіздігі мен отбасы институтын дамытуға бағытталды.

Әсіресе спикерлер отбасы мен қоғам байланысын нығайту керек деді. Бұл ретте әуелі бала отбасылық ортада сыпайылық пен сыйластыққа негізделген тәрбие алуы тиіс. Содан кейін барып баланың қоғаммен қатынасы реттеліп, қалыптасуы жолға қойылады. Бұл бүлдіршіндердің қадамын қадағалап, дұрыс жолға бағыттайтын әр ата-ананың міндеті, деді психологтар. Ал заң мамандары балалардың еркін дамуына бала құқығының қорғалуы үлкен сеп болатынын айтты.
"Біз қанша қоғам болып, қанша ведомства болып, қанша психолог, қанша маман болып істеген іс-әрекетімізбен ата-аналардың үлесін таразы басына қоятын болсақ, бәрібір де ата-аналардың үлесі бала тәрбиесінде басып кетеді. Соны бүгін мен қоғам назарына жеткізгім келеді" - деді Жамбыл облыстық психологиялық қолдау орталығының басшысы Ришат Райф.
Сіздің реакцияңыз қандай?






