Екі жылда елдің ішкі нарығы құс етімен 100 пайыз қамтамасыз етіледі

Екі жылда елдің ішкі нарығы құс етімен 100 пайыз қамтамасыз етіледі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2020 жылы ішкі нарықтың жергілікті құс етімен қамтамасыз етілуі 58 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 82 пайызға жетіп отыр. 

— Импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендете алдық. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді. 2027 жылы Қазақстан халықты 100 пайыз құс етімен қамтамасыз етеді, — деді Айдарбек Сапаров. 

Оның айтуынша, мал шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті көлемі өндіріліп жатыр.

— Сонымен, ет өнімдері – сиыр, қой, жылқы еттері және жұмыртқа ішкі сұранысты толығымен жабады. Құс еті бойынша оң динамика байқалып отыр. Егер өткен жылы қамту деңгейі 79 пайыз болса, биыл 82 пайызға жетті. Сүт өнімдері бойынша да қамтамасыз етілу 100 пайызға жеткізілді, — деді ол.

 

Айта кетейік, елімізді құс етімен қамту бойынша Жамбыл облысы қомақты үлес қосып келеді. Биыл аймақта құс шаруашылығымен айналысатын алып кәсіпорын саны үшке жетті.

 

Таразда 20 млрд теңге жуық инвестициялық қаржыға құс етін өңдейтін ірі кәсіпорын ашылды. Жылына 70 мың тонна ет шығарады. «Алель Агро» акционерлік қоғамы  өз өнімін ел нарығынан бөлек, әлемнің 8 мемлекетіне экспорттайды. 

Былтыр аталған АҚ-ның жылына 38 миллион балапан шығаратын өндірістік инкубатор іске қосылған болатын. Құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрайтын өндірістік инкубатор заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

Өндіріс орны жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға қауқарлы етін. 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырды. Биы бұл көрсеткіштері едуәір өсіп отыр.

 

Инкубатордың ашылуында Тараз әкімі тебірене сөйледі.

 

"Кез келген мемлекеттің әлеуеті артуы үшін ең бірінші өндіріс өркендеуі қажет. Сондай-ақ, экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету үшін де жаңа өндіріс орындарын ашып, экономиканың нақты секторына инвестиция тартуымыз керек. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі.  Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде, облыс орталығы – Тараз қаласы да инвестиция игілігін сезініп келеді. Бүгінде осы бағытта қаламызда құны 35 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалар іске асырылғанда 944 жаңа жұмыс орындары ашылады деп көзделуде. Сонымен қатар құны 48 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша арнайы келіссөздер жүргізілуде. Осы ретте, бүгін өз жұмысын бастаған "Алель Агро" акционерлік қоғамының облыстық филиалы қаламыздағы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп, дамудың жаңа белесіне бастайды деген сенімдемін", - деді Бақытжан Орынбеков.

 

 «Алель Агро» АҚ-ның Жамбыл филиалы – еліміздегі құс шаруашылығы саласында жетекші орын алатын кәсіпорындардың бірі. Негізгі бағыты – бройлер тұқымды құстардың етін өндіру және қайта өңдеу. Компания толық өндірістік циклді жүзеге асырады: балапандарды инкубациялаудан бастап, құсты өсіру, ет өндіру және дайын өнімді нарыққа шығару кезеңдерінің барлығын қамтиды.

          Кәсіпорынның қазіргі қуаты – жылына 10 мың құс еті. Қазіргі таңда зауыт басшылығы өндіріс көлемін ұлғайту және тиімділікті арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізіп, өндірістік инфрақұрылымды енгізіп келеді.

          «Алель Агро» АҚ-ның Жамбыл филиалы 2019 жылы жұмысын бастады. 2020 жылы жылына 10 мың тонна өнім өндіретін ет өңдеу зауыты ашылды.

          2021 жылы – жалпы қуаты 10 мың тонна болатын екі бройлер құс фабрикасы, ал 2022 жылы – жылына 84 мың тонна құрамажем өндіретін зауыт іске қосылды.

2023 жылы – жылына 13,5 млн тәуліктік балапан шығаратын заманауи инкубатор пайдалануға берілді.

          Жыл соңына дейін қуаты 4 600 тонна болатын үшінші құс фабрикасының пайдалануға берілуі күтілуде (инвестиция көлемі – 2,6 млрд теңге).

          Бұдан бөлек, жалпы қуаты 26 мың тонна болатын екі жаңа құс фабрикасының құрылысы басталады (инвестиция көлемі – 13 млрд теңге). Пайдалануға беру мерзімі – 2027 жыл.

          Сондай-ақ 2028 жыл – қуаты 28 000 тонна болатын тағы екі фабриканың құрылысы басталады (инвестиция көлемі – 13,6 млрд теңге).

          2028 жылдың соңына дейін өндіріс көлемі 59 000 тоннаға артып, кәсіпорынның жалпы қуаты жылына шамамен 69 000 тонна құс етіне жетпек және облыстағы жалпы ет өндірісін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

          Өндірісте әлемдік жетекші компаниялардың заманауи жабдықтары қолданылады. Барлық технологиялық үдерістер халықаралық стандарттардың талаптарына толық сәйкес жүзеге асып, бұл өз кезегінде өнім сапасының тұрақтылығын және өндірістік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

          Жалпы облыста құс шаруашылығы бағытында 3 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде құс еті өндірісі бойынша жылдық нақты қуаттылығы 20 мың тоннаны құрайтын екі кәсіпорын («Әулие-Ата Феникс» ЖШС, «Алель-Агро» ЖФ АҚ), ал жұмыртқа өндіру бағытында қуаттылығы жылына 60 млн дана болатын бір кәсіпорын («Аса-Даму» ЖШС) қызмет атқаруда.

          2025 жылдың 9 айында өңірден 3 327,4 тонна ет және 421 тонна шұжық өнімдері экспортталды. Оның ішінде: сиыр еті – 675,1 тонна, қой еті – 1 188,7 тонна, жылқы еті – 0,3 тонна, құс еті – 1 721,5 тонна (Қырғызстанға), малдың ішкі өнімдері – 760,9 тонна.

          Өнімдер Қырғызстан, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран және Германия мемлекеттеріне экспортталды.  

 

 

Ішкі нарықты қорғау  – ел экспортын қолдау

 

Елімізден шығатын әрбір тауар экономикамызға қаржы түсіруі тиіс. Егер ішкі нарықта бәсекелестік орын алса, онда сыртқы нарыққа деген сұраныс жойылады. Нарықтағы баға арзандайды. Ішкі нарық – елдің ішінде, оның шегінде әрекет ететін нарық, мемлекеттің шекарасы шеңберінде шектелген тауар айырбасы. Ішкі нарығы бекем елдер дамуға бет алды. Себебі өз тауарлары сатылымға шығып, сан тарапқа жөнелтілуде. Әсіресе ішкі сұранысқа төтеп беруде. Ішкі нарықты қорғау арқылы көл-көсір пайда көріп отырған мемлекеттер жетерлік. Керісінше түк өндірмей, бар байлығын сатып алуға жұмсап, экономикасы құлдырап жатқан ұлттар бар. Түркияның негізін қалаушы тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің мына сөзін еш ұмытуға болмайды. Ол: «Ештеңе өндірмей тек ішіп-жей беретін ұлттар алдымен абыройынан, сосын еркіндігінен, ал ең соңында болашағынан айырылады», – депті. Қандай керемет, парасатты пайым!

 «Қазақстан сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауы керек», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында. «Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет. Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз», – деді Президент бүгінгі жағдайға қанағаттанбай.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану шарт. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен әрі жеткілікті көлемде алуы керек.

«Сонымен бірге реттелетін сатып алу кезіндегі өз тауарларымыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет. Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк келісімшарттардың үлесін кемінде 10 пайызға жеткізу керек. Бұл – жыл сайын 2 триллион теңге деген сөз», – деп нақтылады Мемлекет басшысы. Президент атап өткендей, бүгінде көптеген елдер ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданып келеді. Дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті. Осы тұста Қасым-Жомарт Кемелұлы Дүниежүзілік сауда ұйымы ұсынған деректерді ортаға салды.

«Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара. Сондықтан біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті. Бұл – біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуға тиіс. Бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек», – деп түйіндеді ел Президенті өз сөзін.

БҰҰ-ның мәліметіне жүгінсек, 2023 жылдың қорытындысына сәйкес азық-түлік тауарларының әлемдік бағасы соңғы үш жылда ең жоғары деңгейге жеткен. 2030 жылға қарай азық-түлікке деген сұраныс 35 пайыздан асады деп болжануда.  Бұл деген бейқам отырған елдердің мойнына  қымбатшылық қамыты киіледі деген ескерту.

Қазақстан Жоғары еуразиялық экономикалық кеңеске мүше ел. 2021 жылы 21 мамыр күні  Бейнеконференция режимінде өткен кеңестің кезекті отырысына Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткенде былай деген болатын: «Одаққа мүше әрбір елдің азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға әлеуеті жетеді. Сонымен қатар ішкі нарықты қорғау жөніндегі шектеу шаралары агроөнеркәсіп кешенінің дамуын тежеп, азық-түлік тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін. Әрине, кейбір жекелеген жағдайларда олардың уақытша қолданылуы өзін ақтады. Дегенмен мұндай шектеулердің біздің Одаққа мүше елдерге қатысы болмауы тиіс деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow