Қарулы қақтығысқа қатысы бар 4 адам ұсталды

Жамбылдағы қарулы қақтығысқа қатысы бар деген күдіктілер қолға түсті. Бірнеше адамға оқ атып қашып кеткен 4 адам Мойынқұм ауылынан ары аса алмаған. Полиция оларды бір тәулік ішінде үй ішінде жасырынып отқан жерінен ұстады.

Қарулы қақтығысқа қатысы бар 4 адам ұсталды

Күдіктілердің барлығы 19 бен 38 жас аралығындағы Мойынқұм ауданының тұрғындары. Еске салайық, өткен сейсенбі күні ауыл жастары арасында жанжал туып, арты атысқа ұласқан еді. Салдарынан 4 адам ауруханаға түсті. Денесінің бірнеше жерінен жарақат алған 19, 22, 26 және 28 жастағы тұрғындар аудандық ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер жағдайлары тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ дейді. Ал 28 жастағы науқастың жағдайы ауыр. Оқ оның басына, кеуде қуысына және білегіне тиген. Сондай-ақ екі жамбасы бірнеше жерінен тесілген. Травматикалық қарудан оқ жаудырғандардың кінәсі дәлелденсе олар 10-15 жылын темір торда өткізбек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow