Жамбылда «Таза Қазақстан» акциясына 22,5 мыңнан аса адам қатысты

Жамбылда «Таза Қазақстан» акциясына 22,5 мыңнан аса адам қатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы іске асырылуда.

 

Облыстық мәслихаттың шешімімен 2030 жылға дейін бекітілген «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының Өңірлік жоспары аясында 47 іс-шара іске асырылуда.

 

Бүгінгі күнге «Таза Қазақстан» акциясына 22,5 мыңнан аса адам және 850 кәсіпорындар мен мекемелер қатысты.

 

Іс-шаралар аясында 45,9 мың жасыл желектер отырғызылып, 2,6 мың шақырым көше жолдары, 810 шақырым арық жүйелері мен каналдар, сондай-ақ 615,5 мың м² саябақтар мен скверлер аумақтары тазаланды, 5,2 мың тонна күл-қоқыс шығарылды.

 

Акция шеңберінде іс-шараларға тұрақты ақпараттық қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары пен әлеуметтік желілерде 26 370 материал жарық көрді. Оның ішінде, республикалық телеарналарға 12 сюжет, өңірлік арналарға 84 сюжет, сайттарға 157 материал, басылымдарға 123 мақала, желіде 25 994 пост жарық көрді. Облыста 113 сыртқы көрнекі құралы орналастырылған.

 

 «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі бойынша телеграмм-бот арқылы жыл басынан жалпы 371 өтінім түсті,  оның ішінде: 365 өтінім мерзімінде қарастырылып, 4 өтінім иелерімен бас тартылды, 2 өтінім қаралу үстінде.

 

Халық арасында ақпараттық сервиспен жұмыс істеуді таныстыру үшін арнайы бейнероликтер ресми сайттар мен танымал әлеуметтік желілердегі парақшаларға жарияланды.

 

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көктем айында облыс бойынша 10 акция өткізу жоспарланған. Олардың қатарында «Тазарту күні», «Мөлдір бұлақ», «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Болашақты бірге отырғызамыз», «Жасыл қала», «Жасыл аймақ», «Таза кәсіп - таза аймақ», «Таза өлке», «Киелі мекен», «Өнегелі ұрпақ» атты шаралар легі бар.

 

Бүгінгі күнге, «Тазарту күні», «Мөлдір бұлақ», «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Жер сағаты», «Таза қала», «Таза өлке» және 25 сәуірде Мемлекет басшысының қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық акция күніне арналған теле-көпір арқылы «Жасыл болашақ» акциясының салтанатты ашылуы өтті.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow