Заңсыз жүрген 540 шетелдік азамат анықталды

Заңсыз жүрген 540 шетелдік азамат анықталды

Жамбыл облысында заңсыз жүрген 540 шетелдік азамат анықталды. Көші-қон заңнамасын өрескел бұзғандар өңірге жыл басында жұмыс істеу мақсатында келген.  

Бірақ құжаттарын тексеру кезінде біразының елде болу мерзімі өткіп кеткені белгілі болды. Кейбірінің жұмыс істеуге рұқсаты жоқ. Арасында төлқұжатын жоғалтқандар да бар. Шетелдіктер әсіресе әр түрлі құрылыс нысанында, наубайханалар мен зауыттарда жалданып жұмыс істеген. Көбі Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен Қырғызстаннан келген. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 22 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Сот шешімімен 125 шетелдік елден шығарылып, 100 жұмыс беруші жауапқа тартылды.

НҰРЛАН МЫРЗАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Шетелдіктерден Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан азаматтары басында жұмысқа, оқуға және басқа  мақсатта келеді. Келу барысында заңнаманы бұзады. Содан кейін ел аумағында тығылып жүреді. Сол уақытта құжатының мерзімі өтіп кетеді, не болмаса жоғалтып алғандар бар. Осылардың барлығына құжат жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартып, еліне қайтарылды. 


Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow