Тазару күні – табиғатқа қамқорлықтың көрінісі

Тазару күні – табиғатқа қамқорлықтың көрінісі

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің қызметкерлері 23 наурыз – Тазару күніне орай игі іс-шара ұйымдастырды. Аталған күні мекеме ұжымы бірлесіп, аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты.

Шара барысында қызметкерлер мекеме ауласын қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлді. Табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл бастама қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа таза әрі жасыл орта қалдыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Тазару күні – жаңару мен тазалықтың белгісі. Осындай игі шаралар арқылы мекеме қызметкерлері табиғатқа жанашырлық танытып, қоғамға үлгі боларлық іс атқаруда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow