Тазалық талаптарын бұзғандар анықталды

Тазалық талаптарын бұзғандар анықталды

Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық талаптарын бұзған азаматтарды анықтау жұмысы күшейді. Жыл басынан бері айналаның тазалығына нұқсан келтіріп, немқұрайлы қарған 400 адам тиісті жазаға тартылды. 

Оларды анықтау орталық көшелер мен шаһардағы шағын аудандарғы бейнебақылау жүйесінің көмегімен жүзеге асты. Тәртіпті елмегендердің басым бөлігі көшеде кетіп бара жатып сусын мен темекі тұқылын тастағандар. Сондай-ақ қоқыс қалдықтарын жол жиегіне қалдырып кеткендер. Бұл әрекеттердің барлығы қоғамдық орынды ластау болып саналатындықтан ескерту немесе әкімшілік айыппұл салынады. Айта кетейік, аймақта «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Тұрғындар телеграмм-бот арқылы тазаланбаған орындарды хабарлап, хат жаза алады. Жыл басынан жалпы 371 өтінім түсіп, барлығы шешімін тапқан. 

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ 
Республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық талаптарын бұзған азаматтарды анықтау жұмыстары қазіргі таңда күшейтіліп отыр. Облыс аумағында бейнебақылау камералары арқылы осындай құқықбұзушылықтар күн сайын анықталып жатыр. Құқықбұзушыларға тиісті шара қолданылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow