Облыстың даму динамикасындағы өсімдер

Өңірдің өндірісі, экономикалық өсімі алдымен халық санынның өсуіне қарыздар деген қаржыгерлер арасында афоризмге арналған байлам бар. Осы негізде 5 жыл кейінге шегініп, облыстағы халық санын саралап, сандарды сөйлетсек. Бүгінге дейінгі көрсеткіш не дейді?    

Облыстың даму динамикасындағы өсімдер

Жамбыл облысында жыл сайын халық санының артуы байқалады. 2020-2022 ж.ж. аралығында облыс халқы 88,1 мың адамға 1130,1 мың адамнан 1218,2 мың адамға дейін өсті. Өсім ауылдардағы халықтың саны 1,6%-ға,  қалаларда – 17,7%-ға өсуіне байланысты. Халықтың неғұрлым айқын өсуі Тараз қаласында, Байзақ, Жамбыл және Қордай аудандарында байқалады. Урбандалу деңгейі 39,7%-дан 43,3%-ға дейін өсті.

    2020-2022 жылдары келгендер мен кеткендер саны 14 есеге өсті. Бұл қарқынды өсім 2020 жылы пандемияның кең таралуынан келгендер мен кеткендер санының күрт төмендеуіне байланысты. Осылайша, облыс бойынша көші-қонның кемуі 2020 жылғы - 0,7 мың адамнан 2022 жылы - 9,4 мың адамға дейін немесе 8,6 мың адамға артты. 2023 жылғы 1 қыркүйекке облыс халқы 1221,6 мың адамды құрап, жыл басына 0,3%-ға артты. Урбандалу деңгейі 43,3%-ды құрады. Облысқа 16,9 мың адам келіп, облыстан тыс жерлерге 22,0 мың адам кетті, көші-қон сальдосы кему жағына қарай 5,1 мың адамды құрады.

Елден тыс жерлерге кеткендердің ішінде үлкен үлесті қазақтар – 82,1%, орыстар – 3,7%, дүнгендер – 3,9%, келгендер - қазақтар – 83,4%, орыстар – 3,4%, дүнгендер-2,9% құрайды.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, әр жылдары еңбек кодексіне енгізілген өзгертулермен толықтырулар және электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттары бойынша облыстық жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2020-2022 жылдары аралығында 794 еңбек ұжымдарында 9342 адамды қамтитын 794 түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, 850-ге жуық арнайы мақалалар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланды. 2023 жылдың 9 айында 156 еңбек ұжымдарында 1871 адамды қамтитын 156 түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, 196 арнайы мақалалар жарияланды.

Нәтижесінде электрондық форматта тіркелген еңбек шарттарының үлесі 2021 жылы 76,2%-ды (жоспар - 257 574, нақты - 196 174), 2022 жылы 93,1%-ды (жоспар - 214 179, нақты - 199 382) құрады. 2023 жылдың 9 айында ақпараттық жүйеге 185 057 еңбек шарттың  161 800-і енгізіліп 87%-ды құрап отыр.

Жұмыспен қамту. 2020-2022 жылдары жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 191,0 мың адам қамтылды, оның ішінде жұмыспен -168,8 мың адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен - 5,4 мың адам қамтылды. «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 29,3 мың адам оқытылды, 15,5 мың адам грант алды, 2,8 мың адамға шағын несие берілді.

2023 жылдың 9 айында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 50,2 мың адам қамтылып, 37,4 мың адам жұмысқа орналасты.

Нәтижесінде, 3 жылда 116 971 жаңа жұмыс орны құрылды (оның 58 580-і уақытша, 58 391-і тұрақты). Құрылған жұмыс орындарының ішінде тұрақтысының үлесі 49,9%.

2023 жылдың 9 айында 56 580 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 41095 (72,6%).

2020-2022 жылдары және 2023 жылғы  9 ай аралығында «10 мың халық санына 100 жаңа жұмыс орнын құру» индикаторы аясында 43 457 жұмыс орны құрылды (2020 жыл - 6 240, 2021 ж. - 6 228, 2022 жыл - 15 366, 2023 жылғы  9 айы – 15 623).

Іске асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары өңірлік еңбек нарығында жұмыссыздықты 4,9% деңгейінде тұрақты сақтауға мүмкіндік берді  (2020-2021 ж.ж), 2022 жыл қортындысымен  5,0%-ды құрады.

2023 жылғы 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.

2020-2022 ж.ж. облысқа 2103 отбасы (3229 қандас) (2020 жылы - 380 отбасы (617), 2021 жылы - 936 отбасы (1449), 2022 жылы -  787 отбасы (1163), 2023 жылдың 9 айында - 493 отбасы (723) келді.

Келгендердің көпшілігі Өзбекстан Республикасының азаматтары (84,4%). Қандастарымыздың негізгі үлесі Тараз қ. (21,3%), Байзақ (27,7%) және Қордай (26%) аудандарында орналасқан.

Бұған дейін елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы болды. Оның аясында аймақта атқарылған жұмыстарды шолып шықсақ. 2020-2022 жылдар аралығында 7855 іс-шара өткізіліп, 1 845 289  адам тартылған.  2023 жылдың 9 айымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының бағыттары бойынша 3920 іс-шара ұйымдастырылып, оған 496 354 адам тартылды (40,6%).

«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде тұрақты түрде өтетін «Әуенді Тараз кештері» жобасы,  салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту, облыс жұртшылығы арасындағы мәдени және рухани байланысты күшейту мақсатында облыстық «Рухани керуен» жобалары атқарылды.

Жастарға арналған тайм менеджмент және қаржылық сауаттылық негіздерін меңгеру мақсатында «PROGRESS» атты оқу курсы өткізілді.

Ұлттық қолөнерді дамыту, еліміздің заманауи сәндік-қолөнерінде халық дәстүрлерін сақтау және мәдени тарихи мұрасын көбейту мақсатында Тараз қаласында «Сән әлемі Әулиеата төрінде» (Қазақстан, Германия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен қолөнер шеберлері қатысты) атты қолөнер шеберлері көрмесі өткізілді.

Сонымен қатар, «Көне - Тараз» тарихи этномәдени кешенінде «Қош келдің-Әз наурыз» атты мерекелік шара,  Қ. Рысқұлбеков саябағында «Біз сағынған әндер» атты ретро фестивалі, «FOODFEST-TARAZ» ұлттық тағамдар фестивалі ұйымдастырылып, 11 мыңнан астам тұрғындар мен қатысушылар қамтылды.

Меценаттар және демеушілер есебінен 2020-2022 жылдар аялығында    2,4 млрд. теңгеге 86 жоба (әлеуметтік, мәдени, инфрақұрылымдық нысандар, мешіттер, саябақтар және т.б.) іске асырылды.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында (құрылыс нысандары бойынша) құны  936,8 млн. теңгеге 39 жоба іске асырылды.

Жастар саясаты. Облыс аумағында волонтерлік қызметпен құрамында
10 мыңнан аса волонтері бар 13 ұйым айналыcады.

  Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қ. мен барлық аудандық ресурстық орталықтарының жанынан 11 волонтерлық топтар құрылған.

  2023 жылы «Қамқор» еріктілер тобы құрылып, жұмыс атқаруда.

  Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қамқор» әлеуметтік дүкені (Тараз қ., №9 Мыңбұлақ шағын ауданы, №9 үй) ашылып, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық ретінде киім-кешектер, тұрмыстық заттар тегін таратылуда.

  Волонтер жылы аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен
21 волонтерға  6,3 млн. теңгеге грант бөлінді (300 мың теңгеден).

Еріктілер түрлі жобаларға қатысады және «Еljastary» ақпараттық навигаторын белсенді пайдаланады.

  2023 жылы волонтерліктің 12 бағыты бойынша 1 126 іс-шара өткізіліп, оған 15 593 жас қатысты.

  Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жобаларды ұйымдастыру» жобасын (5,6 млн. теңге) «Жаса жастар» қоғамдық бірлестігі іске асыруда.

  Дене шынықтыру және спорт. Облыста 2022 жылы  2020 жылмен салыстырғанда спорт инфрақұрылымының саны 215 бірлікке ұлғайды  (2020 жылы - 2704, 2021 жылы - 2836, 2022 жылы - 2919 бірлік). 2023 жылдың 9 айы қорытындысымен спорт ғимараттарының саны 2929 бірлікке жетті, оның 2028-і ауылдық жерлерде.

2020 жылы 14 спорттық-сауықтыру кешені салынды. Оның 13-і бюджет қаражаты есебінен (Тараз-5, Байзақ-2, Жамбыл-1, Қордай-3, Сарысу-1, Шу-1), 1-і демеушілер есебінен (Әлжан ана). Сонымен қатар 2 нысанға (Ұлан №5 стадионы, Сарыкемер ауылындағы стадион) күрделі  және 12 ағымдағы жөндеу жұмыстары (Тараз - 1, Байзақ ауданы - 8, Меркі ауданы - 1, Талас ауданы - 2) жүргізілді, 1 – қайта құру (№4 теннис корты).

2021 жылы облыста 11 дене шынықтыру – сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп, 5 дене шынықтыру – сауықтыру кешені қолданысқа берілді (Меркі ауданы Меркі ауылы, Қордай ауданы Гвардейский ауылы, Байзақ ауданы Түймекент ауылы, Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылы және Тараз қаласы) және қалған 6 дене шынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысы 2022 жылы аяқталды.

2022 жылы облыста 18 спорт кешендерінің құрылысы жүргізіліп,            4 спорт кешені (Талас ауданы – 1, Қордай ауданы – 1, Мойынқұм ауданы – 2) қолданысқа берілді. Қалған 14 спорт кешенінің құрылысы 2023 жылға өтпелі болып табылады.

2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 3 спорт кешені құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді (Жамбыл ауданы – Сұлутөр ауылында, Қордай ауданы - Аухатты ауылында және Т.Рысқұлов ауданы – Көгершін ауылында).

Сонымен қатар, 2020-2022 жылдары Тараз қаласы мен аудандарда 243 спорт алаңшасы жергілікті тұрғындардың игілігіне берілді (2020 жылы – 92, 2021 жылы – 89,  2022 жылы – 62). 

2023 жылы 47 спорт алаңшасы салынды (Байзақ - 4, Жамбыл - 6, Жуалы - 2, Қордай - 8, Меркі - 4, Мойынқұм - 3, Т.Рысқұлов - 4, Шу - ауданында 12 және Тараз қаласында - 4). Бүгінгі күні 4 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде, жоспарға сәйкес жыл аяғына дейінгі мерзімде орындалатын болады.

2020 жылы халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі – 49,2%, 2021 жылы - 56,8%, 2022 жылы - 57,5%, 2023 жылдың 9 айымен - 57,8% құрады.

2020-2022 жылдары 7889 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.  2023 жылдың 9 айы бойынша 2835 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтті.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықты қамтудың ұлғаюы байқалады. 2020 жылы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдардың үлесі 32,2% құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 39,1%-ға жеткен. 2020 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 6,9%-ға өсті.

2023 жылдың 9 айы бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдардың үлесі 40,0%-ға дейін жетті.

2020 жылы дене шынықтырумен және спортпен  шұғылданатын дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар саны 3389 адамды құраса, 2022 жылы 4045 адамға жеткен. 2020 жылмен салыстырғанда спортпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны 656 адамға артты. Бүгінгі күні облыс аумағында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар саны 3 173 немесе 22,1%.

Мәдениет. 2020-2022 жылдары облыста 14 мәдениет нысаны пайдалануға берілді. Жалпы 511 мәдениет және архив ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде 197 мәдениет үйі мен клубтар (типтік ғимараттарда -170, бейімделген -27). Апаттық клубтардың саны - 6.

2020 жылы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы аясында 3 мәдениет нысаны салынды (Байзақ ауданы, Бұрыл а. – 180 орын, Жетібай а. - 90 орын, Көкбастау  а. – 90 орын), 5 нысанға (Меркі аудандық балалар кітапханасы, Талас ауданы Қызыләуіт және Қараой ауылдарының клубтары, Тараз қ. Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы, Байзақ аудандық мемлекеттік архиві) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Жамбыл ауданында Қаракемер ауылдық клубы салынды. Сонымен қатар, Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылындағы 180 орындық мәдениет үйі бой көтерді. Жуалы ауданындағы Б.Момышұлының мемориалдық музейіне 14,4 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу және реэкспозиция жүргізілді.

2021 жылы 1 нысанның құрылысы (Қордай ауданы - Отар ауылы 180  орындық мәдениет үйі) және «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 нысанның құрылысы (Жамбыл ауданы - Өрнек ауылында 140 орындық, Жуалы ауданы - Нұрлыкент ауылында 180 орындық, Қордай ауданы - Жамбыл ауылында 90 орындық мәдениет үйі) аяқталып, пайдалануға берілді.

«Жомарт түлек» жобасы аясында демеушілер есебінен Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығы (500,0 млн. тг.) пайдалануға берілді. 39  мәдени нысан күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша 4 мәдениет нысанының құрылысы аяқталып, 32 нысан  күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті.

«Ауыл - ел бесігі» және облыстың даму бағдарламалары аясында 2023 жылы 14 мәдениет нысанының құрылысын жүргізуге бюджеттен барлығы 2,2 млрд.теңге (РБ - 1,1 млрд.тг, ЖБ - 1,1 млрд.тг) қаржы қарастырылған. Аталған қаражат есебінен 2022 жылдан өтпелі 8 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге, Қордай ауданы Қарасу ауылындағы және Меркі ауданы Мыңқазан ауылындағы әр қайсысы 90 орынға арналған мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталды.

30 мәдениет нысандарына (4-күрделі, 26 - ағымдағы) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 624,4 млн. теңге бөлініп, 14 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды.

Облыста 274 кітапхана бар (3 – облыстық, 8 – қалалық, 263 – аудандық және ауылдық кітапханалар). Соңғы 3 жылда мемлекеттік кітапханалардың кітап қоры жергілікті бюджет, мемлекеттік тапсырыс және жеке бастамалар қаражатынан 303 202 дана кітаппен толықтырылды. 2020-2022 жылдары кітап қорын толықтыруға жергілікті бюджеттен 123,5 млн.теңге бөлінді.       2023 жылдың 9 айында кітапханалардың кітап қоры 57,7 млн. теңгеге                  25 686 дана кітаппен толықтырылды. Бүгінге, кітап қоры – 3 779 089 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 2 053 917 дана.

Облыстың 271 кітапханасы интернет желісіне қосылған, 274 - компьютерлендірілген және «Каталогизатор» модулі бойынша автоматтандырылған.

Кітапханаға келушілер мен оқырмандардың санын арттыру үшін облыс кітапханаларының жанынан 28 коворкинг орталық және 183 цифрлық ақпараттық орталық ашылды.

Туризм. 2022 жыл қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген келушілердің жалпы саны, 2020 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге өскен     (2020 жылы – 94 479, 2021 жылы – 127 162 адам, 2022 жылы – 325 723 адам). Резиденттер бойынша келушілер саны 1,4 есеге (2020 жылы – 92 922, 2021 жылы – 125 776 адам, 2022 жылы – 132 840 адам ), резидент емес тұлғалар бойынша 1,8 есеге (2020 жылы – 1557, 2021 жылы – 1 386 адам, 2022 жылы – 2872 адам) өскен.

2022 жылы 2020 жылмен салыстырғанда орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 1,9 есеге артқан (2020 жыл – 988,6 млн. теңге, 2021 жыл- 1 497,3 млн. теңге, 2022 жыл- 1 864,4 млн. теңге ).

Ресми статистикалық мәліметке сәйкес 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыста келушілерді орналастырумен шұғылданатын орналастыру орындарының саны 220 бірлікті құраса, ондағы орналастыру орындары саны 2 637 бөлме, бұл ретте біржолғы сыйымдылық 7 446 төсек-орынды құрап отыр. Олармен 68 262 адамға қызмет ұсынылып, қызмет көрсетілген келушілердің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,5%-ға артып отыр.

Оның ішінде резидент емес келушілердiң саны 59,7%-ға көбейді                   (2022 жыл – 776 келушілер, 2023 жыл – 1 239 адам), резиденттер бойынша  8,9%-ға көбейген (2022 жыл – 61 555   адам, 2023 жыл – 67 023 адам).

Есепті кезеңде орналастыру орындарында 1 069,7 млн. теңге сомасына қызмет көрсетіліп, қызметтердің көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 27,3 %-ға көбейген.

Тұрғын үй. Облыста тұрғындарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, жайлы өмір сүру ортасын құру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. 2020-2022 жылдары барлық көздер есебінен 1 994,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жыл сайынғы өсу қарқыны орта есеппен 111,3%-ды құрады.

2023 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 698,3 мың шаршы метрді құрайды (оның ішінде 194,1 мың ш.м - мемлекеттік меншік,                      504,2 мың ш. м. - жеке тұрғын үйлер құрылысы). Ағымдағы жылдың                           9 айының қорытындысымен 501,8 мың шаршы метр тұрғын үй берілді немесе 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2%-ды құрайды.

2020 жылы бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіші 17,6 ш. м, 2021 жылы – 18,0 ш. м, 2022 жылы - 18,1 ш. м құрады.

2022 жылы тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 2020 жылмен салыстырғанда 24,2%-ға артты (2020 ж. – 29 440 адам, 2021 ж. – 35 118 адам, 2022 ж. – 36 566 адам).

2023 жылдың 1 қазанына тұрғын үй алу кезегінде 37 296 адам тіркелген болса, есепті кезеңде 420 пәтерді құрайтын 6 кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, жеке инвесторлар қаражаты есебінен 324 пәтерлі  7 тұрғын үй пайдалануға берілді.

 «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында халықты әлеуметтік осал және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы республикалық бюджеттен 797 пәтер сатып алуға 7,6 млрд. теңге бөлінді.

2020-2022 жылдары жерге кезекте тұрған азаматтар үшін 8 815 жер учаскесі беруге дайындалды (2020 жылы-1620 учаске, 2021 жылы-3997 учаске, 2022 жылы-3198 учаске).

2023 жылы бюджет қаражаты есебінен 14 жаңа массив үшін 20 инфрақұрылымдық жоба салынуда. Нәтижесінде 2 жаңа алапта жеке тұрғын үй құрылысы үшін 869 учаске дайындалады.

  Дипломмен ауылға. 

2020-2022 ж.ж. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тұрғын үй сатып алуға және салуға республикалық бюджеттен                 861 маман 3 704,2 млн. теңге алды.

  1596 маманға бір жолғы жәрдемақы төлеуге жергілікті бюджеттен 463,9 млн теңге бөлінді.

  2023 жылы осы жоба аясында мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін,  204 маман үшін 1 055,7 млн. теңге бюджеттік несие қарастырылып, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 157 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 800,5 млн. теңге несие берілді.

  Жергілікті (аудандық) бюджет есебінен 525 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысын төлеуге 181,0 млн. теңге қарастырылып, есепті кезеңде 168 маманға 58,0 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілді.

  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018-2021 жылдары аралығында облыс бойынша мемлекеттік  қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру  және  жүргізу жұмыстарына сәйкес, «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығымен» меморондум жасалып, Іс-шара жоспары (2018 жылғы 28 тамызда)  бекітілді.

  Іс-шара жоспары негізінде, Тараз қаласы мен аудан орталықтарындағы (19 105 га) құрылысы салынған аумаққа инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне  ізденіс  (түгендеу) жұмыстары жүргізілді.

2022 жылы   халық саны бес мыңнан жоғары елді мекендердің құрылысы салынған жер көлемі 4 886 га аумақтың инженерлік жүйелеріне түгендеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлу жұмыстары жүргізілді.

2023 жылдың жоспары 6011,95 га құрайды. Оның ішінде (Байзақ ауданы - Қызылжұлдыз, Түймекент а. 605,25 га /28,0 млн.тг; Жамбыл ауданы - Гродекова, Шайқорық а. 855,3 га /39,0 млн.тг; Қордай ауданы- 2003 га /68,0 млн.тг; Меркі ауданы - Ойтал, Интернациональный, Андас батыр а. 1172,3 га/54,0  млн.тг; Т.Рысқұлов ауданы - Құлан 224,80 га / 11,0 млн.тг; Сарысу ауданы - 590 га/27,0 млн.тг; Шу ауданы - Д.Қонаев 561 га/26,0 млн.тг) тиесілі.

Бүгінге, барлық аудандарда инженерлік жүйелерді түгендеу жұмыстары аяқталды.

2023 жылдың қаңтар-тамызында 5046,35 га анықталды.

Бүгінге, Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов Сарысу, Шу аудандары әкімдіктері жұмыстарын аяқтады, ал Меркі, Қордай аудандары әкімдіктері аяқтау жұмыстарын жүргізуде.

ЖЭК. Өңір республикада жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша көшбасшы орынға ие, онда жалпы қуаты 451,3 МВт болатын 21 жаңартылатын энергия көздерінің объектілері жұмыс істейді. Оның ішінде жалпы қуаты 24,4 МВт болатын алты су электр станциясы, қуаты 175,65 МВт болатын тоғыз жел электр станциясы және қуаты 251,25 МВт болатын алты күн электр станциясы бар.

2023 жылы Сарысу ауданында «China Power International» компаниясымен қуаты 100 МВт «Шоқпарская ЖЭС» құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары басталды, бүгінге 11 өлшеу діңгегі орнатылды.

Сумен жабдықтау.  

Облыс бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 5913,4 шқ құрайды, оның ішінде 1371,3 шқ немесе 23,2% тозған. Оның ішінде қалалық елді мекендердің ұзындығы (Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары) 1310,0 шқ құрады, оның 616,4 шқ немесе 47,1% тозған. 

Жаңатас және Қаратау қалалары ауыз сумен 100%, Тараз – 95,5%, Шу – 67% қамтамасыз етілген.

Ауылдық елді мекендерде су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 4492,6 км, тозуы 922,3 км немесе 20,5% құрайды. Облыстағы 367 ауылдық елді мекеннің 302-сі (82,3%) немесе 652,1 мың адам (94,3%) сумен қамтамасыз етілген.

2020 жылы орталықтандырылған сумен қамту 398 271 адамды (88,9%) қамтыды, 2021 жылы қала халқы 448 133 адамды, 2021 жылы 413 166 адамды (91 %) құрады. 2022 жылы қала халқы 454 052  мың адам. 2023 жылғы 1 қаңтарда қала халқы 460175 адамды (92,4%) құрады. 2023 жылдың соңына дейін оны 97,5 пайызға жеткізу жоспарлануда.

2020 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен ауылдық елді мекендерде 562622 адам немесе ауыл халқының 82,2%-ы қамтамасыз етілген; 2021 жылы – 607515 адам (82,2%), 2022 жылы – 638493 адам (92,0%),  2023 жылдың 10 айдың 652 100 адам (94,3%) құрап отыр. 2023 жылдың қорытындысымен 96,5%-ға немесе 666987 адамға  жеткізу жоспарлануда.

Облыста 18 пайдаланушы ұйымдар мен кәсіпорындар жұмыс істейді, олардың қалалардағы негізгілері «Жамбыл Су» МКК, «Жаңатас-Су-Жылу» МКК, «Игілік» МП МКК, «Ауыз су-Шу» КМК болып табылады, облыс тұрғындары үшін тариф 18,69 тг/м3-ден 117,04 м3 теңге аралығын (ҚҚС-сыз) құрайды.

Облыстың кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 592,7 км құрайды, оның ішінде тозған күйде – 228,9 км (38,6%). Оның ішінде қалаларда – 556,9 км, тозғаны – 217,1 км (39,0%). Жамбыл, Жуалы, Шу және Т.Рысқұлов аудандарында – 35,9 км, тозғаны  – 11,8 км (32,9%) тозған.

  «МҚҰ суканалдарына кепілдікпен қарыз беру» тетігі бойынша тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларының республикалық Жол картасы әзірленді:

  - Қалаларда (халық саны 45 мың адамнан асатын), оның ішінде Тараз қаласында халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын мемлекеттік кепілдікпен тарту есебінен 27 КОС жобасы, республикалық бюджеттен субсидиялау және су бұру қызметтеріне тариф қарыз қаражатын қайтару көздері болып табылады;

  - Шағын қалаларда (халқы 45 мың адамға дейін), оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Жаңатас және Қаратау қалаларында 38 жоба.

  Моно- және шағын қалаларды дамыту. 2020-2022 ж.ж. мен 2023 жылғы 9 айы аралығында Қаратау қаласында 7 851,7 млн.теңгеге                (РБ-5 353,7 млн. теңге, ЖБ-2 498,0 млн. теңге) 64 жоба іске асырылды.

  Көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңарту, 25 орындық мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының ғимаратын күрделі жөндеу, археологиялық қазба жұмыстары және «Тамды қалашығының» археологиялық ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, абаттандыру жұмыстары, білім беру, мәдениет, спорт мекемелерін ағымдағы жөндеу, қала көшелерін және Қаратау қаласына кіреберіс жолдарды орташа жөндеу, көшелерді жарықтандыру жүргізілді, жылумен жабдықтаудың ішкікварталдық жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді, Қаратау қаласына дейін Көктал су құбырын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді, бейнебақылау камералары, көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында балалар ойын алаңдары, контейнерлік алаңдар орнатылды.

  2023 жылға бюджеттен 16 жобаны іске асыруға 3167,7 млн.теңге (РБ 2173,2 млн. теңге, ЖБ 994,5 млн. теңге) көзделген. 2023 жылдың 9 айында Қаратау қаласында 2 көпқабатты тұрғын үйді және олардың инженерлік инфрақұрылымын қайта жаңарту бойынша 4 жобаны,                                     2 көшені (Шахтер, Б.Момышұлы) қайта жаңарту, Қаратау қаласына кіре беріс автожолына және 6 көшеге орта жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Екі көпқабатты үйді сатып алу бойынша 2 жоба жыл соңына дейін іске асырылатын болады, 1 көпқабатты тұрғын үйді және оның инженерлік инфрақұрылымын қайта жаңарту бойынша 2 жоба - 2024 жылға ауысатын болады.

  2020-2022 ж.ж. мен 2023 жылғы 9 айы аралығында Жаңатас қаласында 6244,2 млн.теңгеге 178 жоба іске асырылды.

  2020-2022 ж.ж. аралығында  5 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңарту,  кәріз және тазарту құрылыстары қайта жаңғыртылды, инженерлік инфрақұрылым, көше жарығы тартылды, балалар ойын алаңдары, спорт алаңдары мен тренажерлер, бейнебақылау камералары, контейнерлік алаңдар орнатылды, саябақтар, көшелер мен аулалар абаттандырылды.

  2023 жылдың 9 айында «Строитель», «Горняк» және «Фосфорит» алаптарында 445,7 млн.теңгеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназияда, Абылайхан атындағы мектеп-лицейде 399,0 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

  2020-2022 ж.ж. мен 2023 жылғы 9 айы аралығында Шу қаласында  6 226,2 млн.теңгеге (РБ- 4 036,9 млн. теңге, ЖБ- 2 189,3 млн. теңге) 156 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.

  2020-2022 ж.ж. аралығында 9 көп қабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізілді, «Паровоз» монументінің маңындағы 11 көшеге жарықтандыру жүргізді, 27 көшеге орташа жол жөндеу жұмысы жүргізілді, 300 орындық Ы.Алтынсарин мектебінің жаңа құрылысы жүргізілді, 5 көшеге  жаяу жүргіншілер тротуары жасалды, 9  балалар ойын алаңдары мен стрит-воркауттар орнатылды және 1 стадионға күрделі жұмыс жүргізілді, қалалық емханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа,                                 Шу қаласындағы 258,7 га тұрғын үй алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы (көше жолдарына құм шағал төселді,                                     су құбыры және газ құбыры), 22 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді (РБ – 3 236,9 млн. теңге, ЖБ -  1 599,3 млн. теңге).

  2023 жылғы 9 айында 9 көп қабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізілді, 4 жаңа тұрғын аймаққа электрмен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізді, 2022 жылы басталған емханаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, 4 балалар ойын алаңдары мен стрит-воркауттар орнатылды. Қаладағы екі мектепке және 1 бала бақша газ отынымен қамтылды.

  236 көше газдандырылып, жалпы 6151 тұрғын үй, 190 заңды тұлға көгілдір отынға қосылып, қамтылды және Шу қаласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

  «Қант зауыты» мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2022 ж. құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2024 ж. пайдалануға беріледі.

  Жолдар. Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4338 шқ құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар – 1198,5 км, аудандық маңызы бар теңгерімге беруге байланысты облыстық маңызы 1756,2 шқ, аудандық – 1383,3 шқ.

  Көлік инфрақұрылымының сапасы жақсаруда. 2019-2021 жылдары жөндеу жұмыстарының барлық түрлерімен 1182,2 шқ облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қамтылды. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 2019 жылғы 91,5%-дан 2021 жылы 95%-ға дейін өсті. 2022 жылы жергілікті маңызы бар 247,7 шқ автомобиль жолдарын (облыстық маңызы бар 194,1 шқ, аудандық маңызы бар 53,6 шқ автожолдар) күтіп ұстауға және жөндеуге 16,2 млрд теңге игерілді. 

2023 жылы жергілікті мәндегі жолдарды жөндеуге 24,9 млрд. теңге бөлінді. Жоспарланған 809,5 шқ (5,5 шқ көше жолдарын жөндеу, 9,6 шқ жаңғырту, жолдарды орташа жөндеу 794,4 шқ), 787 шқ (97,2%) жөнделді.

Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі  97%-дан 98%-ға жетеді.

Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі. Негізгі экологиялық проблема Тараз қаласында тазарту құрылыстарының болмауы болып табылады. 2019 жылы тазарту құрылыстарын салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, ал 2022-2023 жылдары халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары есебінен тазарту құрылыстарын дамыту мен жаңғыртудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

  Облыста қоқыс өңдеу зауыты жоқ, жинақталған қалдықтар көмуге арналған полигондарға жіберіледі, компоненттер бойынша алдын ала ішінара сұрыпталады.

  Пластмасса, полиэтилен, электрондық аспаптар, мотор майлары, шыны және қағаз қалдықтарын сұрыптау немесе кәдеге жарату жөніндегі 16 мекеме жұмыс істейді. Қоқыс қалдықтарын бөлек жинауға арналған 659 контейнер, құрамында сынабы бар шамдар мен батареялар үшін – 106, электрондық және электр қалдықтары үшін – 5 контейнер орнатылды. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласын дамыту үшін гранттар мен субсидиялар ұсыну арқылы инвесторлар, ШОБ өкілдерін тарту жоспарлануда.

  «Қазфосфат» ЖШС-гі «Минералды тыңайтқыштар» ТФ фосфогипс қалдықтарының жиналуы облыстың Жамбыл ауданы мен Тараз қаласы тұрғындарының әлеуметтік шиеленісін туғызады. Кәсіпорын жыл сайын     478 мың тонна аммофос, 5,0 мың тонна суперфосфат, 20,0 мың тонна азықтық трикальцийфосфат, 600,0 мың тонна күкірт қышқылын шығарады. Сондай-ақ, аммофос шығаруды жылына 978,0 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Аммофос өндірісінде үлкен тонналық өндіріс қалдықтары - фосфогипс пайда болады, оны орналастыру үшін үлкен жер учаскелерін алып жатқан арнайы қоқыстар қажет. Қазіргі уақытта, қаладағы екі қоқыста Таразда 13 млн. тоннадан астам фосфогипс жинақталған.

  Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату проблемасын шешу фосфогипс қалдықтарын ауыл шаруашылығына (тұзды жерлерді қалпына келтіру үшін) және жол құрылысы тарту, бұл Жамбыл облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасында іс-шаралар қарастырылған. Жол негізінің қабаттары үшін фосфогипсті қолдану жол төсемінің сапасына жағымды әсер етеді: суға және аязға төзімділікті арттырады, орнату уақытын реттейді, гидрофобтылықты арттырады және физика-химиялық жоғары сипаттамаларына ие.

  Ауыл шаруашылығы мақсаты бойынша пайдалану кезінде қолдану бойынша шектеулер жоқ. Қазіргі уақытта, фосфогипс қалдықтарын ауыл шарушылығы мақсатындағы жергерге қолдану үшін аудандар бөлінісінде жоспар әзірленіп,ауыл шаруашылығы мақсатында 3500 тонна қалдық беріледі. 2022 жылдың 9 айлық есебімен 90 тонна берілді. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейн жинақталған фосфогипсті жою үшін «Қазфосфат» ЖШС-гі іс-шара жоспарын әзірген, оған 28,14 млн.теңге жоспарланған.

Жалпы ұзындығы 3413 шқ болатын 517 каналға (магистральдық арналар - 145 бірлік/1080 шқ, тозу – 80%; шаруашылықаралық арналар - 95 бірлік/860 шқ, тозу – 80%; шаруашылықішілік арналар - 277 бірлік/1473 шқ,                         тозу - 90%), бекітілген 172,5 мың га суармалы жерлер республикалық меншікте.

Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің қарыз борышы есебінен ЖТҚ-2 және су жүйелерін қалпына келтіру жолымен суарылатын судың шығыны 380-ден 460 млн.м3-ге дейін ретке келтірілді.

2021 жылы суарудың су үнемдеу технологиялары 40 мың га суармалы жерге (22%) енгізілді.

Ормандарды сақтау және сауықтыру.

Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде 71,7 мың га алқапқа 140,8 млн. дана ағаш-бұта тұқымын отырғызу жоспарланған. 

2021 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 7300 га алаңда 10,5 млн. дана ағаш-бұта тұқымдарын отырғызу (3300 га алаңда 6,4 млн. дана сексеуіл, шегіршін отырғызу және 4000 га алаңда 4,1 млн. дана сексеуіл тұқымын себу) жүргізілді. Сондай-ақ, 187,8 га алқаптағы орман питомниктеріне сексеуіл мен қарағаш тұқымдары егілді, 35,05 мың га алқапта мемлекеттік орман қоры аумағында топырақтың зерттеу жүргізілді.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2021 жылы жалпы сомасы 217,0 млн.теңгеге 49 бірлік техника сатып алынды (10 бірлік МТЗ-952 маркалы дөңгелекті тракторлар, 8 бірлік жоғары өтімді автомобильдер, 9 бірлік тіркеме техника, 2 ПТС – 4, соқалар-9 бірлік, тұқым отырғызу үшін 17 бірлік, орман тұқымдарын себуге арналған 10 бірлік сепкіш, топырақ өңдеуге арналған 5 бірлік жазық кескіш және 3 бірлік стационарлық рация).

2022 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 13410 га алаңда 24,4 млн. дана ағаш-бұта тұқымдарын отырғызу (5220 га алаңда 15,3 млн. дана сексеуіл, шегіршін отырғызу және күз айларында 8190 га алаңда                      9,1 млн. дана сексеуіл тұқымын себу) жұмыстары жүргізілуде. Орман дақылдары жұмыстарын отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың көктемі мен күзінде орман питомниктерінде 186,5 га алқапта сексеуіл мен қарағаш тұқымдары себілді. Мемлекеттік орман қоры аумағында 45,0 мың га алаңда топырақтық зерттеулер жүргізілді.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2022 жылы жалпы сомасы 87,0 млн.теңгеге 2 дана трактор және 21 дана қосымша агрегаттар алынды. Қазіргі уақытта мекемелердің материалдық-техникалық базасы 78%-ды құрап отыр.

ЕҚТА алаңын ұлғайту.         

Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы аясында «Меркі» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалында мекендейтін сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар аңдардың (қар барысы) санын көбейту мақсатында және Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктер әлемін сақтап, қорғау үшін қаумалдың аумағын ұлғайтып, мемлекеттік өңірлік парк құру мәселесі көтерілген болатын.   БҰҰДБ ЕҚТА басқару, жетілдіру жүйесі осы мәселе бойынша қаржы бөліп, қаумалды кеңейтіп, өңірлік парк жасау үшін жаратылыстану ғылыми және техника экономикалық негіздемесі жобаларын жасатты. 2021 жылғы 30 маусымдағы №KZ69VCY00940809 мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2021 жылғы 6 тамыздағы №27-5-4/147 бұйрығымен «Меркі» өңірлік паркін құру туралы» жаратылыстану-ғылыми негіздемесі бекітілді.

Жоспарланған жер учаскелерінде Жамбыл облысы әкімдігінің "Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін жерлерді резервке қою туралы» 2022 жылғы 1 қарашадағы №243 қаулысымен «Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құруға арналған жерлер» резервленді.

Бүгінгі күнде «Қазэкопроект» ЖШС «Мерке» мемлекеттік өңірлік паркін құру туралы» техникалық-экономикалық негіздеме жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл белгілі бір уақытты қажет етеді (шамамен 2023 жылдың қаңтар айының соңына дейін).

Техникалық-экономикалық негіздеме жобасы әзірленгеннен кейін бұл жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберіледі (қарау мерзімі 45 жұмыс күні).

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

Облыста қоғамдық қауіпсіздіктің тұрақты деңгейі байқалады. Тіркелген қылмыстар санының (2020 ж. - 5684, 2021 ж. - 5241, 2022 ж. – 4807, 2023 ж. 9 айда 3244), сондай-ақ қылмыстық деңгейдің төмендеуі байқалады (2020 ж. - 50, 2021 ж. – 46, 2022 ж. – 40, 2023 ж. 9 ай - 35).

2023 жылы тасымалданатын радиостанциялармен облыстық  Полиция департаменті бөлімдері қосымша 36 бірлік және СОБР қызметкерлері 65 бірлікпен жарақтандырылды, ЕРАП жобасы шеңберінде мобильді планшеттер қолданылуда.

Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруіне бақылауды күшейту мақсатында 3 қаржы жылына шарт жасасу жолымен сервистік модель шеңберінде смартфондар базасында 968 бірлік бейнетіркегіштерді қолдану бойынша «цифрлық полицей» жобасы іске асырылуда.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі, облыстың жергілікті полиция бөлімшелерінің күнделікті қызметінде 1000 бірлік мобильді планшеттер мен термопринтерлер пайдаланылады. Сәйкестік нормасына сәйкес қажеттілік 1145 бірлікті құрайды.

Ағымдағы жылы қосымша 88 бірлік мобильді планшет сатып алынды, учаскелік полиция инспекторларының жаңадан іске қосылатын штаттық бірліктері үшін жалпы сомасы 25 млн 500 мың теңгеге 70 бірлік мобильді планшет сатып алынды. Қосымша 44 планшет сатып алу қажет.

2020 жылдан бастап жылдамдық режимінің бұзылуын анықтау үшін «Арқан» мобильді кешені жұмыс істейді.

Тараз қаласында азаматтар көп жиналатын орындарда, саябақтар мен аллеяларда орнатылған 4 модульдік бекет жұмыс істейді.

«Бұлтты бейнебақылау» бағдарламасы аясында облыс орталығында 180 көппәтерлі тұрғын үйде 2 280 камера орнатылған.

Бейнебақылау камераларының санын ұлғайту шеңберінде 2022 жылы қала аумағында 1250 бейнебақылау камерасы, 2023 жылы бейнебақылау жүйесін кеңейту шеңберінде қоғамдық қауіпсіздік аналитикасы функциясы бар 300 камера және 289 камерадан тұратын 48 «Сергек» АӨК орнатылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 10 «Автоураган» АӨК және 10 «Автосканнар» орнатылды.

Облыстың 7 ауданында басқа этностардың өкілдері жинақы тұратын елді мекендерде (25 тұрғылықты жерде) бейнебақылау камералары орнатылған.

2023 жылы 3 учаскелік полиция пункті (ОП-1, Қордай ауданында және Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылы) және 1 стационарлық полиция бекеті Тараз қаласында (Зербұлақ) аяқталу кезеңінде.

Осы және басқа да шаралар қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған ұрлық, тонау, бұзақылық санын азайтты.

  Облыста 2020-2022 жылдары табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан 269 адам зардап шекті (97 адам қаза тапты, материалдық шығын 287,3 млн.теңгені құрады).

2023 жылғы 9 айында - 66 адам (23 адам қаза тапты, материалдық шығын  3693,6 млн. теңге).

  20 өрт сөндіру депосының ғимараты бар (9 ғимарат – үлгілік, 11 ғимарат – бейімделген). Ғимараттардың басым бөлігі күрделілігі мен көлемі әртүрлі дәрежедегі жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді (күрделі жөндеу – 10 өрт ғимараты: МӨСБ -1, 4-ӨСБ, 5-ӨСБ,7-ӨСБ,8-ӨСБ,9-ӨСБ,12-ӨСБ,  16-ӨСБ, 17-ӨСБ, 19-ӨСБ депосы), кейбір ғимараттар техникалық және санитарлық нормалардың талаптарына толық сәйкес келмейді.

  1 мыңнан астам халқы бар облыстың шалғай елді мекендерінде жергілікті атқарушы органдар өрт сөндіру автомобильдерімен және бейімделген техникамен жарақтандырылған 18 өрт сөндіру бекеті құрылды.

  Төтенше жағдайлар туралы халықты хабардар ету кез келген елді мекеннің тұрғындарын қандай да бір төтенше жағдайлардың теріс салдарларынан қорғауға мүмкіндік беретін қажетті қауіпсіздік шарасы болып табылады.

  Облыста 376 елді мекеннің барлығы 36 елді мекен құлақтандыру жүйесімен жабдықталған (17%) (Тараз қ., 10 аудан орталығы, Байзақ ауданының Бұрыл, Қостөбе, Түймекент ауылдары; Жамбыл ауданының Айша бибі, Гродеково, Қызылқайнар, Жасоркен, Шайқорық ауылдары; Қордай ауданының Масаншы, Бұлар батыр, Қасық, Сортөбе ауылдары; Меркі ауданының Жамбыл, Сарымолдаев, Ақтоған, Жаңатоған, Андас батыр, Кеңес, Тәтті, Ойтал, Т. Рысқұлов ауылдары; Мойынқұм ауданының Жамбыл, Көкжелек, Күшаман ауылдары, Шу қаласы).

  Төтенше жағдайларға уақтылы ден қою және авариялық-құтқару жұмыстарын сапалы жүргізу көбінесе азаматтық қорғау органдарының бастапқы материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейіне байланысты. Осыған байланысты, құтқару бөлімшелері үшін жыл сайын техника мен авариялық-құтқару жабдықтарын сатып алу қажет.

  Облыс аумағында айтарлықтай су басу аймақтарының қалыптасуы Шу, Талас, Аса өзендерінің жайылмаларынан және тау етегіндегі елді мекендердің еріген-жаңбыр суларынан пайда болуы мүмкін.

Көктемгі кезеңде су басуға бейім 42 елді мекен бар, оның 33-і су объектілерінде су деңгейінің көтерілуі, 9-ы еріген су нәтижесінде.

 «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасын орындау шеңберінде 2017-2020 жылдар кезеңінде жоспарланған 26 объектінің 25-інде жұмыстар аяқталды.

 Жалпы ұзындығы 25,4 км Талас өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шара іске асырылмады.

Елді мекендерді тасқын және еріген сулардан қорғау мақсатында  «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасы бекітілді.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow