Инвестициялық жобалар қалай келісілді?
Жуырда Жамбыл облысында инвестициялық бірнеше жоба іске асты. Жалпы бұл бағытта аймақтың алдыға қойған мақсаты мен атқарар жоспары ауқымды. Алдағы 4 жылда бас-аяғы 62 инвестициялық жоба іске асып, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір өңірде 26 зауыттың құрылысы басталып кетті – деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы.
Жамбыл облысында алдағы 4 жылда 62 инвестициялық жоба іске асып, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір өңірде 26 зауыттың құрылысы басталып кетті. Олардың арасында елімізде алғаш ашылып жатқан кальцийленген сода, натрий ционидін сынды өнім шығаратын кәсіпорындар бар.
Жалпы аймақта 26 инвестициялық жобаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдағы бірнеше жылда тағы 36 зауыт салынады.
- Биыл Жамбыл облысына 553 млрд теңге қаржы көлемінде инвестиция тартылды. 10 айда облыстағы өндірістік кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін шығарды. Бұл аймақта бұған дейін болмаған рекордтық көрсеткіш. «Мұндай нәтижеге облыста ашылған инвестициялық жобалардың арқасында жетіп отырмыз, - деді аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев.
Жамбыл ауданында елімізде алғашқы бу мен газдан электр энергиясын өндіретін станция құрылысы басталды. Қуаты 50 МВт болатын инвестициялық жобаның құны - 60 млн доллар. Мұнда 80 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 1,5 млрд КВт/сағат электр энергиясын өндіреді.
- Жаңа әрі тың технология. Тіпті Қытайдың өзінде де мұндай технология енді шығып жатыр. Алғашқы кезеңде 50 мегаватт қосамыз. Бірінші қадамға 30 миллиард теңге, екінші қадамға 100 миллиард теңге болады, – дейді «Gasenergy QZ» ЖШС директоры Сержан Әлімов.
Ал Таразда жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды. Жобаға «Алель Агро» акционерлік қоғамы 19,8 млрд теңге инвестиция салған. Өнімін елімізбен қатар әлемнің 8 мемлекетіне экспорттайды. Жалпы облыста құс шаруашылығы бағытында 3 ірі өндірістік кәсіпорын бар. Өңір билігі алдағы уақытта олардың санын еселеп арттыруды жоспарлап отыр
- Алдағы 3 жылға біз шамамен 37 осындай ауыл шаруашылыққа қатысты инвестициялық жобалар іске асыруға жұмыс жасап жатырмыз. Басымдылықты осы қайта өңдеу саласына жасап жатырмыз. Себебі қайта өңдеу саласын бізге дамыту керек, – дейді Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов.
Иә, биыл 10 ай ішінде облыстқа 553 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 38 процентке көп. Соның есебінен аймақтың экономикалық ахуалы 10,3 процентке өскен. Жалпы Жамбылда алдағы 2 жылда 3,5 трлн. теңгенің 62 ірі инвестициялық жобасы жүзеге аспақ.
- Жобаларды жүзеге асырып отырған инвесторларға алғысымды білдіремін. Жалпы біз 62 инвестициялық жобаның 26-сы бойынша іске асыру қадамын бастап кеттік. Ірі-ірі зауыттарды соғып жатырмыз. Яғни осы жылдың аяғына дейін, алдымыздағы 2-3 жылдың ішінде тағы да 36 ірі индустриялды-инновациялы үлкен жобаларды іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.
Аймақта іске асып жатқан инвестициялық жобалардың қатарында, жылына 1 млн тонна жүгері өңдейтін зауыт бар. Шу ауданында жүгеріні терең өңдейтін Орталық Азиядағы ең ірі зауыт бой көтере бастады. Бүгінде құрылысы 80 пайызға аяқталған. Мұнда бастапқыда 1 млн тонна жүгері өнделеді. Компания келер жылы іске қосылады. Биыл диқандардан 300 мың тонна жүгері сатып алына бастады. Зауыт 8 түрлі өнім шығарып, қалдығынан мал азығын да өндіреді.
- Зауыттың толық күш қуатына шығу үшін қазіргі ішкі қажеттіліктерді есептегенде кемінде 4-5 есеге дейін жүгерінің аумағын өсіруіміз керек болады. Бұл бізге бидай, арпа сияқты бірнеше жылдан бері өсіріліп келе жатқан өнімдерді әртараптандыруға, яғни басқа дақылдарға өтуге мүмкіндік береді. Шаруалар үшін ең тиімді нәрсе. Шаруа қайда өткіземін деп нарықты іздеп басын қатырмайтын болады. Қытайлық иевсторларға біздің қойып отырған талап - 90/10. Яғни 90% қазақстандық жұмыскерлер, 10% шетелдік. Бұлар 5 жылда бізге өзіміздің мамандарды оқытамыз, біліктілігін Қытайға апарып арттырамыз, одан кейін осында жұмысшыларды үйретеміз деп отыр. Кезең-кезеңімен толығымен өзіміздің жұмысшылар болады, деді – облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек.
Сонымен қатар, инвест жобалар қатарында «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан металлургиялық зауытты айтпау кетуге болмайды. Инвестициялық жобаның құны 564 млрд теңгеге тең. Нысан пайдалануға берілген жағдайда 2,5 мың жұмыс орны ашылады. Комбинат алғашқы кезеңде 1 млн тоннаға дейін арматура, созба сым, бұрышты болат шығарады. Кейін 2 млн тонна профильді және жолақты болат өндірісі қолға алынады.
- Біз болат өндірісіне әлемдегі соңғы технологияларды қолданамыз. Кәсіпорын қалдықты барынша жойып, жасыл экономиканы қолдайтын өндіріс болады. Зауыт толық циклды, яғни шикізаттан бастап өнім шыққанға дейінгі процес осында өтеді. Жалпы жылына 3 млн. тонна метал өңдейміз» деді – «Fujian hengwang investment co. Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянь.
Игілігі көп инвестициялық жобалар қатарында Сарысу ауданында салынып жатқан кальциленген сода зауыты мен тыңайтқыш және күкірт қышқылын шығаратын кәсіпорын бар. Сондай-ақ Талас ауданында натрий ционидін өндіретін кәсіпорын өз өндірісін екі есе арттырып жатыр.
Кальцийленлген сода өндіретін елдегі алғашқы зауыт Сарысу ауданында салынып жатыр. Кәсіпорын басында 500 мың тонна өнім шығарып, кейін қуаттылығын екі есе арттырады. Жобаны қолға аған түркиялық инвестор құрылысқа 800 млн доллар салған. Қазір жұмыстың 50%-і аяқталды. Өндіріс 2026 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі.
- Кәсіпорын іске қосылғанда 400 жаңа жұмыс орны ашылады. Біз Қазақстан нарығын өніммен толық қаматамасыз етіп, қалғанын экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Мұнда ең алдымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтимыз. Осында жатыр жұмыс істеу үшін шағын қалашық та салып жатырмыз – деді, «Qazaq Soda» ЖШС директоры Юсуф Джейлан.
Сарысу ауданында «ЕвроХим» компаниясы 1 млн тоннаға дейін минералды тыңайтқыш шығаратын химиялық зауыт салып жатыр. Кәсіпорында кемінде 1 200 жұмыс орны ашылады. Мұнда жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы мен тағы 4 түрлі химиялық өнім шығады.
- Өнімдер, біріншіден, ішкі нарық. Бірақ біздің көлем ішкі нарықтан, сұранысынан көп. Сондықтан шет елдерге. Ол мына Оңтүстік Еуропа, Оңтүстік, Солтүстік Америка және Қытай – деді, «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директорының орынбасары Болат Әбдуалиев.
Ал Талас ауданында натрий ционидін өндіретін кәсіпорын өнідірісін екі есе арттырып жатыр. Зауыт жылына 30 мың тонна өнім шығарып, жұмысшылар
санын 1 мыңға дейін жеткізбек.
- Әріптесіміз ТСС компаниясы Қытайдан қондырғының барлығын әкеліп қойып, іске қосып, оқытып, беріп кетеді. Қазақстанның өз мамандары жұмыс жасайды. Қоршаған ортаға, ауаға ешқандай зияны жоқ, таза қалдықсыз өндіріс. Жалпы аймақта 26 инвестициялық жобаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдағы бірнеше жылда тағы 36 зауыт салынады, дейді – «Talas Investment Company» ЖШС директорының орынбасары Әбдіғали Жүнісов.
Жалпы жоғарыда жазғанымыздай аймақта 26 инвестициялық жобаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдағы бірнеше жылда тағы 36 зауыт салынады. Өңірде алдағы бірнеше жылда 6 мың жұмыс орны ашылмақ.
Инвестициялық келісімдер қашан басталды?
Жоғарыда жазып өткен инвестициялық жобалар қалай келісілді, қашан жасалды, шарттар мен тараптарды түгендер болсақ, төмендегіні оқыңыз. Әуелі «KGIR-2025» дөңгелек үстелі жайында айтамыз. Ауқымды жиында Жамбыл облысының әкімдігі 272 млн доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойды.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қараша айының басында қатысты.
Іс-шара аясында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жетекші халықаралық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Ұсынылған бастамалар арасында ерекше назар Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша тігінен интеграцияланған өнеркәсіптік парк жобасына аударылды.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өңірде жобаны табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дамыған инфрақұрылым мен барлық қажетті ресурс бар. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін арттыруға жол ашады.
Fufeng Group директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчунь алдағы өндірісті іске қосу үшін «жылдам дәліз» тетігі аясында жасалған қолайлы бизнес-орта мен жағдайларды жоғары бағалады.
Жоба аясында Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдейтін зауыттардың бірі салынбақ. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы бастапқы кезеңде 500 мыңнан 1 млн тоннаға дейін, кейін 3 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Инвестиция көлемі шамамен 1,5 млрд АҚШ доллары.
Пайдалануға беру кезеңінде 1 500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Өндіріс отандық шикізатты пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Айта кетейік, KGIR-2025 алаңында Fufeng Group компаниясының негізін қалаушы Ли Сюэчунь үздік инвестор-компания өкілдерінің бірі ретінде танылып, Үкімет басшысы табыс еткен марапатқа ие болды.
Бұдан бөлек, KGIR-2025 барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің қатысуымен бірқатар меморандум мен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Құжаттар өңірдің өнеркәсіп, энергетика және агроөнеркәсіп салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Атап айтқанда, Жамбыл облысы әкімдігі, «Алель Агро» АҚ және Shandong Guangming Biotechnology Co., Ltd. арасында бройлер құс фабрикасын салу жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Инвестиция көлемі – 15 млн АҚШ доллары. Кәсіпорын жыл сайын шамамен 45 млн инкубациялық жұмыртқа өндіруге арналған, бұл 75 мың тоннаға дейін дайын ет шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігі отандық және шетелдік инвесторлармен бірқатар ірі жобаны іске асыру туралы келісімдерге қол қойды.
Олардың қатарында:
қуаты 150 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу (инвестиция көлемі – 140 млн доллар);
электр жабдықтарын өндіретін зауыттың құрылысы (33,5 млн доллар);
қуаты 50 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу (60 млн доллар);
ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салу (5,2 млн доллар);
ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жобасы (18,5 млн доллар).
Қол қойылған келісімдер бойынша жалпы инвестиция көлемі 272,2 млн АҚШ долларын құрайды.
KGIR-2025 аясында Жамбыл облысының делегациясы инвестиция тарту, экономиканың негізгі салаларын дамыту және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған панельдік сессиялар мен тақырыптық кездесулерге де қатысты.
Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?