Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың жаңа кезеңіне көшті. Тараптар 2026 жылға арналған бірлескен жоспарларды, Қазақстан–Түркия сауда-экономикалық форумын өткізу мәселесін талқылады – деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы.

 

Түркияның Тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының (MUSIAD) Бас төрағасы Бурхан Оздемирмен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында тараптар 2026 жылға арналған бірлескен жоспарларды, соның ішінде екі елдің іскер топтарының ынтымақтастығын дамытуға жаңа алаң болатын Қазақстан–Түркия сауда-экономикалық форумын өткізу мәселесін талқылады. Әсіресе өзара инвестицияларды ұлғайту және тауар айналымын арттыру мәселелеріне баса назар аударылды.

Ыстанбұлдағы Бас консул Нұриддин Аманқұл Түркияның Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастық әлеуетін одан әрі арттырудың маңыздылығын жеткізді. Оның айтуынша, алдағы форум екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға серпін бермек.

Өз кезегінде Б. Оздемир бұл бастаманы қолдап, Қазақстанмен әріптестікті дамыту әлеуеті жоғары екенін атап өтті және MUSIAD тарапынан өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ ол 2026 жылы Қауымдастық қызметі түркі дүниесі елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталатынын мәлімдеді.

MUSIAD қауымдастығы 14 000-нан астам мүшені және шамамен 60 000 компанияны біріктіреді. Қауымдастық Түркия экономикасының шамамен 30%-ын қамтамасыз етіп, 2 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтиды. Ұйым Түркияның 83 провинциясында және әлемнің 80 еліндегі 200-ден астам шетелдік өкілдіктерде қызмет атқарады.

 

Түрік бизнес өкілдері Қазақстандағы инвестицияларын ұлғайтуға ниетті екендерін растады

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев және Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Қазақстанда қызмет атқаратын бірқатар түрік инвесторларымен кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында кен өндіру саласында барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Eczacıbaşı Holding, Алматы облысында заманауи логистикалық орталықтың бірінші кезеңін жүзеге асырған LC Waikiki және осы өңірде кондитерлік өнімдердің өндірісі жобасын іске асырған Yıldız Holding, Шымкент қаласында 500 гектарлық өндірістік жылыжайдың бірінші кезеңін іске асырған Alarko Holding және Түркістан облысында белсенді биологиялық қоспаларды өндіру жобасын іске асырып жатқан Orzax İlaç компанияларының басшыларымен нәтижелі келлісөздер өткізілді.

Кездесу барысында аталған компаниялар Қазақстандағы жобалары жайында баяндап, инвесторлар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалғанын жеткізді. Сонымен қатар, компания басшыларына Қазақстандағы инвестицияларын әртараптандыру бойынша нақты ұсыныстар жасалды.

Аталған компаниялармен жаңа жобалар пысықталуда. Атап айтқанда Қазақстанда тыңайтқыштар өндірісі, орта сегмент үшін санитарлық-техникалық бұйымдар өндірісі және кіші маркет желісін ашу жобалары қарастырылуда. Сонымен бірге Түркияның ең ірі мемлекеттік банкі Ziraat Bank Бақарма Төрағасы Бурханеддин Танйери мырзамен кездесу барысында банктің Қазақстандағы бөлімшесі 1993 жылдан бері жұмыс атқаруда екенін айтып, бұдан әрі Қазақстандағы бөлімшелерінің қызмет сапасын арттыратындығын жеткізді.

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow