Биыл Жамбылға 553 млрд теңге инвестиция тартылды

Жамбыл облысында 10 айда өндірістік кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін шығарған. Бұл аймақта бұған дейін болмаған рекордтық көрсеткіш. «Мұндай нәтижеге облыста ашылған инвестициялық жобалардың арқасында жетіп отырмыз», - дейді жауаптылар.

Биыл Жамбылға 553 млрд теңге инвестиция тартылды

Мәселен 10 ай өңірге 553 миллиард теңгенің инвестициясы тартылған. Алдағы жылдары оның көлемі еселеп артпақ. Сол жобалардың бірнешеуі Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен салтанатты мәзірде ашылды.

Жамбыл ауданында елімізде алғашқы бу мен газдан электр энергиясын өндіретін станция құрылысы басталды. Қуаты 50 МВт болатын инвестициялық жобаның құны - 60 млн доллар. Мұнда 80 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 1,5 млрд КВт/сағат электр энергиясын өндіреді.

 

«Жаңа әрі тың технология. Тіпті Қытайдың өзінде де мұндай технология енді шығып жатыр. Алғашқы кезеңде 50 мегаватт қосамыз. Бірінші қадамға 30 миллиард теңге, екінші қадамға 100 миллиард теңге болады», – дейді  «Gasenergy QZ» ЖШС директоры Сержан Әлімов.

 

Ал Таразда жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды. Жобаға «Алель Агро» акционерлік қоғамы 19,8 млрд теңге инвестиция салған. Өнімін елімізбен қатар әлемнің 8 мемлекетіне экспорттайды. Жалпы облыста құс шаруашылығы бағытында 3 ірі өндірістік кәсіпорын бар. Өңір билігі алдағы уақытта олардың санын еселеп арттыруды жоспарлап отыр

 

«Алдағы 3 жылға біз шамамен 37 осындай ауыл шаруашылыққа қатысты инвестициялық жобалар іске асыруға жұмыс жасап жатырмыз. Скл Басымдылықты осы қайта өңдеу саласына жасап жатырмыз. Себебі қайта өңдеу саласын бізге дамыту керек», – дейді  Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов. 

 

Биыл 10 айда облыстқа 553 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 38 процентке көп. Соның есебінен аймақтың экономикалық ахуалы 10,3 процентке өскен. Жалпы Жамбылда алдағы 2 жылда 3,5 трлн. теңгенің 62 ірі инвенстициялық жобасы жүзеге аспақ.

 

« – Электр энергиясы – экономиканың да, қоғамның да тұрақты дамуының негізгі тірегі. Өндірістің артуы, инфрақұрылымның кеңеюі, жаңа кәсіпорындардың ашылуы – мұның барлығы сапалы әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Бүгін іске асырылғалы отырған қуаты 50 МВт бу-газ электр станциясы – жай ғана жаңа өндіріс емес. Бұл – тиімділігі жоғары, экологиялық тұрғыдан таза технологияларды енгізу арқылы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтетін маңызды жоба. Жобаны жүзеге асырып отырған инвесторларға алғысымды білдіремін. Жалпы біз 62 инвестициялық жобаның 26-сы бойынша іске асыру қадамын бастап кеттік. Ірі-ірі зауыттарды соғып жатырмыз. Яғни осы жылдың аяғына дейін алдымыздағы 2-3 жылдың ішінде тағы да 36 ірі индустриялды-инновациялы үлкен жобаларды іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, өзінің құттықтау сөзінде.

 

Аймақта іске асып жатқан инвестициялық жобалардың қатарында, 3 млн тонна жүгері өңдейтін зауыт, кальциленген сода мен тыңайтқыш және күкірт қышқылын шығаратын кәсіпорындар бар. Жалпы алдағы бірнеше жылда облыста 6 мың жұмыс орны ашылмақ.

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow