5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
Бүгін елімізде және бүкіл әлемде қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылатын маңызды күн – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтілуде. Бұл күн табиғатты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және келешек ұрпақ үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы жауапкершілікті тағы бір мәрте еске салады.
Осы кәсіби мерекеге орай Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің бірқатар қызметкерлері табиғатты қорғау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсіби біліктілігі және көп жылғы жемісті еңбегі үшін марапатталды.
Салтанатты шара барысында марапаттарды Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Сәбитұлы табыстап, эколог мамандардың өңірдің экологиялық жағдайын жақсартудағы маңызды еңбегін атап өтті. Ол қоршаған ортаны қорғау бағытында аянбай еңбек етіп жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына толағай табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тіледі.
Эколог мамандарының күнделікті еңбегі табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ерекше маңызға ие. Табиғатты қорғау – тек бір саланың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті әрі болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі.
Осы мерекелі күні қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қосып жүрген барлық экологтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және еліміздің экологиялық әл-ауқатын арттыру жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!
Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы! Таза қоршаған орта – жарқын болашақтың кепілі!
Сіздің реакцияңыз қандай?